Есімдерден сын тудыратын өнімсіз жұрнақтар 1. -ыл, -іл, -л, -ал, -ел қосымшалары тек бірен-сарандаған ғана түбірлерге қосылып, сол формалармен тұтасып, сындық ұғымды білдіретін негіздер ретінде көнеленіп қалған. Мысалы: батыл, жеңіл, қызыл, жасыл, қатал т. б.
2. -дар, -дер, -тар, -терзат есімдерден, нақтылы лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетіне душар болғандықты білдіретін сындық ұғымның атауларын жасайды. Мысалы: қарыздар, хабардар, борыштар т. б.
3. -ижұрнағы -- төмендегі -паз, -қой, -қор жұрнақтары сияқты, иран тілдерінен (парсы, тәжік, ауған)
ауысқан кірме қосымша. Мынадай бірлі-жарым сөздерде ғана кездеседі. Мысалы: әскери, мәдени, тарихи, саяси, әдеби т. б.
4. -паз өзі жалғанған сөзден оның нақтылы лексикалық мағынасына тікелей қатысты белгілі бір іс-әрекетті істеуге мамандығы я қабілеті барлықты білдіретін жаңа сөз тудырады, ондай сөздер зат есімнен гөрі сын есімге бейім болады. Мысалы: өнерпаз, аспаз, ойынпаз, әсемпаз, білімпаз, келісімпаз, сезімпаз т. б.
5. -мпаз, -ымпаз, -імпаз жұрнағы -ым, және -паз (-м+ паз)компоненттерінен құралған. Бұл форма сезімпаз, алымпаз, білімпаз, жағымпаз сияқтанған сөздерде бөлшектеуге көнгенімен, жасампаз, кеңесімпаз, сұрампаз тәрізді сөздерде жеке-жеке бөлшектерге ажыратуға келмейді.
Бұл жұрнақ та өзі жалғанатын етістіктерден сол аталған іс-әрекетке икемі барлықты, бейім екендікті, оңтайлылықты білдіретін туынды сын есімдер жасайды.
Мысалы: жағымпаз, жасампаз, жанасымпаз, кеңесімпаз, жүзімпаз, малтымпаз т. б.
6. -қой, (-ғой)жұрнағы кейбір зат есімдерге жалғанады да, олардың нақтылы лексикалық ұғымдарына ті-
келей қатысы бар амал-әрекет пен мінез-құлықтардың сындық атаулары болатын жаңа сөздер тудырады. Мысалы: кәсіпқой, жәдігөй, әзілқой, сәнқой, жанжалқой т. б.
7. -қор жұрнағы өзі жалғанатын зат есімдерден белгілі бір амал-әрекетке бүтіндей беріліп, оған машықтанғандықты білдіреді. Мысалы: жемқор, жалақор, айлақор, бейнетқор, қамқор, мансапқор, ызақор, намысқор, шаруақор, парақор, есепқор т. б.
Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар