Лекция тақырыбы: «Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты»


Есімдерін сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар



бет5/11
Дата04.05.2024
өлшемі2.58 Mb.
#500507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1301-63 оқу тобы

Есімдерін сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар
1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы арқылы кейбір зат есімдерден, есімдіктерден, үстеулерден, сондай-ақ, жатыс
септік формасындағы сөздер мен әредік шығыс септіктегі сөздерден туынды сын есімдер жасалады. Ондай туынды сын есімдер және олардың мағыналары мынадай:
1) Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ, жатыс және шығыс (сирек) септік формаларындағы есімдерге қосылып, мағыналары солардың лексикалық мазмұндарына қатысты туынды қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, төменгі, жоғарғы, соңғы, артқы, баладағы, кітаптағы, сөйлегендегі, орталықтағы, заводтағы, цехтағы, үюлі, түрулі, санаулы, бүктеулі т. б.
2) Мезгілдік ұғым білдіретін кейбір зат есімдер мен есімдіктерге, мезгілдік үстеулерге жалғанып, мазмұндары солардың нақтылы лексикалық мағыналарына қатысты туынды сын есімдер жасалады. Мысалы: кешкі, түскі, күзгі, жазғы, көктемгі, түнгі, күндізгі.
2. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшасы арқылы мынадай туынды сөздер жасалады:
1) Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың нақтылы лексикалық мағынасына қарай (соған байланысты), белгілі бір заттың я басқа бір құбылыстың бар екенін (барлығын) я мол екенін (молдығын) білдіретін туынды сын есімдер жасалды. Мысалы: арлы, атақты, әдепті, әсерлі, байыпты, икемді, инабатты, пайдалы, шөпті, ағашты, сулы гүлді, сиырлы, балалы т. б.
2) Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден де мағына жағынан әрі қосарланған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей байланысты, әрі екеуінің де мазмұндарын қоса қамтитын күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ағалы-інілі, ойлықырлы, таулы-тасты, өзенді-сулы, үлкенді-кішілі, бұрынды-соңды, жоғарылы-төменді т. б.
3) Екі-үш сөзден құралып, суреттеме атаулар есебінде қызмет ететін әр алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ақ басты, қаз мойынды, ай қабақты, теке сақалды т. б.
3. -сыз (-сіз)- есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұр-
нақтың бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы (-лы, -ты, -ті, -ды, -ді) формасы тіркесіп жасалатын сын есімнің мазмұнына қарама-қарсы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім (таусыз, сусыз, баласыз, ақылсыз, білімсіз т. б.) жасайды. Сонымен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, есімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана береді. Мысалы: баласыз, кітапсыз, көліксіз, білімсіз, мұңсыз, түйсіксіз, ашусыз, ақылсыз, даусыз, сенсіз бізсіз т. б.
4. -шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарапты сөздерге жалғанып, олардың лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: ұйқышыл, сауықшыл, күлкішіл, шайшыл, зорлықшыл, ұйымшыл, өзімшіл, турашыл, ойшыл т. б.
5. -дай (-дей, -тай, -тей) негізінде өзі жалғанған сөзден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жасайтын қосымша бола тұрса да, бұл форма бір алуан сөздерге жалғанып туынды үстеулер де жасайды.
1) Зат есімдерге жалғанады. Мысалы: аттай, әкедей, таудай, үйдей, судай, кісідей, самолёттей т. б.
2) Есімдіктерге жалғанады. Мысалы: мендей, сендей, ондай, біздей, өздеріндей, анадай, мынадай т. б.
3) Сан есімдерге жалғанады. Мысалы: жүздей, мыңдай, елудей, қырықтай, отыздай т. б.
4) Есімше формаларына жалғанады: жабысқандай, болжағандай, жылардай, өлердей, баратындай, оқитындай т. б.
6. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.
1) Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақтылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: орталық, қоғамдық, қалалық, азаматтық, жолдастық т. б.
2) Мезгіл атаулары мен әр қилы бұйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: айлық, жылдық, апталық, тәуліктік, көйлектік, пальтолық, бірер қайнатымдық, екі-үш асымдық т. б.
3) Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жаққа қатыстықты білдіретін туынды есімдер жасайды. Мысалы: өздік, сендік, мендік, қандайлық, қаншалық т. б.
7. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес екі морфемадан (-да - с) құралған осы құранды қосымшалар бірде құрамындағы компоненттері (бөлшектері) жеке-жеке бөлшектенетін жұрнақтардың тіркесі есебінде жұмсалса, бірде ондай компоненттерге бөлшектенбейтін бір тұтас күрделі жұрнақ ретінде қолданылады. Мысалы: аралас, ыңғайлас, қадірлес, сыйлас сияқты сөздердегі -лас (-лес) қосымшасын іштей жеке-жеке бөлуге болады: ал, құрбылас, дәмдес, пікірлес, көмектес, елдес, мұңдас дегендердегі -лас (-лес) формасын олай етіп ажыратуға болмайды. Бұл омоним жұрнақтың я есімге тән, я етістікке тән екендігі сөйлем ішінде (коптексте) қолданылу орнына, атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай ажыратылады. Мысалы, Құнанбайдың көп уақыттан бергі сыйласы да, құдасы да, досы да осы кісі еді (М. Әуезов);
8. -шаң, -шең. Қиім-кешек атауларына бұл жұрнақ талғаусыз жалғана бергенімен, өзге зат есімдерге талғап жалғанады. Бұл жұрнақ арқылы жасалатын туынды сын есімдер мазмұн жағынан біркелкі емес. Бұған карағанда, осы жұрнақтың қазіргі формасы тек бірыңғай -шаң (-шең) болғанымен, тарихи шығу төркіні жағынан басқа-басқа (екі я үш түрлі) формалар болған сияқты. Ал -шаң (-шең) жұрнағының сөз тудыру қабілеті мынадай:
1) Қиім-кешек атауларына жалғанып, адамның бойындағы киімімен байланысты сыртқы бейне-көрінісін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: көйлекшең, етікшең, пальтошаң т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет