Бақылау сұрақтары:
1. Оқу шеберханасын жоспарлау қалай жүзеге асады?
2. Оқу шеберханасына қойылатын талаптарды түсіндіріңіздер.
3. Оқу жабдықтарына қойылатын талаптарды атаңыздар.
13-лекция. Тақырыбы: Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Жоспары:
1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың міндеттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
3. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері бойынша үйірмелердің сипаты.
Лекция мақсаты: Пән сабағындағы білім мен іскерлікті оқушыларда сабақтастықта қалыптастыруға бағытталғана сыныптан тыс жұмыстар жөнінде түсінік беру
Лекция мәтіні:
Сыныптан тыс уақытта техника саласы бойынша мектеп оқу-шыларының техникалық қызығушылығын және техникалық шығар-машылығын ұйымдастырудың негізгі формасы техникалық үйірме болып табылады. Ол техниканың нақты саласына жалпы қызығушылықты тудыратын және осы салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді. Бұндай жұмыстың негізін техника, техникалық объектілер және технология, моделдерді, құралдарды және басқа да құрылғыларды конструкциялау мен тұрғызу, ұтымды іс-әрекеттер, эксперимент жасау, ғылыми және техникалық ізденіс мәселелерін бірге зерделеу құрады.
Техникалық үйірме – бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндіріс жаңашылдарын, ұсынысшылары мен өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда ұтымды тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.
Мектеп және мектептен тыс балалар мекемелерінде іс-әрекетінің практикасында қазіргі уақытқа дейін оқушылардың төмендегідей техникалық шығармашылығы үйірмелерінің түрлері қалыптасқан:
1. Дайындық техникалық үйірмесі (бұл бастауыш мектептің оқушылары үшін).
2. Заттық (ғылыми-техникалық) үйірме.
3. Спорттық-техникалық үйірмелер.
4. Өндірістік-техникалық үйірмелер қажетті материалдық құралдары бар кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда және мәдени-ағарту мекемелерінде, мектептің оқу шеберханаларында құрылады, әрі нәтижелі жұмыс жасайды.
5. Көркем-қолданбалы шығармашылық үйірмесі.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
Сыныптан тыс сабақтардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты.
Ең алдымен олардың қазіргі заман нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру үдерісінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.
Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ең маңыз-дыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамның жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс сабақтардың мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материалдар іріктеудің маңызы үлкен.
Сыныптан тыс сабақтардың тиімділігі, егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді. Мектептерде оқылатын ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың кестесі де болуы пайдалы. Онда үйірмелік және басқа сабақтан тыс жұмыстың кұндері және сағаттары көрсетіледі.
Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын маңызды талап - олардың қолдан келерліктей, шама жетерліктей болуы. Шама жетпейтін сабақтар қажетті нәтиже бере алмайды. Олар оқушылар ұшін қызықты емес, оларды еліктірмейді. Олардың жоғары сыныптарда қолдан келерліктей болуын қамтамасыз ету ерекше қажет. Бұл сыныптардағы үйірмелік және бұқаралық жұмыстарда әр түрлі ойындар мен ермектер, романтика элементтері үлкен орын алады. Мұнда қарапайым қол жұмысымен айналысу, сыныппен немесе оқушылардың топтарымен жүргізілетін жалпылама жұмыс формалары басым болады. Сыныптан тыс жұмыс мазмұнының, формалары мен әдістерінің оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуі - педагогикалық талаптардың бірі.
Ақырында, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі - олардың алуан түрлі және жаңа болуы. Оқушылардың бір сарынды, біркелкілік пен іш пыстыратын іске төзбейтіні белгілі. Олар бірсарынды сабақтарға ынта көрсетпейді, оларға қатыспайды, оларды өткізген кезде тәртіп бұзады. Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар конференциясына ықыласпен барулары үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңалық маңызы зор.
Үйірме жұмыстары педагогикалық жүйеде ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Педагогикалық жүйе құрылымы келесі өзара байланысты элементтер жиынтығынан тұрады ұсынылады: оқушы, тәрбие мақсаттары (жалпы және жеке), тәрбиенің мазмұны; тәрбие үдерістері (жеке тәрбие мен оқытудың), мұғалім (немесе ТОҚ – техникалық оқыту құралдары), тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары, нәтижелері, оқу-тәрбие үдерістерін басқаруды, педагогикалық технология.
Техникалық үйiрме сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк дидактикалық ерекшелiктерi болады. Олар:
1) үйiрме жұмыстарының түрiне сәйкес оқыту, дамыту мiндеттерiмен ерекшелiнуi;
2) үйiрме сабақтарының үйiрменiң түрiне байланысты оқу материалдарының жиынтығының, оқыту мазмұнының болуы және оларды таңдауда педагогика ғылымының дидактика әдiстерiн басшылыққа алу;
3) үйiрменiң түрiне сәйкес техникалық еңбекке, iс-әрекетке оқушыларды қатыстыруда оқытудың принциптерiн олардың (оқушылар-дың) жас ерекшелiктерiне сәйкестiгiн ұмытпау;
4) тиiмдi оқытудың әдiстерiн үйiрме жұмыстарында пайдалану;
5) әрбiр оқушының таңдаған моделiне, техникалық объектiсiне және олардың күрделiлiгiне, көлемдiлiгiне байланысты оқытуды ұйымдастырудың формаларын қолдану;
6) үйiрменiң түрiне байланысты әрбір сабақта оқушының жеткен нәтижелерiн мұғалiмнiң есепке тiркеуi;
7) үйiрменiң өзi ерiктi оқушыларды жинағандықтан, сабақта мұғалiм мен оқушылардың арасындағы өзара қатынасты эмоциональды сәттi ету, оқыту үдерісiне қатысушылардың эмоциональды жабдықталғандығын қамтамасыз ету;
8) үйiрменiң түрiне байланысты оқытудың құралдарының, оның iшiнде оқулықтардың, таңдаған еңбек объектiлерiнiң қазiргi заманғы болуын қамтамасы ету.
Үйiрме сабақтарының өзi оқушылардың жас ерекшелiктерiне сәйкес ұйымдастырылатыны белгiлi. Сондықтан да сабақта тек жоғарыда қарастырылған ерекшелiктердi теориялық тұрғыда бiлiп қана қоймай, нақты iс-әрекеттердi сабақтың барысында орындау қажет. Олар әрбiр жас техникке жұмыстың түрiн таңдауда көмектесi. Әрбiр сабақтың нәтижелi болуы үшiн өткен жылы, өткен сабақтағы жеткен жетiстiктер мен кемшiлiктердi атап өту, талдау қажет. Сондай-ақ төмендегiлердi басшылыққа алу керек:
1. Әрбiр болашақ техниканың немесе бар техниканың кiшiрейтiлген үлгiсiн моделдеуде оқушыларға сол жұмыс объектiсiнiң үлгiсiн көрсету керек.
2. Әрбiр сабақтың мақсаты оқушының өзiнiң ойына сәйкес таңдалуы мен негiзделуi тиiс.
3. Таңдаған дайындайтын еңбек объектiсiне сәйкес оқушы материалдармен таныс болуы тиiс. Кiтаптардан, диафильмдерден т.б. ақпарат алуы қажет.
Педагогика ғылымы озат мектептердің тәжірибесі ұжымдық еңбекті ұйымдастыру әдістемесінде мыналардың аса маңызды екенін көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |