Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Лекнорм

 
 
8 Лекция. Тақырыбы: Ұйым стандарттарын дайындау технологиясы. Ұйым 
стандарттарын əзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, жаңарту (өзгерту, қайта қарау) қолдану 
жəне жою тəртібі. 
Ұйым стандарттары  деңгейінде келесі стандарттар əзірленуі мүмкін: 
- ұйымдастыру-əдістемелік жəне жалпы техникалық; 
- өнім, процесс жəне қызмет стандарттары; 
- қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеу, бақылау (сынау, өлшеу) əдістері, 
буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау. 
 
Стандарттарды əзірлеудің негізгі мақсаттары: 
- азаматтардың өмірі жəне денсаулығы, заңды жəне жеке тұлғалардың мүліктері, 
жан-жануарлар мен өсімдіктердің өмірі, қоршаған орта, өнім, процесс, қызмет(ары қарай- 
өнім) қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату; 
- техникалық реттемелер талаптарын сақтауға көмектесу; 
- табиғи жəне техногендік сипатты төтенше жағдайлар пайда болу мүмкіндігін 
есепке алып объектілер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату; 
- ғылыми-техникалық прогресті дамытуға көмектесу; 
- өнім, процесс жəне қызметтің бəсекеге жарамдылығын көтеру; 
- ресурстарды үнемді пайдалану; 
- техникалық жəне ақпараттық үйлесімдік; 
- зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер, техникалық-статистикалық деректер 
нəтижелерін салыстыру; 
- өнімнің өзараалмасуы. 
Стандарттарды əзірлеудің негізгі принциптері: 
- келісу; 
- еркіндік; 
- қол жететіндік; 
- экономикалық мақсатқа сайлық. 
Стандарттау нысандары: 
Ұйымдар деңгейінде стандарттау нысандарына ұйымдар ішіндегі нысандар жəне 
жеткізілетін өнімді қоса, соның ішінде іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жəне 
əзірлемелер болып табылатын өнім, процесс жəне қызметтер жатады: 
- жаңа жəне жаңғыртылған өнім, технология жəне қызмет түрлері; 
- ұйымдастыру-əдістемелік жəне жалпы техникалық нормалар; 
- өнімнің құрамдық бөлігі, технологиялық жабдықтау жəне құрал; технологиялық 
процестер, сонымен қатар жалпы технологиялық нормалар мен оларға қойылатын 
талаптар; 
- ұйымдастыру процестері жəне өндірісті басқару, сапа менеджменті жүйесін, 
экологиялық менеджмент, еңбек қауіпсіздігі менеджментін қоса; 
- терминология, сыныптау жəне кодтау нысандары; 


- технологиялық процестер (тəртіптер, реттемелер); 
- бақылау (сынау) əдістері, өлшеу, орындау əдістемелері. 
Стандарттар ұйымдарды жəне өндірісті басқаруды жетілдіру, шығарылатын 
өнімнің, процестердің жəне қызметтердің бəсекеге жарамдылығын, сонымен қатар 
ұйымдарда халықаралық, аймақтық жəне шетелдік мемлекеттердің ұлттық стандарттарын 
енгізуді қамтамасыз ету мақсатымен оларды қолдану қажеттілігіне сүйеніп əзірленеді. 
Стандарттар авторлық құқық нысаны болып табылады жəне тек олардың түп 
нұсқаларын ұстаушы-ұйым рұқсатымен таралуы мүмкін. Стандарттардың түпнұсқа 
ұстаушылары оларды бекіткен ұйымдар немесе олармен келісім бойынша басқа ұйымдар 
болып табылады. 
Стандарттарды əзірлеуді мүдделі жеке жəне заңды тұлғалар жүзеге асырады: соның 
ішінде: мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өнімді дайындаушылар мен тұтынушылар 
(тапсырушылар), стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сертификаттау 
органдары, ғылыми-зерттеу жəне жобалық ұйымдар мен институттар, қоғамдық 
бірлестіктер (одақтар, қоғамдастықтар), оқу орындары. 
Стандарттар жоспарлық немесе ынтагерлік тəртіпте əзірленеді. Стандарттар 
конкурс негізінде əзірленеді. Ондайда конкурс шарттары əзірлеуші тапсырушысы 
белгілеген ережелерге сəйкес анықталады, ал əзірлеушілер мен олардың əзірлемесіне 
шарт жасалады. 
Стандарттарды əзірлеу кезінде төмендегілерді пайдалану ұсынылады: 
- осы ұйым стандартын пайдаланылатын осы жəне басқа ұйымдардың құрылымдық 
бөлімшелерінің ұсыныстарын; 
- ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық, тəжірибелік-технологиялық жəне 
жобалық жұмыстар нəтижелері; 
- патенттік зерттеулер нəтижелері; 
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, сонымен қатар халықаралық 
жəне мемлекеттік стандарттар ретінде Қазақстан Республикасында қолданылатын шетел 
мемлекеттерінің аймақтық стандарттары; 
- халықаралық жəне аймақтық стандарттар немесе аяқтау сатысында олардың 
жобалары; 
- шетел мемлекеттерінің салалық жəне ұлттық стандарттары; 
- отандық кəсіпорындар мен ұйымдардың техникалық шарттары жəне өндірістік 
тəжірибесі; 
- белгілі шет ел компанияларының фирмалық (корпоративтік) стандарттары; 
- қоғамдық бірлестіктер стандарттары, соның ішінде шетелдік
- отандық жəне шетелдік ғылым, техника жəне ақпараттың қазіргі заманғы жетістіктері 
туралы басқа ақпарат; 
-ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар мен мемлекеттік басқару органдарының 
ұсыныстары. 
Республикада міндетті түрде сəйкестікті растауға жататын қажетті өнім 
стандарттары техникалық реттемелер жоқ болса, осы талаптарға сəйкестігін растау, 
бақылау (сынау) əдістері жүзеге асырылатын талаптар, өнімді таңбалау жəне буып-түю 
ережелері болуы тиіс. 
Əзірленетін стандарттардың нормалары мен талаптары адамдардың, малдардың, 
өсімдіктердің өмірі, денсаулығы, жеке жəне заңды тұлғалардың мүлігі мен қоршаған орта 
үшін өнім қауіпсіздігі бойынша міндетті талаптар республика аумағында қолданыстағы 
техникалық реттеу жəне стандарттар саласында өзара байланысты заңды, нормативтік 
құқықтық актілер ережелеріне қайшы болмау керек жəне өнім, процесс, қызмет 
қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастырмау керек. 
Стандарттарды əзірлеу жұмыстарын жүргізудің келесі кезеңдері ұсынылады: 
- əзірлемені ұйымдастыру; 


- стандарт жобасын алғашқы редакциясын əзірлеу жəне мүдделі тұлғалардың 
келісімі; 
- стандарт жобасын соңғы редакциясын əзірлеу, келісу жəне сараптау; 
- стандартты бекіту, тіркеу, тарату жəне іске қосу. 
Стандарттарды əзірлеу, келісу, бекіту, жаңарту (өзгертулерді енгізу, қайта қарау), 
құрастыру, баяндау, ресімдеу, мазмұны, күшіне енгізу, қолдану, жою, басып шығару жəне 
тарату ерекшелігі бекітетін мекемемен анықталады. 
Стандарттарды əзірлеу кезінде өзара түсінушілікті жəне бір қамтамасыз ету 
мақсатымен, соның ішінде халықаралық, аймақтық жəне шетелдік мемлекеттердің ұлттық 
стандарттары негізінде əзірленген стандарттарды ресімдеу кезінде ҚР СТ 1.5 ережелерін 
қолдану керек. 
Стандарттарды бекіту алдында сараптау жүргізу қажеттілігі, сонымен қатар оны 
жүргізу тəртібі, бөтен ұйымдардағы сараптауды қоса бекітетін ұйыммен анықталады. 
Сараптау жүргізу кезінде ҚР СТ 1.33 ержелерін пайдалану ұсынылады. 
Əзірленетін стандарттар туралы əлуетті серіктестер мен мүдделі тұлғаларды 
хабарлау мақсатымен олар туралы ақпарат бекітетін ұйым басылымдарында жəне 
құралдарында немесе ИНТЕРНЕТ-ті жалпы пайдалану желісінде электрондық-цифрлық 
пішінде орналасуы керек. 
Келісілген жағдайларда əзірленетін стандарттар туралы ақпарат оларды əзірлеуге 
тартылған немесе мүдделі тұлғалардың кең тобы қолдануға тартылған стандарттау, 
метрология жəне сертификаттау жөніндегі уəкілетті органның баспа немесе электрондық 
құралдарында орналасады. 
Стандарт жобасын əзірлеуді ұйымдастыру: 
- қажет болса, мүдделі (осы ұйым, бөтен) тұлғалар санынан стандарт жобасын əзірлеу 
үшін жұмыс тобы құрамын анықтайды (ЖТ); 
- бекітілген бағдарламалар, жоспарлар жəне шарттарға сəйкес стандартты əзірлеу 
сатысы бойынша жұмыстарды орындау мерзімін белгілейді. 
 
Стандарт жобасын бірінші редакциясын əзірлеу үшін жұмыс тобы стандарт 
жобасын жəне оларға түсіндірме жазбасын дайындайды. 
Əзірлеуші-мекеме стандарт жобасын заңды жəне басқа нормативтік құқықтық 
актілер, техникалық реттемелер, келісім-шарттар жəне (немесе) стандартты əзірлеуге 
техникалық тапсырмалар(бар болса) талаптарына сəйкестігіне тексереді жəне оны 
түсіндірме жазбалықпен мүдделі ұйымдарға жібереді. 
Əзірлеуші-ұйым алынған ұсыныстар мен ескертулерді есепке алып стандарт 
жобасының соңғы редакциясын дайындайды. 
Есепке алынған жəне есепке алынбаған ескертулер мен ұсыныстарды ресімдеу 
тəртібін(хаттама, сын-пікір жиынтығы), стандарт жобасын қайта келісу жəне қарау 
қажеттілігін, оны бекіту шарттарын(дауыстар консенсусы,т.б) бекітетін ұйым анықтайды. 
Стандартты стандарт түпнұсқасын ұстаушы – ұйымның бірінші басшысы (басшы 
орынбасары) бекітеді. Стандарт түпнұсқасы иесі ретінде əзірлеуші-ұйымнемесе олармен 
келісілген шарттарда басқа ұйымдар болуы мүмкін. 
Стандарттарды оларды ұсынған сəттен 15 күннен аспайтын мерзімде бекіту 
ұсынылады. 
Стандарттарды жаңарту мүдделі жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардан алынған 
ұсыныстарға немесе стандартқа тексеру жүргізу негізінде қайта қарау немесе өзгертулер 
мен толықтыруларды енгізу жолымен жүзеге асырылады 
 
Бекітілген стандарттар Қазақстан Республикасы аумағында қолдану туралы шешім 
қабылдау кезінде əзірленген стандарт бойынша дайындаушы өнімнің каталогтық 
парақтарын толтырады жəне ҚР СТ 1.1 сəйкес уəкілетті органға ұсынады. 
Стандартты 
жоюды техникалық реттеу (техникалық реттеме) немесе осы объектіге 
халықаралық стандарттар саласында нормативтік құқықтық актілерді енгізген жəне 
өзгерткен кезде осы стандарт бойынша жасалатын өнімді (жұмыстарды орындау, қызмет 


көрсету) шығаруды тоқтатқан кезде жүзеге асырылады. Қолданыстағы стандартты жою 
жөніндегі ұсыныстарды оларды бекіткен ұйымға жібереді. 
Нег. : 1[47 – 47], 8 
Бақылау сұрақтары :
1. Ұйым стандарттарының түрлері жəне мақсаты. 
2. Ұйым стандарттарының принциптері мен нысандары.
3. Ұйым стандарттарын əзірлеу кезеңдері. 
4. Ұйым стандарттарын алғашқы жəне соңғы редакциялары. 
5. Ұйым стандарттарын жаңарту ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет