Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Лекнорм

 
б) өнімге(қызметке) арналған мемлекетаралық стандарт біртекті топтағы 
өнімдерге, қажет болғанда нақты бір өнімге талаптарды бекітеді; 
в) процеске(жұмысқа) арналған мемлекетаралық стандарт технологиялық 
процесстің əртүрлі жұмыс түрін орындау əдістеріне(тəртіптеріне, нормаларына), мысалы, 
өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, жөндеу жəне жою жұмыстары 
талаптарын бекітеді; 
г) бақылау əдістеріне(сынау,өлшеу,талдау) арналған мемлекетаралық стандарт 
өнімді жасау, сертификациялау жəне қолдану кезінде сынау əдістерін бекіту. 
Мемлекетаралық стандарттарды дайындауды, құрлыс аймағындағы стандарттардан 
басқасын стандарттау бойынша мемлекетаралық техникалық комитеттер(МТК) іске 
асырады, олар ұлттық стандарттау органдарында ұсынылады жəне стандарттар 
Бюросында тіркеледі.
Мемлекетаралық стандарттау бойынша нормативті құжаттарын стандарттау, 
метрология жəне сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңесі(МАК) қарастырады, 
келіседі жəне қабылдайды. 
2003 ж 1 шілдесінен бері стандарттар Бюросында 237 МТК тіркелген, олардың көп 
бөлігі Ресей Федерациясына жатады, ал ҚР стандарттау бойынша мемлекетаралық 
техникалық 
комитет 
саны 
екеу: бірі-түсті 
металл 
бойынша(Өскемен 
қаласында,НИИцветмет) жəне 
металлургия өндірісіндегі 
ылғал өлшеу 
бойынша(Қарағанды қ., Казчерметавтоматика). 
Мемлекетаралық стандарттар мемлекетаралық стандарттаудың тапсыруына сəйкес 
жоспармен жасалады, стандарттау Бюросында ұлттық стандарттау органында көрсетіледі 
жəне мемлекетаралық кеңесте(МАК) қабылданады. 
Мемлекетаралық стандарт жобасын дайындау жəне қарастыру тəртібі ұлттық 
стандарттау органының келісімі бойынша бекітіледі. 
Мемлекетаралық стандартты жасағанда халықаралық, аймақтық жəне басқа елдің 
ұлттық стандарттары жобалары есепке алынуы қажет.
Мемлекетаралық стандарттың жобасы түсініктеме жазбасымен бірге ұлттық 
стандарттау органдарына, стандарттың жасалуына мүдделі қатысушы- мемлекеттер 
ұлттық стандарттау органына, сонымен қатар стандарттар Бюросына жіберіледі . 
Ұлттық стандарттау органы мемлекетаралық стандарттау жобасына үш ай 
мерзімінде ескертулер жəне ұсыныстар жібереді, немесе стандартты қабылдауға дайын 
екенін дауыс беру бюллетені арқылы хабарлайды. 
Сайлаудың дұрыс нəтижесінен кейін мемлекетаралық стандарт жобасы түсініктеме 
жазбасымен жəне дауыс беру бюллетенімен стандарттау Бюрасына жеткізіледі, онда 


мемлекеттік қатысушының келісімінің нəтижесін қарастырады жəне құжаттарды МАК 
қарауына жібереді. 
Стандарттарды тексеру жəне жаңарту олардың экономикалық қажеттілігіне 
сəйкестігін, елдің қорғауын жəне халықаралық талаптарының мақсаты үшін жүзеге асады.
Мүдделі жеке жəне заңды тұлғалар, сонымен бірге өнім қауіпсіздігін мемлекеттік 
қадағалау органдарынан түскен стандартты жаңартудағы ұсыныстары жан- жақты 
талданады жəне қарастырылады. 
Түскен ұсыныстар бойынша жасаушы-ұйым Мемстандартқа стандарт жобасын 
өзгерту немесе қайта қарау немесе стандартты жою мəселесін көтереді. 
Стандарттың жойылуын Мемстандарт мүдделі ұйымдармен жүзеге асырады. 
Стандартқа өзгеріс, стандарттың мерзімін ұзарту немесе қысқарту, сонымен бірге 
стандрт күшіне енгізу немесе оны жою өзгерту түрінде рəсімделеді. 
Егер қолданыстағы стандарттың талаптарын тексергендегі оның деңгейі ҚР 
экономикасының талабына сəйкес болса, өзгертулер рəсімделмейді, мемлекеттік 
стандарттардың қолданыс мерзімін созу Мемстандартардың бекітуімен жүзеге асады жəне 
Мемлекет реестріне сəйкес жазбамен енгізіледі. 
Стандарттау бойынша нормативті құжаттармен бекітілген талаптар ғылым, техника 
мен технология жетістіктеріне негізделеді жəне Қазақстан Республикасы заңына сай, 
халықаралық, шет елдерінің аймақтық жəне ұлттық стандарттарының техникалық 
регламенттерінің талаптарымен сəйкес болу керек. Стандарттау бойынша нормативті 
құжаттар жобасын қарастыру тəртібі жəне ескерту мен ұсыныстарын дайындау мерзімін 
мемлекеттік стандарттау жүйесі бекітеді. 
 
Салалық стандарттар жүйесі. 
Қазіргі кезде халық шаруашылық салаларының арнайы мəселелерін шешуге 
бағытталған стандарттардың салааралық жүйелерінің тізімі: 
1) Қонструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ҚҚБЖ); 
2) Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ); 
3) Өнім сапасының көрсеткіштерінің жүйесі (ӨСКЖ); 
4) Құжаттаманың бірыңғайландырылған жүйесі (ҚБЖ); 
5) Ақпараттық –библиографиялық құжаттама жүйесі(АБҚЖ). 
6) Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. 
7) Тоттанудан жəне тозудан қорғанудың бірыңғай жүйесі. 
8) Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік. 
9) Еңбек қауіпсіздігін стандарттау жүйесі. 
10) Өндірістің техналогиялық дайындығының бірыңғай жүйесі (ӨТДБЖ) 
11) Өнімді өндіріске дайындау жəне қою жүйесі. 
12)Табиғи ресурстарды қорғау жəне пайдалануды жақсарту саласының 
стандарттар жүйесі. 
13) Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ПҚБЖ) 
14) Сапалы өнімді мемлекеттік басқаруының біріккен жүйесі. 
15) Құрылыс жөнінде жобалау құжаттамасының жүйесі. 
16) Ақпараттық технологияны стандарттау жүйесі жəне т.б.
Салалық стандарттар салалық мəні бар өнім(қызмет), процеске жасалып, 
мемелекеттік басқару органдарымен бекітіледі. 
Нормативті құжаттар жөнінде ақпарат – Қазақстан Республикасында жəне 
халықаралық қоғамдықта қабылданған стандарттар жөнінде сенімді, толық, маңызды 
мəліметтер, сондай-ақ, стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жəне сапа 
менеджмент жүйесі туралы ақпараттар қорында жинақталады. Қор мемлекеттік жəне 
мемлекетаралық стандарттар мен ТЭƏА МС, сонымен қатар халықаралық жəне аймақтық 
стандарттардың техникалық реттеулері мен ережелері, ұлттық, шетелдік стандарттау 
жөніндегі ұсыныстарының анықтамалық –библиографиялық деректер базасын жүргізеді.


Техникалық реттеу(ТР) жəне стандарттар саласында Мемлекеттік қор Қазақстан 
Республикасында өндірілген өнімнің түгелдей дерлік номенклатурасын қамтиды жəне 
өндірушілер мен дайындаушыларға халықаралық жəне аймақтық стандарттарды есепке 
алуға мүмкіндік береді. Құжаттар ресми болып табылады жəне өнімді жəне өндірісті 
сертификаттау үшін, сондай-ақ өнімді дайындау жəне өндіру мен əртүрлі қызмет 
көрсетуде қолданылады. 
Техникалық реттеу жəне стандарттар саласындағы мемлекеттік қор құрылымы
Қазіргі уақытта ҚР техникалық реттеу жəне стандарттар саласындағы мемлекеттік қор 46 
мың атаудан астам нормативттік құжаттардан тұрады, оның ішінде 20 663 
мемлекетаралық стандарттар, 1125 ҚР мемлекетттік стандарттары, 4 мыңнан астамы 
халықаралық стандарттар жəне 4996 шетелдердің ұлттық стандарттары. Сондай-ақ, 13 
деректер базасы соның ішінде 20 мың мемлекетаралық стандарттырдың толық мəтіні - 
ДБ, 1000-ға жуық СД-ROM-да сақталған ҚР мемлекеттік стандарттарының толық мəтіні. 
Мемлекеттік стандарттар: ҚР стандарттары(ҚР СТ)- 1125, стандарттау, 
метрология жəне сертификация жөніндегі комитет бекіткен(ҚР СТ 1.2 - 2002) стандарттар; 
Мемлекетаралық стандарттар (МСТ) -20663, стандарттау, метрология жəне сертификаттау 
жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің шешімімен қабылданған стандарттар. Техникалық 
шарт (ТШ)-4530 НҚ, нақты өнімге (қызметке, процеске) қойылған талаптарды бекітеді,
техникалық-экономикалық жəне əлеуметтік ақпаратттар сыныптауышы – 14 стандарттау 
жөніндегі нормативтік құжаттары,обьектілер атаулары мен кодтарының жүйелі 
жиынтығы. 
Халықаралық жəне аймақтық стандарттар: 
-халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО); 
-халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК); 
-Еуропалық стандартар(ЕН); 
- Ережелер ЕЭК ОНН; 
- Еуропалық Одақтық директивалары (ЕС). 
ТМД елдеріндері-қатысушы мемлекеттердің ұлттық стандарттары
- Қазақстан Республикасы (ҚР СТ); 
- Ресей Федерациясы (МСТ Р); 
- Украина (ДСТУ), 
- Молдова Республикасы (SМ); 
- Қырғыз Республикасы (КМС); 
- Армения Республикасы (АСТ); 
- Өзбекстан Республикасы (ТСТУ); 
- Белорусь Республикасы (СТБ); 
- Түркменстан (ТДЗ).
Шетелдердің ұлттық сиандарттары:
- Германия (ДIN); 
- АҚШ (АNSI), (АSТМ), (АSМЕ); 
- Ұлыбритания (ВS); 
- Корея (КS). 
Ақпаратты – анықтамалық материалдары (ұлттық жəне шет елдік): 
- Мемлекеттік стандарттар нұсқауы; 
- Техникалық шарттар катологы; 
- Метрология жөніндегі нормативтік құжаттар нұсқаулары; 
- Тіркеуден өткен нормативтік құжаттар нұсқаулар; 
- Стандарттау жөніндегі халықаралық жəне аймақтық ұйымдары нормативтік 
құжаттарының катологы.
Республикалық ғылыми-ақпараттық «Мемстандарт жаңалықтары» журналы 
стандарттау, сертификаттау, өнім сапасы, аккредитация саласы бойынша жəне ресми 
ақпараттарды жылына 6 рет жариялап отырады. 


Нег. : 1[81 – 90], 20, 21 
Бақылау сұрақтары :
1. МАСЖ мақсаты жəне бағыты. 
2. МСТ түрлері жəне анықтамасы.
3. МСТ қолдану тəртібі. 
4. Салалық стандарттардың түрлері жəне қолданылуы. 
4. ТР жəне стандарттар саласында Мемлекеттік қор мақсаты жəне құрамы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет