Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Лекнорм

 
Лекция. Тақырыбы: Мəтіндік өндірістік нормативтік құжаттарды дайындау 
технологиясы. Мəтіндік нормативтік құжаттарды құру əдістемесі. 
Мəтіндік өндірістік құжаттары жалпы стандарттау, метрология жөне 
сертификаттау жөніндегі нормативтік мəтіндік құжаттардың жəне негізінде тұтас 
мəтіннен тұратын, конструкторлық кұжаттардың жинактамасына кірмейтін техникалық 
шарттарын қамтиды. 
Мəтіндік өндірістік құжаттары ережелері мемлекеттік басқару органдарымен
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, қоғамдық мекемелер жəне 
бірлестіктермен, конструкторлық құжаттардың жинақтамасына кірмейтін техникалық 
шарттар мен нормативтік мəтіндік құжаттарды (ары қарай мəтіндік құжаттар) əзірлеу 
жұмыстарында катысатын, ұйымдастыру-құқықтық нысандарынан тəуелсіз заңды жəне 
жеке тұрғалармен қолданылады. 
Мəтіндік құжаттарға келесі санаттардың стандарттау, метрология жөне 
сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттары (ары қарай - стандарттау жөніңдегі 
нормативтік кұжаттар) жатады: 
-мемлекеттік жəне мемлекетаралық стаңдарттар; 
-ұйым стандарттары; 
-техникалық - экономикалық жəне əлеуметтік ақпараттың сыныптауыштары;
- техникалық шарттар; 
- стандарттау, метрология жөне сертификаттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар. 
Мəтіндік нормативтік құжаттарды құру əдістемесі ұйымдастырушылық-реттеуші 
құжаттамаларының, нұсқаулардың, бұйрықтардың,үкімдердің,хаттамалардың жəне 
т.с.с. құжаттамалардың үлгілеріне де таратылады. 
Мəтіндік өндірістік құжаттарының құрылуына, баяндалуына, ресімделіне жəне 
мазмұнына жалпы талаптар төмендегілер үшін былайша белгіленді: 
- мемлекеттік жəне ұйым стандарттары - ҚР СТ 1.5; 
- техникалық - экономикалық жəне əлеуметтік ақпараттың 
сыныптауыштары - ҚР СТ 5.1; 
- конструкторлық 
құжаттар 
жинақтамасына 
кіретін 
техникалық 
шарттар - МСТ 2.105, МСТ 2.114; 
- стандарттау, метрология 
жене 
сертификаттау 
жөніндегі 
ережелер
мен ұсыныстар - ҚР СТ 1.5; 
- конструкторлық 
құжаттар 
жинақтамасына 
кірмейтін 
техникалық 
шарттар - МСТ 2.105. 
Нормативтік құжаттар мəтіні А4 форматты ақ қағазда МСТ 9327 бойынша 
машина басу жəне машина тəсілімен орындалуы тиіс. Мəтіндік құжаттарды машина 


басу тəсілімен парақтың бір жағында бір-екі аралықтан, кестелер басында - бір 
аралықтан кейін орындайды. Жазу машинкасының шрифты анық, биіктігі 2,5
мм, лентасы тек қара түсті (жартылай қалың) болу тиіс. 
Машина басу тəсілімен мəтіндік құжаттарды репрография əдісімен 
көшірмелерді басып алуға жарамдылық қамтамасыз ететін, қос жақты баспасөз 
əдісімен Microsoft Office Word бағдарламасында электрондық - есептеу машинаның ЭЕМ 
автоматтандырылган цифрлық басатын құрылғылары арқылы орындайды. Шрифтың 
биіктігі № 12 немесе № 14. 
Бөлім, бөлімшелердің, бұрынғы жəне келесі мəтіннің тақырыптары
жəне де бөлім, бөлімше тақырыптары арасындағы аралық машина басу тəсілімен 
орындаған кезде бір-екі аралыққа, машина тəсілімен - шрифтың бір биіктігіне тең 
болу тиіс.Тақырып жолдары негіздемелерінің арасындағы аралықты мəтіндегідей 
қабылдайды. 
Мəтіндік құжаттарда рұқсат етілмейді: 
- егер оның астына мəтіннің тек бір жолын орналастырса, парактың
төмен жағына бөлім жəне (немесе) бөлімше атауын орналастыру
- стандартқа сілтеген кезде белгілерсіз құжат индексін, олары бар құжаттардың 
баска түрлері мен санаптарын келтіру жəне де əр түрлі парақтар немесе жолдарда 
құжат белгісі мен индексін сыйғызу. 
Мəтіңдік құжаттарға жеке сөздерді, формулаларды, шарттық белгілерді, латын 
мен грек алфавиттерінің əріптерін кіргізу жəне де суреттерді қара сия, паста немесе 
тушьпен орындау керек. Кіргізілген мəтіннің тығыздылығы орындалған мəтіннің 
тығыздылығына жақын болуы тиіс. 
Мəтіндік құжаттарды орыңдау процесінде табылған жаңылыс, қате жəне кестелік
дəл еместерді тазартып өшіріп жəне сол жерде түсіру немесе түзетілген мəтіннің жол 
арасына (графика) машина басу тəсілімен немесе кара сиямен, тушьпен, қолмен
жазу тəсілімен пастамен түзету тиіс. 
Парақтарды бүлдіру, түзетілген жерлер, толық жойылмаған бұрынғы мəтінің 
іздері болмау тиіс. Бір бетке бестен көп емес түзетулер рұқсат етіледі. 
Түзетулерді енгізгеннен кейін мəтіндік құжаттар репрография тəсілімен тиісті 
сапалы көшірме дайындау мүмкіндігін камтамасыз етуі тиіс. 
Мəтін шегіндегі бастапқы жол басындағы бос жер бірдей жəне бес белгіге тең 
болу тиіс. 
Құжаттарды машина басу жəне машина тəсілдерімен орындаған кезде мəтіннің 
ақ шеті келесі мөлшерде болуы тиіс: жоғарғы, төмен, сол жағы - 2,5; оң жағы-1,5. 
Колонтитул аралағы шетінен - 1,25 (бар болса). 
Мəтіндік құжаттар 210x297 (А4), 148x210 (А5), 297x420 мм (АЗ) форматымен,
ал негізделген жағдайда(оларды сыйғызуға ж.т.б. үлкен көлем талап ететін күрделі 
кестелік материал, кесте бар болса) - 297x420 (А4х2) форматымен басып 
шығарылатын құжаттар талаптарына сəйкес тəсілдермен басып шығарылады. 
Басып шығару кажеттелігі мəселері мен техникалық шарттарды басып шығару 
тəсілдерін, баспа форматтарын техникалық шарттар түпнұсқасы иесі дербес 
анықтайды. 
Қолдан көшіру əдісімен көшірмелерді дайындау рұқсат етілмейді. 
Мəтіндік 
өндірістік 
құжаттары 
ретінде 
конструкторлық 
кұжаттардың 
жинактамасына кірмейтін техникалық шарттарының құрылымы келесі элементтерден 
тұрады: 
- титул парағы; 
- мазмұны; 

- атауы; 
- қолдану саласы; 
- нормативтік сілтемелер; 


- анықтамалар; 
- белгілер мен қысқартулар; 
- талаптар; 
- қосымшалар. 
Техникалық шарттарға қосымша құрылымдық элементтер қосылуы мүмкін. 
Нег. : 1[44 – 48], 12 
Бақылау сұрақтары :
1. Мəтіндік нормативтік құжаттар санаттары. 
2. Мəтіндік НҚ мəтініне қойылатын талаптар.
3. Мəтіндік НҚ құрылымдық элементтері. 
4. Мəтіндік НҚ құрылу жəне баяндалу талаптары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет