Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Лекнорм

 
11 Лекция. Тақырыбы: Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың 
міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау жəне бақылау. 
Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын 
мемлекеттік қадағалау жəне бақылау(бұдан əрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан 
Республикасының Заңдары негізінде орындалады. 
Мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеттері: 
-мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын, міндетті сертификаттау 
ережелерін жəне Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыздандыру 
туралы» заңын бойынша шаруашылық қызметінің барлық субьектілерінің бұзуына жол 
бермеу; 
-тексеру нəтижесі бойынша ақпаратты қоғамдық ұйымдар мен атқарушы 
органдарына ұсыну. 
Мемлекеттік бақылауды жүргізуші лауазымды тұлғаларға мыналар жатады: 
1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас инспекторы -стандарттау 
бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын жəне өлшеу 
құралдарын қадағалау - стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша уəкілетті 
орган бастығы жүргізеді; 
2)Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас инспекторы орынбасары -
стандарттау бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын жəне 
өлшеу құралдарын қадағалау - стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша 
уəкілетті орган бастығының орынбасары жүргізеді; 
3) облыстардың мемлекеттік бас инспекторлары -стандарттау бойынша 
нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын жəне өлшеу құралдарын 


қадағалау - стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша уəкілетті органның 
аудандық бөлішесі бастығы жүргізеді;
4) облыстардың мемлекеттік бас инспекторлары орынбасарлары -стандарттау 
бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын жəне өлшеу 
құралдарын қадағалау - стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша уəкілетті 
органның аудандық бөлішесі бастығының орынбасарлары жүргізеді; 
5) мемлекеттік инспекторлар -стандарттау бойынша нормативті құжаттардың 
міндетті талаптарының сақталуын жəне өлшеу құралдарын қадағалау - стандарттау, 
метрология жəне сертификаттау бойынша уəкілетті органның бөлімдерінің бастықтары, 
аудандық бөлішелері мамандары жүргізеді;
Мемлекеттік бақылаудағы жүргізетін міндетті тұлғалар аттестацияланған болуы 
керек. 
Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы территориясында жеке жəне заңды 
тұлғаларға, шетелдік ұйымдарына, өнімді əзірлеу жəне өндіріске қою, дайындау, сату, 
пайдалану, сақтау, тасымалдау жəне жою кезеңдерінде, сондай-ақ процесстерді(жұмыс) 
орындауда жəне қызмет көрсетуде жүргізіледі. 
Жоспарлы тексерулер дүркінділігі өнімдердің сапасына, процесстер (жұмыс) жəне 
өндірістегі қызмет көрсетуге байланысты, бірақ жылына бірден артық жүргізілмейді. 
Өнімнің сапасына, процесстер (жұмыс), қызмет көрсетуге тұтынушылар тарабынан 
шағым түссе жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. 
Шаруашылық қызметінің субьектілері мемлекеттік инспекторлардың іс-
əрекеттеріне кедергі келтірмей, көмек көрсету керек, өйткені олар мемлекеттік бақылау 
процедураларын құрастырады: өндірістік қызмет бөліктеріне еркін кіруді қамтамасыз ету, 
өндірістегі мамандарды үлгілерді таңдау т.с.с. жұмысқа тарту іс-əрекеттерін жүргізеді 
жəне т.б. 
Тексеру инспектордың өзімен немесе оның жетекшілігімен құрылған коммисиямен 
орындалады. 
Мемлекеттік бақылауды жүргізу əдістемесі келесі Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік стандарттарында баяндалған: 
1) ҚР СТ 1.16-2000 «ҚР МСЖ. Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың
сертификаттау ережелерін жəне сертификатталған өнімнің(жұмыстар, қызмет көрсету) 
міндетті талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалау жəне бақылауды орындау тəртібі. 
Негізгі ережелер»; 
2) ҚР СТ 1.20-2001 «ҚР МСЖ. Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың 
міндетті талаптарды орындаудағы мемлекеттік бақылау. Қызмет көрсетудегі мемлекеттік 
бақылауды жүргізу əдістемесі»; 
3) ҚР СТ 1.20-2001 «ҚР МСЖ. Нормативті құжаттардағы міндетті талаптардың 
орындалуын мемлекеттік бақылау. Өнімді жасауда мемлекеттік бақылау жүргізу 
əдістемесі»; 
4) ҚР СТ 1.20-2001 «ҚР МСЖ. Нормативті құжаттардағы міндетті талаптардың 
орындалуын мемлекеттік бақылау. Өнімді сату кезеңіндегі мемлекеттік бақылауды 
жүргізу əдістемесі»; 
5) ҚР СТ 1.25-2001 «ҚР МСЖ. Нормативті құжаттардағы міндетті талаптардың 
орындалуын мемлекеттік бақылау. Өндіріске өнімді тасымалдау жəне өңдеу 
кезеңдеріндегі мемлекеттік бақылауды жүргізу əдістемесі». 
Мемлекеттік бақылаудың негізгі формасы - таңдамалы тексеру. Тексеру процесі 
кезінде сынау, өлшеу арқылы бақылау, техникалық шолу, сəйкестендіру жəне басқа да 
нəтижелердің сенімділігін жəне шынайылылығын қамтамасыз ететін іс-шаралары 
жүргізіледі. 
Мемлекеттік бақылау нəтижесінде шаруашылық субъектілеріне шара қолдануға 
негіз болатын тексеру актісін толтырады.
Тексеру актісіне қойылатын негізгі талаптар:


- стандарттау бойынша нормативтік құжаттарда міндетті талаптардың 
орындалуының, міндетті сертификаттау ережелері бұзылуын жəне оның себептерін 
ашатын фактілердің сенімділігі жəне негізділігі; 
- қажетті ақпаратты толық жəне қысқа баяндау; 
- тексеру нəтижесінің толықтығы; 
- тексеру нəтижесінің шынайылылығы. 
Негізгі актіге аралық үлгілерді таңдау актілері, сынау хаттамалары, бұзушылықты 
əшкерелейтін құжат көшірмелері жəне т.б. қоса тіркеледі. 
Мемлекеттік инспекторлардың міндеттері жəне құқықтары Қазақстан 
Республикасының «Техникалық реттеу туралы заңында» анықталған. 
Сертификаттау ережелері жəне сертификатталған өнім, стандарттау бойынша 
нормативтік құжаттардың талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау жəне 
бақылау процедурасы 1-суретте көрсетілген. 
Мемлекеттік бақылауды орындайтын тұлғалар келесілерге міндетті: 
а) мемлекеттік бақылау үшін анықталатын объектілерге кедергісіз кіруге
б) мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды жəне мағлұматтарды 
жеке жəне за ңды тұлғалардан алуға; 
в)техникалық құралдарды қолдануға жəне бақыланатын өнімнің сапасын, 
процесстерді жəне қызмет көрсету сапасын тексеруге сол саладағы мамандарды жəне 
сарапшыларды тарту; 
г) стандарттау бойынша сынақтарды(зерттеу,өлшеу) жүргізуде нормативті 
құжаттар-дың міндетті талаптарына сəйкестігіне бақылау жүргізу үшін өнімнің үлгілерін 
таңдау; 
д) Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен тəртіпке сəйкес, қолдануға 
жарамсыз деп табылған өнімдерді жəне тауарларды жою комиссияларына қатысу; 
е) стандарттардың міндетті талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда өнімді 
сатуға, тасымалдауға, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ процесстерге(жұмыс), қызмет 
көрсетуге тиым салу; 
ж) міндетті сертификатталуға жататын өнімді сəйкестік сертификатынсыз немесе
сəйкестік декларациясыз(көшірмесі) сатуға тиым салу. 
Жоспардан 
тыс 
Өнімнің 
басқада 
өмірлік 
Жылына 1 
рет НҚ 
тексеру 
Жоспарлы 
Мем. 
қадағалау 
обьектілері
н тексеру 
Жазбаларда 
тексеру 
Орындаушылар
Өнім сапасын 
қамтамасыздандыруы 
мақсаты болып 
есептеледі 
Тексеру 
түрлері 
Сертификаттал
ған өнімнің 
сапасын 
Сертификаттау 
ережелерін 
бақылау 
Өнімге 
байланысты 
НҚ 
бұзушылығын 
тоқтату 
Мемлекеттік 
қадағалау 
тапсырмасы 
Өнім жəне 
қызмет 
бойынша 
құжаттар 
Қызмет 
Өнім 
Мемлекеттік 
қадағалау 
обьектілері 
Сертификаттау ережелерін, сертификатталған өнімді, стандарттау 
бойынша нормативтік құжаттардың талаптарының орындалуын
мемлекеттік қадағалау жəне бақылау 
ҚР бас 
Облыстық 
бас 
мемлекеттік 
инспекторын 
комиссия 
сайлау


1 сурет- Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау прцедурасы 
Нег.:1[71-77] 
Қос.: 21 [40-43] 
Бақылау сұрақтары: 
1. Мемлекеттік бақылаудың мақсаты жəне міндеттері.
2 Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жоспарсыз шаралары. 
3 Мемлекеттік бақылауды орындаушылар жəне міндеттері.
4. Теріс нəтижелі бақылаудың тұжырымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет