Жоспары:
1. Мақала, Резюме, Аннотация,Сыни пікір
2. Ғылыми жоба, Реферат, Автореферат.
Мақала – жинаққа, журналға немесе газетке жариялау үшін жазылған шағын өлшемдегі ғылыми, публистикалық шығарма. Мақала белгілі бір аяқталған ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша жазылады. Мақала талапқа сай рәсімделеді. Автореферат – қандай да бір зерттеу бойынша қысқаша етіп автордың өзі жазған зерттеудің мақсат міндеттері, теориялық және тәжірибелік мәні, негізгі мазмұны, нәтижелері туралы шағын реферат. Монография – белгілі бір көлемді тақырып немесе белгілі бір мәселеге арналған ғылыми ізденіс жұмыстарының мақсаты мен міндеттері, пәні, нысаны, проблемасы мен оның сипаты, проблеманы шешу моделі, шарты, бағдарламасы мен мазмұны, эксперименттік зерттеу әдістері мен ғылыми қорытынды көрсетілген ғылыми жазба.Дипломдық жұмыс – соңғы оқу жылында, қорытынды аттестация кезеңінде, жоғары немесе арнаулы оқу орнында, бітірушілердің оқу және ғылыми-зерттеу сипатында орындайтын қорытынды, бітірушілік кәсіби жұмысы. Диссертация (латынша dissertation – зерттеу). Қолжазба, ғылыми баяндама, жарыққа шыққан монография немесе оқулық түрінде орындалған ғылыми шығарма. Белгілі бір мамандық бойынша ғылыми дәреже алу үшін ашық түрде, көпшілік алдында қорғау үшін дайындалған квалификациялық ғылыми-ізденіс жұмысы. Диссертациялар магистрлік, кандидаттық және докторлық болып бөлінеді. Оқулық – ғылымның бір саласын оқытуға арналған кітап. Мұнда үдеріс пен құбылыс және ілім мазмұны, талдаулары және қоғамдық немесе жаратылыс құбылыстарының дамуы баяндалады. Тезис – шығарманың, баяндаманың немесе лекцияның негізгі ойын қысқаша баяндайтын жазу.Аннотация – мақаланың қысқаша мазмұны туралы жазба. Кілт сөздер – ғылыми құжаттың мазмұнын немесе оның бөліктерінің ерекшеліктерін неғұрлым толық көрсететін сөз немесе сөз құрамы. Рецензия - белгілі бір зерттеу нәтижесін сынап жазылған, ғылыми еңбектің көкейкестілігі, теориялық және практикалық мәні, қолданылған зерттеу әдістерінің лайықтылығы, шыншылдығы, жаңашылдығы туралы талдаулар мен ескертпелер, ұсыныстар көрсетіліп, кәсіби маманның берген қысқаша пікірлер жазбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |