Лекцияның мақсаты



бет9/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Ғылыми зерттеу аппаратының мазмұны.
2. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өнертанымдық ұғымдар мен терминдерді қолданудағы әртүрлілік лингвистикалық, өнертанымдық және педагогикалық проблема.


Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жастарды кәсіби оқытудың жан - жақты аспектілері 1984 жылғы мектеп реформасы бағытына ылайық қарастырылды. Осыған байланысты бағдарламалар жасалынып жалпы білім беретін мектепгерге ендірілді. Бұл жағдай мектепте оқыту мазмұнында бірінші рет болғандықтап оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді мамандық таңдауда жан - жақты ойлануы; екіншіден: алғашқы мамандық разрядына сәйкес келетін арнайы білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мәселелері; үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке- басының идеялық, өнегелік және азаматтық сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызды мәселенің бірі оқушыларда мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.Сонымен, мектеп - жұмысшы мамандарды дайындаушы дәстүрлі орта кәсіптік білім беру (КТУ), орта арнайы білім мекемелері мен (колледж) бір қатарға тұратын болып отыр. Дегенмен, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту мазмұны түгелімен мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар еді. Осы себепті, мектептегі кәсіби оқыту формаларын, әдістерімен дидактиқалық оқыту құралдарын дайындау оларды эксперименттік тәжірибеден өткізу; олардың тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы (актуальдылығы) туындап отыр.Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми-техниқалық процестің қазіргі даму тенденциясын, техника технологияда, нарықтық қатынастар аумағында, информациялық технологияның пайдалану аумағын, осылардың негізінде оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды алға тартады.Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, оқушылардың 2-3 мамандықты меңгеруіне қажеттілігі де туындайды. Жоғарыдағы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практиқалық мәні зерттеу тақырыбын:"Жалпы білім беретін мектепте мамандыққа оқытудың педагогиқалық негіздері" бағытында таңдауды талап етеді. Зерттеу нысаны - жастардың мамандыққа дайындығы.Зерттеу пәні - жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа дайындаудың мазмұны, формасы, әдістері және дидактиқалық құралдары.Зерттеу мақсаты - оқушыларды мамандыққа оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздерін дайындау.

№10. Лекция. Ғылыми проблеманы сараптау мен бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет