Жоспары:
1. Ғылыми экспериментті ұйымдастыру.
2. Шығармашылық жұмыстарды көркемдік сараптау мен өнертанымдық бағалаудың ғылыми әдістемелік негіздері мен өлшемдері.
Латын тілінде expermentum орыс тіліне, «тәжірибе» деп аударылады. Ал негізінде, эксперимент - «сынақ», «сынау» деген мағынада дұрыс мазмұн алады. Бұл деңгейді анықтауға арналған педагогикалық тәжірибе – фактіні анықтаушы (константируюший) тәжірибесі жүргізіледі.Факт деген не? Шын мәнінде зерттеуші қазірге дейінгі белгілі теориялық жағдайлардан арыла алмайды. Егер ол, шындыққа сенімді болса, онда оны нақтыларлық фактіні іздестіреді.Қарсы жағдайда оның ғылыми әрекеті теріс фактілерді жинақтауға бақытталады.Оқыту процесінде мұндай фактіні анықтауды екі жақты қарастырған жөн:Біріншіден-оқушылардағы білімнің жүйелі еместігі, оқытушылардың оқу процесін ұйымдастырудағы қателіктеріне байланысты болуы мүмкін.Екіншіден - оқушыларға оқу материалдарының күрделілігі себеп болуы мүмкін. Педагогикалық эксперименттің жалпы логикасы:Автор жаңа педагогикалық жоба (әдіс, құрал, жүйе, үлгі, жағдай т.б.) жасайды.Оны тексеріп, тиімділігін анықтау үшін бағдарлама жасайды.Жаңа жобаның тиімділігін бағалайтын өлшемдер жасайды.Тексерілетін уақытты белгілейді.Экспериментке керек базалар әзірлейді.Тәжірибе жасауға керекті жағдайларды анықтайды.Белгіленген жоспарды жүзеге асырып, қорытындыларын дәлелдеу үшін түрлі өлшемдер қолданылады.Эксперимент арқылы дәлелденген іс-әрекет тәсілінің жақсы жақтары туралы дұрыс қорытынды жасау үшін қайтадан эксперимент өтеді. Қате ұсыныстары анықталады.Эксперимент бұл да бақылау, бірақ эксперимент жүргізуші өзі ұйымдастырып өткізетін процесті бақылайды, оған араласады, дұрыс өтуіне жағдай жасайды. Эксперименталдық зерттеулер тәжірибе жасауды талап етеді.Тәжірибе арқылы педагогикалық процеске әсер ететін жағдайлар жүйелі түрде өзгертіледі.Педагогикалық эксперимент оқыту, білім, тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын анықтауға көмектеседі.Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі. Осындай ғылымға сүйеніп жасалған, алдын ала айтылған ой - гипотеза деп аталды.Эксперименттің ажырамайтын бөлігі-алдын ала жасалған бағдарлама бойынша бақылау. Соңғы уақытта бақылау үшін техникалық құралдар, дыбысты жазатын құралдар, киноға, фотоға түсіретін аппараттар, теледидардың жабық камералары, бейне-жазбалар жиі қолданылуда.Зерттеу жұмысындағы өте маңызды, жауапты кезең - жиналған мәліметтерді ғылыми тұрғыдан талдау, қорытындылау. Мәндіні — мәнсізден, заңдылықты кездейсоқтықтан ажырата білу керек. Зерттеушінің ой-қорытындылары объективтік болып, жиналған мәліметтерге сәйкес келу керек. Азғантай мәліметтерден көп қорытындыны жасауға болмайды. Ол үшін эксперимент бірнеше білім мекемелерінде жүру керек.Эксперимент кезінде бақылау, әңгімелесу, сұхбат алу, сауалнама, бақылау жұмыстары жүргізіліп, тәрбие беретін жағдаяттар жасалады.Эксперименттің кезеңдері:I кезенде зерттеуші өз пәні бойынша бұрын жазылған әдебиеттерге шолу жасап, қай тақырып бойынша озат тәжірибеден алынған оқу тәрбие үлгілері бар екенін анықтап, оларды қолданады, іс-шаралардың жоспарын жасайды.II кезең. Экспериментке дайындық. Бұл кезеңдегі зерттеушінің міндеттері:.Жаңа әдістеменің жарамдылығын білу үшін зертханалық эксперимент өткізу.Оқушылардың үлгерімінде және тәртібінде болған оң өзгерістерді айтуға негіз болатын өлшемдерді белгілеу.III кезең. Экспериментті өткізу.Эксперимент өтетін сынып оқушыларының бастапқы деңгейін білу үшін пән мұғалімінің сабағын бақылау, оқушылардың іс-әрекетін, кемшіліктерін анықтау, т.б. жұмыстар жүреді. Оқушылардың белгілі бір сапасын: зейінділігін, есте сақтау қабілетін: тәртібін, т.б. бақылау өткізу.IV кезең. Эксперименттің нәтижелері мен гипотезасын салыстыру.Эксперимент оның нәтижелерін талдаумен аяқталады. Талдау кезінде гипотезаның дұрыс және қате жерлері айтылады. Ол үшін зерттеуші өзінің жетістігін эксперименттің басындағы оқушылардың деңгейімен салыстырады. Егер нәтиже бұрынғыдан да төмендесе, онда эксперименттің пайдасының жоқ болғаны. Ал оқушылардың 80-90 пайызының деңгейі жоғары болса, онда эксперименттің пайдасы бар.Оқушылардың кемшілігінің 10-20 пайызын жеке жұмыстар арқылы жоюға болады.Әрбір эксперименттің мақсаты - зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі - мақсатына байланысты.Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді.
№9. Лекция. Ғылыми - зерттеу аппаратының мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |