Жоспары:
1. Ғылыми проблеманы шешудің шарттары.
2. Ғылыми болжам.
3. Нәтиже және оның ғылыми болжаммен сәйкестігі.
Лекцияның мақсаты:Дүниені теориялық тұрғыдан меңгеру оның даму барысындағы алатын ерекше сипаттарын абстрактілі түрде түсіндіру, олардың арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді және оларды тарихи жинақталған танымдық тәжірибелер негізінде жүйелеуді түсіндіу.
1.Теория және әдіс ұғымы.Теория - ғылыми танымның әсер етуші күші. Теория-тек, ғылыми ізденістер мен практикада кең қолданыс тапқанда ғана осындай сипатқа ие болуы мүмкін. Теория-ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету жолын, алға тартқан нәтиже сипатын және қолданатын тәсілдер мен құралдардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.Дүниені теориялық тұрғыдан меңгеру оның даму барысындағы алатын ерекше сипаттарын абстрактілі түрде түсіндіру, олардың арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді және оларды тарихи жинақталған танымдық тәжірибелер негізінде жүйелеу. Сондықтан да, практикалык зерттеулердің теориялық деңгейлеріне сәйкес келетін зерттеу әдістерін таңдап алу қажет. Тәсіл-әдіс элементі, оның құрамды бөлшегі, әдісті іске асырудағы бір әрекет-қадам.Тарихи – генетикалық әдіс. Бұл әдіс зерттеу проблемасынатарихи талдау негізінде жүргізіледі. Сондықтанда, проблема-қайдан, қашан неге пайда болды? Оған қандай факторлар себеп болды? - дегенсұрақтар алға тартылады. Талдау (анализ) мақсаты - бүтіннен — бөлікті, күрделіден -- қарапайымды, жекеден -- жалпыны, салдардан — себепті анықтау, болып табылады.Жинақтау (синтез) - негізінен келесі теориялық мәселелерді шешу:зерттелінетін пән, тікелей байланысқан және өзара бағынышты байланыс жүйесі және жетекші бола алатын жағдайы. ә) Моделъдеу әдісі модель сөзі латынның, rnodus, rnodulus яғни, үлгі, тәсіл, өлшем деген мағынаны береді. Оның алғашқы мәні, мағынасы, құрылыс санатымен байланысты шыққанынескеретін болсақ, ол барлық уақытта, затты, үлгіні белгілеуде қолданылған.Адамдар модельді, тіпті ешқандай да, физикалық теорияларды білмеген заманда да қолданғаны белгілі. Модельдеу - зерттеу әдісі, жобалау, конструкциялау ретінде ғылымда кең қолданыс тапты.Модельдеу - көбінесе қандай да бір құбылысты, процесті, немесе объектілер тұрғызу арқылы және олардың модельдерін оқып үйрену арқылы зерттеу болып табылады.Модельдеу - ғылыми танымның әдісі ретінде құбылыстың дамуын, соңғы нәтижесінен озық болжап білуге мүмкіндік береді. Мұғалімінің моделін жасауды екі бағытта: мұғалімнің іс-әрекеттік және тұлғалық сипат алатын қасиеттерін алуға болады және оларды алдын-ала жоспарлауға, құрамын түзіп алуға болады.Мысалы, оқытушының іс-әрекеттік құрылымын оның негізігі атқаруға тиіс қызметтері арқылы: конструктивтік; ұйымдастырушылық; коммуникативтік(қарымқатынастық); ақпараттық; дамытушылық; бағдарлық; мобилизациялық; ізденушіліктехникалық т.с.с, анықталса, жеке тұлгалық сипаттағы, оның білімдеріне қатысты: идеологиялық; социологиялық; өнегелік; психологиялық; педагогикалық; жаратылыстану-ғылыми; техника-технологиялық; экономикалық; демографиялық; құқықтық, эстетикалық; жалпы мәдени; ұйымдастырушылық сфералар, біліктіліктері мен дағдыларына қатысты:интеллектуалдық; педагогикалық;жалпы еңбектік құрылымдары анықталады . Педагогикалық бақылау жүргізу үшін келесі нұсқаулар: бақылау объектісін, мақсаты және міндеттерін таңдау; бақылау жоспарын түзу; бақылауға қажетті құжаттарды, құрал-саймандарды дайындау; бақылау мәліметтерін жинақтау (жазу, кесте, хаттамалар т.с); бақылау нәтижелерін жасау және оларға талдаулар жүргізу; бақылауды теориялық және практикалық қорытындылау орындалуы тиіс. Бақылау – оқушылардың кәсіби оқыту процесі барысындағы іс-әрекеттері қалыптасқаи білім, біліктілік дағдыларын, сабақта пайдаланылған дидактикалық құралдар мен ұйымдастыру формалары, әдістері мен тәсілдеріне сапалық талдаулар жасауы мүмкіндік туғызады.
№8. Лекция. Ғылыми экспериментті ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |