Лекцияның мақсаты



бет11/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Өнертанымдық әдіснаманың аспектілері.
2. Ғылыми жобаның практикалық ұтымдылығын айқындау өлшемдері.


Өнертанымдық әдіснаманың аспектілері. Құрылымдық талдау, семиотикалық қатынас, көркем сын, эссе жанры, әлеуметтік аспекті, анализ, иконология, Зерттеу іс тәжірибесі барысында студент өзі тұрған мекен жайдағы (қаладағы, кенттегі, ауылдағы) қолөнер шеберлері немесе суретші шығармашылығын таңдап алады. Онымен танысады. Ол туралы алдын ала анкеталық сұрақтар даярлайды онда шебердің немесе суретшінің аты жөні, туған жылы, мекен жайы, білім алған оқу орындары, қатысқан көрмелері, конкурстары, жүлделі орындары, марапаттары, сертификаттары, қатысқан көрмелерінің тізімі (көрме аты, шығарма аты, көрме өткен қаласы мекен жайы анкетаны толтыру)көрсетіледі. Мұнан соң,қолөнер шеберінің озық шығармаларының тізімін жасайды, Жасалған тізім бойынша шығармаларды жылына қарай, тақырыбына қарай, жаңашылдығына қарай, дәстүрлі техникасына қарай жіктеп, бірнеше тізім құрастырады. Қолөнер шеберінің озық жеке бір шығармасының көркемдік ерекшелігіне (мына бағытта; шығарма идеясы, композициясы, түстер бірлігі, орындалу техникасы бойынша) талдау жасап көрсетеді. Келесі кезекте таңдап алынған қолөнер шеберінің шығармашылық бағытындағы дәстүр жалғастығы, жаңа бағыт немесе ізденістегі жаңашылдығы туралы жазба даярлайды және осы бағыт бойынша шығармаларын фотоға түсіреді.Мұнан соңғы студенттің қызметі: қолөнер шеберінің озық шығармаларының тізімін жасау, жасалған тізім бойынша шығармаларды жылына қарай, тақырыбына қарай, жаңашылдығына қарай, дәстүрлі техникасына қарай жіктеп, бірнеше тізім жасау болып жалғасып, соңына қарай қолөнер шеберінің озық жеке бір шығармасының көркемдік ерекшелігіне (мына бағытта; шығарма идеясы, композициясы, түстер бірлігі, орындалу техникасы бойынша) талдау жасау болып аяқталады. Студенттың соңғы тапсырмасы бойынша: зерттелгенқолөнер шеберінің шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері мен тәрбиелік мүмкіндігі туралы қолжазба даярлау болып табылады. Озық шығармаларын фотоға түсіреді. Бұл қолжазба екі бөлімнен құралады, біріншісі, шебердің өмірі мен шығармашылығын талдау; екіншісі, шебер шығармашылығының білімдік тәрбиелік және жеке тұлғалық дамытушылық мүмкіндіктері болып хатқа түсіріледі.Студенттарға ұсынылатын үлгі тақырыптар:студенттар көрсетілген тізімнің ішінен немесе өзіне жақсы таныс қолөнер шебері немесе суретшінің шығармашылығын зерттеу үшін таңдап алады.1.Түркістандық зергер Қалмырза Тасовтың өмірі мен шығармашылығы;2.Қыш өңдеу шебері Абай Рысбековтың шығармаларындағы ұлттық көркемдік дәстүр; 3.Гобелен шебері Мейрамкүл Сейтованың шығармашылығындағы қазақ халқының салт дәстүр көріністері; 4.Көрнекті ою өрнек шебері Ғани Иляевтің шығармаларындағы ұдттық тақырыптық көріністер; 5.Кестеші Ақтолқын Маралбаеваның шығармалары. Студенттар орындайтын тапсырмалар:төменде көрсетілген тапсырмалар біртіндеп, бірізділікпен орындалуы тиіс. Барлық тапсырмаларды сол таңдап алған қолөнер шеберінің шығармашылығының аясында орындалуы ұсынылады. Бірінші кезең: таңдап алынған қолөнер шеберінің өмірімен танысу; туралы жазба даярлау. Екінші кезең: қолөнер шеберінің озық шығармаларының тізімін жасау. Үшінші кезең: таңдап алынған қолөнер шеберінің шығармашылық бағытындағы дәстүр жалғастығы, жаңа бағыт немесе ізденістегі жаңашылдығы туралы жазба даярлау.Төртінші кезең: таңдап алынған қолөнер шеберінің ерекше назар аударатын шығармашылығының көркемдік білім тәрбие беру мүмкіндігі туралы жазба даярлау. Озық шығармаларын фотоға түсіру. Бесінші кезең:зерттелгенқолөнер шеберінің шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері туралы қолжазба даярлау.
\
\
№12. Лекция. Ғылыми жобаның ұтымдылығын бағалау көрсеткіштері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет