Лекцияның мақсаты



бет12/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Ғылыми жобаның ұтымдылығын бағалау.
2. Ғылыми жобаның ұтымдылығын эксперименттік тексерістен өткізу.
3. Эксперименттің мақсат міндеттері, мазмұны, әдістемесі, нәтижелері.


Болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге дайындығын қалыптастырудың құрылымдық моделі үш құрамдаушы іс әрекеттен тұратындығы белгілі болды. Олар: мотивациялық, мазмұндық, іс әрекеттік деп жіктеуге болатындығы анықталды. Мотивациялық құрамдаушы: болашақ мұғалімдердің ұлттық бейнелеу өнеріне деген қызығушылығының болуымен, қазақ бейнелеу өнеріне көркем мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарауы, ұлттық бейнелеу өнеріне деген кәсіби қызметке деген оқушыларға қазақ бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім беруге деген оң қатынасының болуы; ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік білім берушілік күшінің барлығына сенімінің болуы; мұғалімнің кәсіби қызметіне деген қызығушылығының болуы; мұғалімнің қызметінің әлеуметтік мәнін сезінуі; қазақ бейнелеу шығармашылығына қызығушылығының болуы; ұлттық қолөнер шығармашылығына силастық қарым-қатынасының болуы; оқушыларға көркемдік білім берудегі бейнелеу шығармашылығының мүмкіндігін саналы түсінуі; бейнелеу өнері шығармашылығына оқушылардың қызығушылығы мен қажеттігін туғызуға ұмтылысы; бейнелеу өнеріне мектеп оқушыларын тарту үшін үнемі жаңа әдістер мен жолдар іздеу қажеттігінің болуы; педагогикалық білімдерін үнемі жаңартып және байытып отыруға деген талпынысының болуымен сипатталады.Мазмұндық құрамдаушы: болашақ мұғалімдердің қазақ бейнелеу өнерін көркем мәдениеттің бір бөлігі ретінде тануымен, қазақ бейнелеу өнерінің даму кезеңдері туралы толық білімінің болуымен, қазақ бейнелеу өнерінің тарихы туралы, бейнелеу өнердің түрлері туралы, қолөнер шеберлері туралы, қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері (эргономикасы, композициясы, формасы, материалдары, түрі, түсі, ою өрнектері, т.б.) туралы, қолөнердің дара ерекшеліктері туралы білімдерінің, кәсіптік сәндік қоданбалы өнер туралы, кәсіпқой суретшілер туралы білімдерінің болуымен анықталады; көркемдік білім берудің мәні және оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі туралы білімдері; преспектива, жарықтану, түстану, композиция заңдылықтары және оны оқыту туралы білімдері; қазақ бейнелеу өнерінің көркемдік мәні туралы білімдері және оның мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі ролі туралы білімдерінің болуы, бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен әдістемесінен білімі; бейнелеу өнерінің балаларға көркемдік білім беру мүмкіндігі туралы білімі; қазақ бейнелеу және қол өнерінің білім берушілік күш-қуаты туралы білімдері; перспектива, түстану, жарықтану, композиция заңдылықтарын оқыту мен бейнелеуге үйрету әдістерінен білімдері; қазақ бейнелеу өнерін оқушыларға көркемдік білім беруге қолданудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтары мен шарттары туралы білімдері; ұлттық бейнелеу шығармашылығы және этнопедагогика бағытында өз бетінше білім алудың кәсіби педагогикалық тәсілдері туралы білімдері. Іс әрекеттік құрамдаушысы: болашақ мұғалімдердің бейнелеу өнері туралы өз ойларын айтуынан, сипаттама беруе білуі. Бейнелеу өнері туралы өз түсініктерін бере білуі, картинаның немесе қолөнер бұйымдарының қай дәуір өнеріне жататындығы, оның көркем орындау сапасына баға беруі. Бұйымның композициясы, эргономикасы, тұтыну қажеттігі, формасы, түрі, түсі туралы талдау жасай білуі.Қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға көркемдік білім беру мүмкіндігі ретінде қолдану іскерліктері. мынандай көрсеткіштермен айқындалады: оқушыларға көркемдік білім беру іс әрекеті, бейнелеу өнері шығармашыларын таңдап алу іскерлігі; қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға көркемдік білім беру перспектива, түстану, жарықтану, композиция заңдылықтарын оқыту мен бейнелеуге үйрету іскерлігі; қазақ бейнелеу өнері шығармаларын қолдану арқылы оқушылардың бейнелеу сауаттылығын қалыптастыру іскерлігі; қазақ бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларына көркемдік білім беруге бағытталған сабақтарды және сабақтан, мектептен тыс іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру іскерліктері; оқушыларға көркемдік білім беруге бағытталған, мектеп және жергілікті қоғамдастықтың бірлестіктерін ұйымдастыру; өнер шығармаларын талдау іскерлігі; өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беру бағытындағы өзінің педагогикалық іс-әрекеттерін талдау іскерлігі; өзін-өзі кәсіби білімін көтерудің іскерліктері мен дағдылары.

№13. Лекция. Ғылыми жобаның теориялық және практикалықмәнін бағалау көрсеткіштері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет