Лекцияның мақсаты



бет13/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Ғылыми жазба жұмысының құрылымы
2. Ғылыми жазба жұмысының кіріспесі.
3. Ғылыми жазба жұмысы теориялық немесе өнертанымдық бөлімдері қойылатын талаптар
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынды.Зерттеудің теориялық мәні: тоқыма өнері арқылы студенттердің композиция жасау қабілетін жетілдіруің педагогикалық шарттары айқындалды; тоқыма өнері арқылы студенттердің композиция жасау қабілетін жетілдіру моделі анықталды; Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарындағы бейнелеу өнер мамандығы студенттеріне, арналған: «Тоқыма өнері композициясы» атты элективті курс бағдарламасы; тоқыма өнері арқылы студенттердің композиция жасау қабілетін жетілдіруің әдістемелік нұсқауы жасалды.

№14. Лекция. Ғылыми жазба жұмысының әдістемелік бөлімі мен қорытындысы.


Жоспары:
1. Ғылыми жазбаның құрылымы.
2. Ғылыми жазба жұмысының әдістемелік бөлімі.
3. Ғылыми жазба жұмысының қорытындысы мен оның құрылымы.

Зерттеудің құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады. «Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлау» атты бірінші тарауда болашақ этнодизайн сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың моделі жасалды, оған сипаттама берілді, болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың дидактикалық шарттары негізделді. «Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістері» атты екінші тараудатәжірибелік жұмысты ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалды. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың әдістемелік білімдері мен іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері, берілді. Ұсынылған болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнерін оқытуға даярлық модельді жүзеге асыратын педагогикалық шарттар (оқытылатын пәндер бойынша меңгерілуге тиісті білім деңгейін анықтау; алдағы кәсіби іс-әрекетке қажетті білімді белгілі деңгейде студенттердің санасына қалыптастыру; маманды даярлауда саналы көзқарасты жүзеге асыру; студентгерде өздігімен білімін жегілдіру дағдысын қалыптастыру, ой еңбегі мәдениетіне тәрбиелеу; таңдаған мамандықты игеруге қатысты шығармашылық әрекетке даярлығының болуы; шығармашылық іс-әрекетке даярлығының бүкіл оқу кезеңін қамтуы; студенттердің дербес дамуын қамтамасыздандыратын вариативті бағдарламалардың болуы болашақ мұғалімдерінің этнодизайн өнерін оқытуға даярлығын қалыптастыруды қамтамасыздандырады.Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнерін оқытуға даярлықтың оқу-әдістемелік кешені (типтік оқу бағдарламалары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, оқу - әдістемелік құралдар, электронды оқулық, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) болашақ мұғалімдердің этнодизайн өнерінен әдістемелік даярлығын қамтамасыздандырады. Проблемасын теориялық талдау мен осы бағыттағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұсынылған болжамның дұрыстығын айқындап бірқатар қорытынды шығаруға мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет