Ңалтасынан кір-кір қол орамалын алып, бетін сүр- туге ыңғайланғанын көріп, радистка Нина деген қызы- мыз өз қалтасынан таза орамалын алып ұсынды.
Сонан кейін ол пана тапқандай сезімге бөленіп өзін таныстыра бастады. Ол орыс тілін онша таза сөйлеген жоқ, сонда да сөзін ұқтық.
Өзі туралы, басынан кешкен уақиғалары жайында ұзақ сөйлеп ақырында: «Чехословакия Коммунист Партиясының мүшесі» деген билетін көрсетті. Өзінің қалған он екі жолдастарымен таныстыра келіп:
Олар да фашистерге қарсы тұрған қаһарман коммунистер! Бәрі де осы Дунайдың әр елінен: венгер, болгар, румын, чех, карпат украиндықтары сияқты ұлттардың өкілдері,— деп мұнарланып бұлт басып жатқан биік, қарт Карпаттың Дунай жақ сілеміне көз тікті.
Біз оның бейнесін осы жау тылында бостандық Үшін ңолына қару ұстап жүрген жалғыз орыстар ға- на емес, көп ұлтты сан миллион екенімізді сезіндік.
Енді бұл операцияға отыз емес, қырық үш адам бо- лып қатысатын болдық. Бізге жаңа қосылған достары- мыздың барлығы әр елдің әр маркалы пистолеттерімен қаруланған.
Сол күні қас қарая казармаға жақындап келіп фа- шистердің ұйқыға кетуін күттік. Әрине, бұл біздің бұрыннан торып жүрген объектіміз еді. Сағат он екіден отыз минут өтісімен аңдыған күзетшілерді қолға тү- сірдік.
Енді бұл солдаттар ғана жатқан казарма болса оңай болар еді, өйткені мұндайда әр этаждағы перами- даларды тез-ақ қолымызға алып, винтовкалардан за- творларын айырғаннан кейін ол казармаға қожа өзіміз болушы едік. Ал, қазіргі жағдай басқа. Мұндағылар— винтовкаларын перамидаға қойып ұйықтай беретін жай солдаттар емес, әрқайсысы пистолетпен қарулан- ған офицерлер. Олардың қарулары өздерімен бірге. Сондықтан өз адамдарымыздан шығын шыгармау үшін казарманың 4 бұрышына мина қойып жаруды жөн көрдік.
Бірнеше минуттың ішінде миналар қойылып, ка- зарма есігінің қарсы алдына екі қол пулеметі орнаты- лып, казарманың екінші жағындағы әр терезенің тұс- тұсында автоматчиктер де дайын тұрды.
Көп кешікпей казарманың төрт бұрышына қойыл- ған күшті мина бірден жарылып, мүлгіп тұрған ұлы таудың тыныштығын бұзды. Гүрс-гүрс еткен құдіретті дауысты қатпарлы таудың бір шыңына жеткізіп алып кетіп жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |