Көз алдыма ұзын бойлы, сымбатты аңын бейнесі елестеп кетті. я, жан тербетер өлең жазып ақын бол- ған соң, ол кісінің өзі де сымбатты, сұңғақ бойлы сұлу адам болар»,— деп ойлаймын. Осындай ұйңы-тұйқы ой
шырмауында полковник Сперанскийдің кабинетіне ке- ліп кірдім. Кабинетте жәй азаматша жұпыны ғана ки- інген, ашаң жүзді аласа бойлы қатңан қара сұр адам отЫр екен. Ол маған жалт ңарады да, өткір көзімен менің тұла бойымды бастан-аяқ бір шолып өтті. Сөйт- кенше болмай полковник Сперанский:
Саин жолдас, манадан бері айтып отырған жер- лесіңіз осы кісі, Ңайсенов Вася деген командиріміз, та- нысып ңойыңыз — деп, маған да: «мына кісімен та- ныс» дегендей иек қақты. Бірақ Жұмекең менімен танысудың орнына:
Вася, Вася,— деп қайталап айтты да, бетіме ба- жырая қарап,— сенің атың неліктен Вася болған? Әлде балалар үйінде тәрбиелендің бе? — деп сұрады менен орыс тілінде. Полковник Сперанский Жұмекең еюеумізге алма-кезек қарады да:
Бұл қазір украиндық жігіт. Өзінің қазақша атын ұмытып та кеткен болар. Партизандар оны Вася деп атап кеткен. Бәріміз де қазір өзін Вася дейміз,— деп мен үшін Жұмекең сұрауына жауап берді.
Партизандарда ондай болады! — деп Жұмекең маған қарап басын шайқап күлді. Ол кезде қазақтың тілін ұмытпағанмен бірден тоқтаусыз сөйлеп кете ал- майтын едім. Сондықтан да Жұмекеңмен қазақша сөй- лескім келсе де, ұялып сөйлесе алмай тұрмын. Жұме- кең орнынан тұрды да полковникке ертең келетінін айтып кетуге ыңғайланды. Мен де оған ере штабтан шықтым. Өзімен қатарласа бергенімде:
Ал бала, атың кім? — деп сұрады.
Ңасым,— дедім. Ол кенет бетіме жалт қара- ды да:
Ңасым деймісің? Сенің келіншегің бар ма Ал- матыда? — деп сәл ойланып қалды.
Бар.
Жұмекең бір нәрсеге өкінгендей болып басын шай- қайды. Енді бұрынғыдай емес, жақын жолдас адамдай мені қолтығымнан ұстап алды. Көше тайғақ. Менің пәтеріме қарай жай жүріп келеміз. Біраздан соң Жұ- мекең:
|