Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Айтқандай-ақ, таңертеңгісін қарасақ, адам шошыр- лық терең құздың дәл жиегінде тұр екенбіз



бет248/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   395
Jau tilinda 2

Айтқандай-ақ, таңертеңгісін қарасақ, адам шошыр- лық терең құздың дәл жиегінде тұр екенбіз.

  • Келіп түскен жеріміздің түрін қара! — деп та ңырқанды Андрей Поп,— енді болмаса жұмақтың қак пасын қаққалы тұр екенбіз.

  • Ия, ажалымыз жоқ екен,— дедім мен де оны қостап,— өліп кетуіміз де мүмкін екен.

Төмендегі аңғарға әзер, алламен түстік. Аяғымыз- дың астында тулап аққан тау өзеншесі жатыр, аң-бұй ра көбігі аспанға атады. Айналамыз тып-тыныш бір сұлу табиғат. Хауіп-қатер аяқ астында деп ойларлық емес. Жел шайқаған шырша жапыраңтары сыбыр-сы- быр ете қалады. Әлде бір қуанышты, ерке-назды, жақ- сы нәрселер туралы әңгіме айтып тұрғандай.

  • Біздің Закарпатьенің қандай екенін көріп тұр- мысың? — деп мақтанады Андрей.— Мұндай әсемдікті ешжерден де көрмеген шыгарсың.


  • Ия, өте әдемі!

Менің ойыма туған ңазақ даласының сыр-сипаты түсе кетті. Сірә, кімге де болса өз жерінің сұлулыгы айрықша көрінеді гой деймін. Кімге де болса өзінің туған, кіндігінің қаны тамган жері өзгеше ыстық көрінсе керек.
Андрей суға еңкейіп, шалпылдата бастады. ІИашы- раған су жан-жаққа ұшып кетіп жатыр. Ол еңкейіп, қос уысын суга толтырып алып рахаттана жуынды. Мен де біраз салқындап алдым. Біз содан соң су жие- гінде ұзақ уақыт тұрып, таудың алыс бір қойнаулары- нан еміс-еміс естіліп жатқан шуға құлақ түреміз. Жа- сыл тартқан шыңдар басында құбыла ойнаған күн сәулесі көрінеді. Алыстан талып жеткен бір оң даусы да естіліп қалды. Тағы бір рет мылтық атылды.

  • Жоғарыда біреу атып жатыр,— дейді Андрей.— Мүмкін, біздің жігіттердің біреуі шығар. Тауға шық- қан жөн болар.

Жарты сағат жүргенде Ленька Безрукийге жолық- тық. Пистолеттен оқ атып, жолдастарын көмекке ша- қырған осы екен. Біз ңасына келгенде орнынан зорға ңозғалып түрегелген Ленька ағаштың басын нұсқап көрсетті. Ңалың бұтаң арасынан жіптері қиылып-қиы- лып тасталған парашют көрінеді. Ленька содан жерге секіріп түскен екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет