Кешкілік осында селодан адамдар келеді,— де- ді ол,— сонда бәрін де сөйлесеміз.
Кешкісін Пашко атайға өте бір қартаң адам келді. Ол үнемі аузынан кішкентай трубкасын тастамай те- мекі шегіп отырды, ара-арасында жиі жөтеліп те қоя- Ды. Ол осы арадан бес километрдей жерден үлкен шыр- ша ағашына ілініп қалған парашют көргенін айтты. Ал таяу маңнан адам байқай алмапты. Мүмкін, селоға барған болар. Біреулер тау қойнындағы шағын селода екі орыс жігітін көрдік, дегенді айтады. Біз Пашко
* Крумпель — картоп (венгерше).
атайдың әлгі ңарт қонағы айтқан жердің қай маңайда екенін картадан белгілеп алдық та, таң сімерлене жол- га шықтық. Жолдастарымыздың жайын түгел білген- ше жанымыз жай таппады. Кім біледі, мүмкін, біздің жігіттердің біреуі қауіп-қатерге ілігіп, көмек керек етіп қалды ма? Мұның алдында солай болып та еді. Ол былай. ... Бізді самолетпен әкелді де, ешбір таныс емес жерге түсірді. Сондықтан да біз неге болса да іштей әб- ден әзірленген едік. Мен самолеттен ең соңғы болып секіргенмін. Парашют жерге жақын келіп ашылғанда мен бір ән естідім. Бұл ән салып тұрған Милентенков болатын. Мен оның даусын тани кеттім. Бұрын да ол көбіне ән салып жүретін. Жерге түсіп парашют торы- нан босанып болысымен-ақ, мен өзіміз келіскен шарт- ты белгімізді бердім. Біраз уақыт бұган ешкім үн қата қоймады. Содан соң барып менің қасыма Закарпатья украины Андрей Поп келді. Ол аһлап-уһлеп тұр: секі- ріп түскенде етін біраз ауыртып алса керек. Мен оны қолтығынан демеп, алдымыздағы түбір-түбіртіктерге сүріне-қабына біраз жер жүрдік. Бір кезде алдымыздан үлкен ңұлама жар шыға келді. Төменде сарылдап су ағып жатыр.
Бері қарашы, Андрей,— дедім жолдасыма,— орныңнан қозғала көрме! Төменде не барын кім білсін. ІИыңырау түбіне ңарай тоңқалаң аса түсерміз.