0, жасаған ием, бере көр тілекті,— деп, маған сүйіспеншілікпен қарап, жылжып, қасыма біртабан жақындай түсті.
Ал, қария, селоңызда тағы да қандай жаңалық бар? — Деп сұрады Бутенко.
Ңарт сәл ойланып, төмен қарады да, әңгімесін соза түсті:
Айта берсем, әңгіме таусылмас,— деді ол,— қайсыбірін айтармын... Жуырда Ңызыл Армия біздің селоға парашютистер түсірді аспаннан. Солардың бь реуі шеткі бір үйдің төбесіне түсіпті. Селоның екінші шетінде тұрған жау сақшысы жеткенше, ол қашып үл- гіреді.. Село гарнизоны көтеріледі, ашылмаған есік, қаралмаған куыс қалмайды. Жергілікті халықты дүр- ліктіреді, үрейлендіреді. Бірақ парашютисті таба ал- майды...
Ия, сочымен, ол парашютист қайда кетіпті?— дедім мен.
Бұдан кейін шалдан өзімізге қажетті көп жағдай- ларды білдік.
Жолдас командир, уақыт болып қалды,— деді Бутенко түрегеліп.
Сағатыма қарасам, таңертеңгі 7 ден 10 минут өткен екен.
Ал, біз кетелік!..— деп мен қартқа қарадым.
Маған сеніңдер, балаларым...— деді қарт бізге сенбей тұр ма дегендей көз тастап.— Сендерді көрдім- білдім деп тісімнен шығармасқа Исустың атымен, ата- бабаларымның аруағымен ант етемін... Бұлармен мен де соғысқанмын... 1918 жылы. Әлі де соғысамын. Олар- дың халыққа істеп жатқан қорлығын ұмытпаймын.