Логика ғылым ретінде


V. ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ БЕКЕРЛЕУ



бет15/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
лекция Логика ғылым ретінде

V. ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ БЕКЕРЛЕУ

Тура тұжырымдалған білімді алу, тек ой тұжырымы түрінде ғана болмайды. Ойлау үдерісін жүзеге асырудың негізгі формасының басқа бір түрі — дәлелдеу. Ол өзінің құрылымы күрделілігімен ерекшеленеді. Ақиқатқа жетуге мүдделі күрделі ақыл-ой конструкциясын — ой тұжырымдарының тізбегін немесе олардың азды-көпті қалыпты жүйесін түзуге қабілеттілігі мен адамзат ойлауы дамуының жоғары деңгейін куәландырады.


Дәлелдеу — бұл кейбір пайымдаулардың ақиқаттығын оны ақиқат ретінде қабылдайтын басқа пайымдаудан шығару жолына негізделген пайымдау.
Жеке алынған ой тұжырымы сияқты, дәлелдеу де құрама тұжырымдалған білім алуға бағытталған. Бірақ, егер ой тұжырымының қызметі бәрінен бұрын жаңа білімді шығару болса, онда дәлелдеудегі ауырлық күші білімнің сол не басқаның ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтауға ауыстырылады. Міне, сол себептен дәлелдеу сенімді қалыптастырудың маңызды құралы деп есептеледі. Яғни, сол немесе басқа білімдердің дұрыстығына сенімділікке қол жеткізеді.
Дәлелдеудің кез келген ғылымға тән екені айтпаса да түсінікті. Әрі бұл табиғи нәрсе.
Ғылым дегеніміз — әрекеттің сол немесе басқа саласы туралы шашыраңқы мәліметтердің қосындысы емес қой. Ол білімдердің мейлінше қалыпты жүйесі. Онда барлық элементтер өзара байланысты, бір-біріне тәуелді, бір-біріне қатысты болады. Егер, ол оның басқа ақиқат қағидаларынан оқшауланбай, олармен байланысты, солардан шыққан, солармен негізделген болса, сонда ғана сол не басқа да қағидалар ғылым арсеналына табиғи енуі мүмкін. Кез келген ғылымның міндеті — тек қана ақиқатты ашу мен жариялау ғана емес, оларды дәлелдеу де.
Математика — барлығы дәлелдеуге негізделген, бірі басқасынан логикалық жолмен шығарылған қатаң ғылымның үлгісі бола алады. Оны шағын алғышартқа негізделген бір ұлы дәлелдеу деп айтуға болады.
Басқа ғылымдарда: жаратылыстануда — физика, биология, астрономия және т.б., қоғамдық ғылымдар — тарих, философия, әлеуметтану және т.с.с. салаларында да дәлелдеу аз қолданылмайды.
Ал заң саласында дәлелдеуге айрықша көңіл бөлінеді. Мұнда ол барлық жерде үстемдік етеді. Дәл осы жерде салтанат құрады десек, артық айтқандық емес. Құқықтың жалпы теориясының ажырамас бөлігі болып табылатын және логика мен оның дәлелдеу туралы ілімі үшін мол ақпарат беретін соттық дәлелдеулердің тұтас теориясы бар.
Сот тәжірибесіне қатысты дәлелдеу термині өзіндік — «дәлелдеу» деген мағынаға ие. Мейлі қылмыстық немесе азаматтық іс болмасын, бүкіл сот процесі тек дәлелдеумен ғана шектелмейтіні белгілі, бірақ онсыз, өзексіз ағаш сияқты, сот та жоқ. Ол сот процесінің мәнімен — сол немесе басқа құбылыстардың, оқиғалардың, деректердің анықталуы қажеттілігімен, олардың талдануы мен соған сәйкес тұжырымның алынуымен байланысты. Олар үкім немесе сот ұйғарымының негізіне жатады. Кез келген сот өзінің үкімі немесе ұйғарымы, шешімі шын мәнінде негізделген болғанда, яғни, барлық алдыңғы талас-тартыстан логикалық жолмен өрбігенде ғана, өз қызметін толық орындайды.
Сот тәжірибесінде дәлелдеу өз-өзінен, тек өзіне ғана тән белгіні қабылдайды. Сонымен, қылмыстық заң шығаруда кінәсіздік презумпциясы ұстанымы, керісінше жағдай дәлелденгенге дейін кінәсіздік дерегін заңи нанымды деп тануды білдіреді. Басқаша айтқанда, сол не басқа тұлғаның кінәлілігі, оның дәлелденуіне тура тәуелділікте болады.
Кінәлі адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Ол міндет («дәлелдеу жүгі») басқаларға — тергеушіге, прокурорға жүктеледі. Кінәлаудың өзі кінәлі екенін дәлелдеу сияқты боп көрінеді. Дегенмен, бұдан кінәлі адам ешнәрсе дәлелдемейді деген пікір шықпайды. Ол кінәні бекерлеу үшін өзі білетін барлық мәліметтерді пайдалануға құқылы.
Азаматтық процессуалдық заң шығаруда әрбір жақ (талапкер және жауапкер) өзінің талаптары мен қарсылығының негізі ретінде, сүйенетін жағдайды дәлелдеулері керек.
Сот тәжірибесінде көптеген дәлелдеу мысалдары бар. Сот дәлелдеулерінің үлгілерін ежелгі атақты шешендер — Демосфен мен Цицерон, орыстың сот ісі шешендері Ф. Плевако мен А. Кони, біздің елімізде атақты қазақ билері Төле би, Казыбек би, Әйтеке би және т.б. көрсеткендеріне тарих куә.
Көркем әдебиеттерде біз дәлелдеу дарынына ие тамаша ізкесушілер мысалдарына кездесеміз. Олар: Ш. Холмс, Мегрэ және т.б. А. Конан Дойлдың әңгімелер жинағының алғысөзінде К. Чуковский: «Ш. Холмс туралы әрбір әңгіме адамзат ақыл-ойының ұлылығы туралы көрнекті сабақ. Оның бүкіл әңгімелер жүйесінің басты құндылығы, міне, осында. Басқа оқырманға бұл логика қаншалықты аңқау және солқылдақ болып көрінсе де, олардың әрқайсысы жеңімпаз логиканың ұраны», — деп жазады.
«Жеңімпаз логика» — бұл тек атақты дедуктивтік әдіс қана емес, дәлелдеудің тұтас жүйесін құрайтын, оны пайдалануға негізделген ой тұжырымының мықты тізбегі.

Дәлелдеу құрылымы


Кез келген дәлелдеу құрылымы, оның нақты мазмұнынан тәуелсіз, ғылыми және түрлі практикалық әрекеттің қай саласында болмасын, бірдей болады. Ол басты екі элементтен: тезис және дәйектерден (негіздерден) тұрады. Олар өзара тек өздеріне ғана тән логикалық байланыста (демонстрация, дәлелдеу формасы немесе амалы) болады: бірінші — не дәлелденеді; екінші — немен дәлелденеді; үшінші — қалай, қандай түрде дәлелденеді.


Тезис — ақиқаттығы негізделетін пайымдау.
Егер пайымдаулар анық емес және дәлелдеуді қажетсінсе, онда олардың сан алуан түрі тезис ретінде пайдаланылады. Ғылымда — бұл теориялық немесе практикалық мәнді түрлі ғылыми қағидалар. Математикалық дәлелдеуде дәлелденетін теорема тезис болады.
Заң тәжірибесінде — бұл көбінесе дәлелдеуге жататын деректер мен жағдайлар.
Сонымен, қылмыстық үдерісте дәлелдеу көмегімен: қылмыстық оқиға болды ма, қылмысты істе тұлға кінәлі ме?, қылмыс түрткілері, кінә дәрежесі, зиянның сипаты мен өлшемі, қылмыстың себептері мен жасалу жағдайлары белгілі болады.
Қылмыстық тексеруде алибиді (латынша alibi — басқа жерде) дәлелдеуге айрықша мән беріледі. Яғни, қылмыс жасалған сәтте күдік тудырушының басқа жерде болуы. Егер алиби расталса немесе ең болмағанда жоққа шығарылмаса, онда бұл тұлға қылмыс жасады деген тұжырым негізделген деп танылмайды.
Азаматтық процесте дәлелдеу жолымен шағымды немесе басқа талаптарды және т.б. қанағаттандыратын жағдайдың болған, болмағаны анықталады.
Сотпен жалпыға белгілі деп танылған жағдай дәлелдеуді қажетсінбейді.
Бір ғылымда дәлелденген тезис, басқа ғылымда да дәлелдемей-ақ ақиқат ретінде қабылданады.
Тезис түрінің бірі болжам (грекше hipothesis — негіз, болжам, болжал) туралы әзірше қысқаша тоқталып, келесі тарауда кеңірек айтамыз.
Бұл пайымдау ақиқат та емес, жалған да емес. Азды-көпті ықтимал болжал. Ол дәлелдеу нәрсесі және уақыт өте келе ғылыми қағида немесе теория мәртебесіне ие бола алады. Ломоносов айтқандай, болжам ұлы адамдар «ең маңызды ақиқатты ашуға» дейін жеткен жалғыз ғана жолды бейнелейді. Осыдан барып дәлелдеу функцияларының бірі — теория жасау немесе оның дамуына қажет құрал болу екені анық біліне бастайды. Демокриттің материяның атомдық құрылысы туралы болжамын еске түсіріңіздерші, кейіннен ол физика негізін құрайтын теория болды; Күн жүйесінің пайда болуы, бастапқы зор тұмандылықтан шыққандығы туралы Канттың болжамы табиғатқа деген диалектикалық көзқарас қалыптасуында зор рөл атқарды; Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі («өздігінен пайда болу», басқа ғарыштық денелерден «ауысу» және басқа) болжамдар бар.
Болжамның көп түрінің бірі болып, заң тәжірибесінде жорамал (латынша versіо — түрлік өзгеру, бұрылыс) есептеледі.
Бұл соттың не тергеушінің оқиғаның, фактінің болу не болмауы, олардың шығу тегі, сипаты және т.б. туралы болжалы.
Міне, не себептен кейде бір мезгілде бірнеше жорамал немесе жорамалмен қатар, қарсы жорамал ұсынылатыны түсінікті болды.
Дәлелдеу негізі (немесе аргументі, дәйектері) — бұл тезис негізделетін пайымдау.
Атқаратын рөлдеріне қарай дәлелдеуде олардың өзі көбінесе күнделікті тәжірибеде және ғылымда дәлелдеулер деп аталады. Ал заң теориясы мен сот тәжірибесінде ол тіпті арнайы термин. Азаматтық процессуалдық кодексте «Дәлелдеу» деген айрықша бап бар, онда сот процесінде пайдаланылатын дәйектер қарастырылады. Сондай-ақ «заңи негіздер» деген термин де кеңінен қолданылады.
Негіздердің (дәйектердің) әр алуан түрлері бар: деректер, анықтамалар, аксиомалар мен постулаттар, бұрынырақ дәлелденген қағидалар.
Жағдайлардың көпшілігінде дәлелдеу белгілі, тексерілген, нанымды (немесе көз жеткізілген), ақиқаттығына күмән жоқ деректерге негізделеді.
Әдетте айтатындай, деректер — қыңыр зат. Логикалық қатынаста бұл олардың кез келген сөзден артық сендіретін зор таңушы күшке ие екенін білдіреді. Ол сөзсіз дәлелденетін зат. Құқық саласында «заңи фактілер» деген арнайы термин жиі қолданылады. Онымен нақты құқықтық қатынасты тудыруға не тоқтатуға негіз болатын, заңда алдын ала қарастырылған жағдайлар түсініледі. Ол оқиға немесе әрекет болуы мүмкін — дүниеге келу немесе өлім, некеге отыру және т.с.с. Осындай деректер заңсыз әрекет етуде кінәлілерді заңи жауапкершілікке тартуға толық негіз болады.
Заңгерлер сондай-ақ «даусыз фактілер» туралы жиі айтады. Оларға азаматтық дауда екі жақтың дауының негізі болмайтын, бірақ іске қатысты жағдайлар жатады.
Мысалы, бір жақ бір нәрсені дәлелдейді, ал екінші жақ бұл жағдайды мойындайды. Егер екі жақ үшін даусыз жағдай сотқа күдік тудырса, ол оны басқа қосымша дәлелдер көмегімен тексере алады.
Сот тәжірибесінде дерекке үлкен мән беріледі. Сонымен, азаматтық іс бойынша кез келген деректі мәліметтер дәлелдеу бола алады. Белгілі заңмен сот жағдайлардың бар немесе жоқтығын, екі жақтың негіздеген талаптары мен қарсылығын және істің дұрыс қаралуы үшін мәнді басқа да жағдайларды анықтайды.
Осы мәліметтер келесі құралдармен: екі жақтың және үшінші адамның түсініктемесімен, куәгерлердің мағлұматтарымен, жазбаша айғақты дәлелдеулермен және сарапшы қорытындысымен анықталады.
Криминалистикада арнайы тәсілдер, әдістер мен жинау құралдарының, жазып алу, соттық дәлелдеуді зерттеу мен пайдаланудың тұтас жүйесі жасалады.
Әділдікті жүзеге асыруда, заңды бұзу арқылы алынған дәлелдеулерге жол берілмейтінін атап айту маңызды.
Деректен бөлек, басқа әмбебап құрал ретінде, дәлелдеу үдерісінде анықтама қолданылады.
Мысалы, геометрияда — бұдан кейін теореманы дәлелдеу үшін іргелі мәнге ие бастапқы ұғымдардың анықтамасы — нүкте, сызық, жазықтық және т.б. қолданылады. Басқа ғылымдарда да анықтаманың рөлі соншалықты мәнге ие. Олар өздерінің дәлелдеулер негізі функциясын орындауға қабілетті. Себебі, нәрсенің жалпы (тектік) сияқты айрықша (түрлік) басқа қасиеттерді немесе белгілерді тудыратын мәнді белгілерін ашады. Олай болса, анықтамалар арқылы оларды түсіндіруге, негіздеуге, анықтауға, қорытуға болады. Әсіресе мұндай жағдайда неғұрлым жалпы ұғымдардың — философиялық категориялардың — материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт және т.б. физикада — салмақ пен энергияның, химияда элементтердің, биологияда — тіршілік пен түрдің, әлеуметтануда — қоғамның, еңбек, әлеуметтік қатынастар және т.б. анықтамалары айрықша зор мәнге ие болады.
Сот тәжірибесінде маңызды ұғымдар анықтамаларына жиі сүйенеді.
Егер деректер мен анықтамалар, шын мәнінде барлық ғылымдарда негіз ретінде пайдаланылса, онда кейбір ғылымдарда осы тұрғыда аксиомалар мен постулаттар да қолданылады. Жеке жағдайда ол математика, механика, теориялық физикаға қатысты.
Дәлелдеу негіздері қатарында, бұрынырақ дәлелденген қағидалар айрықша орын алады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін. Олардың арасында ғылым заңдары аса ерекше мәнге ие болады.
Дәлелдеу негізінің сан алуандығы осылай көрініс береді. Нақты жағдайларда, көбіне олар жеке емес, түрлі үйлесімділікте азды-көпті қалыпты біріге немесе жүйе құра кездеседі.
Дәлелдеулерді осылай не басқа ретпен қолдану үдерісінің өзі дәйектеме деп аталады. Әрине, уәждердің орналасуы мен топталуы алдын ала анықталған болуы мүмкін емес. Мұның бәрі қарастырып отырған сұрақтың мәніне байланысты болады. Ең жалпы ереже, мұнда дәлелдеудің басы мен аяғында неғүрлым салмақты, ал ортасында азды-көпті әлсіз уәждермен қарулануға келіп тіреледі.
Тезис пен негіз арасындағы байланыс қатаң, бірмәнді емес, жылжымалы екенін атап өтудің маңызы зор. Бір ғана тезисті әртүрлі негіз көмегімен дәлелдеуге, ал бір негізді бірнеше тезисті дәлелдеуге пайдалануға болады.
Айтылғандардан дәлелдеу элементтерін тезиске, негізге бөлу белгілі мағынада салыстырмалы, шартты деген тұжырым жасауға тура келеді. Бір қатынаста тезис болатын нәрсе, басқа қатынаста негіз болады. Әсіресе бұл геометрияда көрнекі түрде көрінеді. Қазір ғана дәлелденген теорема (тезис), ары қарай жаңа теореманы дәлелдеуде негіз ретінде пайдаланылады.
Сот жүргізу ісінде бұрынырақ дәлелденген жағдай, белгілі жағдайларда жаңа үдерісте қайта дәлелденбей, негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Дәлелдеу амалы (немесе формасы). Тезис пен дәйектің болуы, дәлелдеу қолымызда дегенді білдірмейді. Ағылшынның бір пьесасында ұл бала сахнаға шығады да, қалтасынан детальдар үймегін шығарып, мына жерде машина құрастыру үшін қажеттінің бәрі бар дейді. Бірақ детальдар үймегінің әлі көлік емес екені елдің бәріне түсінікті ғой.
Дәлелдеу іске асуы үшін, негіздер мен одан шыққан тұжырымдардың бір ізді логикалық байланысы талап етіледі. Оның нәтижесінде тезистің ақиқаттығы немесе жалғандығы қажеттілікпен мойындалады. Міне, дәлелдеудің формасы (немесе амалы) - оның логикалық діңі салдарлар қатынасы болып табылады екен.
Демонстрация — бұл дәйектер мен тезис арасындағы логикалық байланыс.
«Айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады», «Мазмұндау нақтылап көрсетуге жол береді», «Бұдан шығады», «Дәлелдеу қажеті де осы еді» және т.б. сөйлемдер дәлелдеуге тән тілдік құрал болып қызмет атқарады.
Егер тезис функциясын немесе дәлелдеу негізін пайымдау орындаса, онда дәлелдеу амалы қызметін — ой тұжырымы атқарады. Дәлелдеу — бұл анықталған түрде орналасқан ой тұжырымдарының жүйесі. Олардың ішінде соңғы тұжырым рөлін тезис атқарады.
«Риторика» еңбегінде Аристотель: «Барлық шешендер мысалдар келтіру немесе энтимемалар құру арқылы өз дәлелдерін баяндайды», — дейді.
Энтимемалар — бұл қысқартылған ой тұжырымы. Оның тәсілдері — индукция және аналогия екенін ескере отырып, демонстрацияның үш түрін ажыратып көрсетуге болады. Олар:
1) дедуктивті;
2) индуктивті;
3) традуктивті (аналогия бойынша).
Егер оның алғышарттарынан олардың ақиқат болуын талап етсе, онда барлық қарастырған ой тұжырымының түрлері демонстрацияның сәйкес түрлеріне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет