Логика ғылым ретінде


Традукция (аналогия бойынша ой тұжырымы)



бет14/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
лекция Логика ғылым ретінде

Традукция (аналогия бойынша ой тұжырымы)

Ой тұжырымы формасының байлығы, тек дедукция мен индукцияның сан түрлі болуымен ғана сипатталмайды. Осы екі түрімен қатар, ой тұжырымының негізгі түрлерінің бірі, өз кезегінде әртүрлі формаларға ие — традукция болып табылады. Оның кең тараған және маңызды формалары — аналогия бойынша ой тұжырымы немесе қысқаша аналогия (гректе аnalogіа — сәйкестік, ұқсастық) деп аталады.


Аналогия — ең ежелгі ойлау операцияларының бірі. Ол адамның әлемнің сапалы көптүрлілігін тану қажеттілігі мен ол туралы бар білімінің арасындағы объективті қайшылықтан туындайды. Оның қызметі — осы қайшылықты шешудің бір құралы болу.
Шын мәнінде, алғашқы адам өзін қоршаған нәрселер мен құбылыстар жиынының нақты қасиеттерін, олардың байланысы мен қатынастарын білмей-ақ, өзіне түсінікті, белгілі нәрселерге ұқсастығы бойынша оларды түсіндіру үшін, оларға өзінің қарапайым, шектелген болса да білімін таратуға тырысты.
Сонымен, антропоморфизм мен анимизм — адам мен оның жанына ұқсастыру осылай пайда болды.
Ұқсастыру — мифология мен діннің пайда болу алғышарттарының бірі болды.
Аналогия ой тұжырымының типі ретінде, ойлауда ең алдымен нәрселердің өзімен, құбылыстардың сапалы анықталғандығымен, сондықтан бір-бірінен ерекше болуымен, сонымен қатар өзара объективті ұқсастыққа ие болуымен тууы ықтимал. Ал әлемде бар нәрсе өзара байланысты. Онда бір қатынастағы ұқсастық, басқа қатынастағы ұқсастықпен қажетті түрде байланысты болуы мүмкін.
Міне, ол сол себептен сәйкес ой тұжырымына объективті негіз болады. Ойлауда миллиард рет қайталана отырып, мұндай операция тұрақты логикалық форма сипатына ие болып, өзінің арнайы — «аналогия» деген атын иемденді.
Аналогия аса қажет, себебі практикалық әрекетте кейде нәрсені басқамен салыстырусыз тану мүмкін емес және салыстыру, қатар қою, ұқсастыру ол туралы тез, оңай әрі жеңілірек білім алуға жағдай жасайды.
Аналогия көмегімен нәрселердің бір белгідегі ұқсастығынан, олардың басқа белгідегі ұқсастығы шығарылатын ой түжырымын білдіруге болады.
Мысалы, жылу мен электр жылуы арасында таратылу амалында ұқсастық бар. Өз кезінде, міне осы амал жылу үшін теңдікті электр жылуы құбылысы аумағына көшіруге мүмкіндік берген.
Бір адамның ауруының белгілері, дәрігерге сондай белгідегі белгілі аурудың диагнозын анықтауға мүмкіндік береді.
Әрине, аналогия көрініс беруінің жиындары мол: ол екі нәрсенің ұқсастығы туралы әлсіз, елеусіз болжамнан макро-, микро-, мега- әлемдері заңдылықтарының ұқсастығы туралы ең терең және жалпы болжамдарға дейін, содан соң ғылыми және философиялық салдарға дейін қамтиды.
Аналогия ой тұжырымы ретінде, кез келген ой тұжырымы сияқты жалпы, ортақ белгілерге ие.
Сонымен бірге ол айрықша тип, традуктивті ой тұжырымын бейнелей келе, дедукция мен индукциядан елеулі айырмашылықтары да бар. Оның басты ерекшелігі сол, онда ой жалқыдан жалқыға, жекеден жекеге, жалқыдан жалпыға жылжиды. Яғни, алынған білім бастапқыдағы сияқты, жалпылықтың сондай дәрежесіне ие болады.
Сонымен бірге аналогия дедукция, индукциямен тығыз байланысты. Бір жағынан ол дедуктивтік және индуктивтік жолмен алынған білімге сүйенеді. Басқа жағынан — оларға жаңа ой тұжырымы үшін өзі мәлімет береді.
Таным үдерісінде аналогияны бағалаудың білім өрісі өте кең: мәңгүрттіктен өлшеусіз күшейтілгенге дейін жетеді. Шындығында, аналогия елеулі эвристикалық құндылыққа ие. Дегенмен, оның өзіндік кемшіліктері де бар. Ой тұжырымының басқа типтеріне ұқсас, ол да жаңа білім беруге қабілетті және береді де. Алайда, ол білім тек нанымды ғана емес, көпшілігінде ықтимал. Аналогияның маңыздылығы сонда, көптеген жеке ғылымдардағы жаңалықтар, философияда жасалған терең тұжырымдар соған негізделгені дәлелденеді. Ең елеусіз деген болжамдар, кейде адамдарға орасан пайдасын тигізеді.
Ежелгі грек философы Гераклит, бізді қоршаған әлемді өзенге ұқсастыру арқылы әлем туралы іргелі диалектикалық көзқарасын үдеріс ретінде: «барлығы ағады, бәрі өзгереді» деп берді. Сол Ежелгі Грекияның тағы бір философы Демокрит материяның ұсақ бөлшектері атомды күн сәулесіндегі тозаңға ұқсастырып, шындықтың барлық аумағына — табиғатқа, қоғам мен ойлауға тән маңызды қағида - атомизмді сомдады.
Қазіргі уақытта физикада жарық пен дыбыс толқынының таралу ұқсастығы негізінде, Гюйгенс жарықтың толқындық табиғаты туралы тұжырымын жасады. Аналогия бойынша ой тұжырымы көмегімен, Франклин найзағайдың электрлік табиғаты туралы ережесін қорытты. Биологияда Дарвин аналогия негізінде, өсімдіктер мен жануарларды үй шаруашылығында жасанды іріктеу арқылы «жасанды іріктеу» ұғымын енгізіп және соның көмегімен өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясын түсіндірді.
Қазіргі астрономияда, әдеттегі жарылыс бойынша аналогия жасау жердегі «үлкен жарылыс» туралы көріністі қалыптастыру үшін, оның кейінгі эволюциясында белгілі бір мәнге ие болды.
Салыстырмалы түрде жаңа ғылым — кибернетикада тірі ағзалар мен техникалық құрылымдардағы басқару функциялары арасында да аналогия пайдаланылады. Белгілі бір мағынада осындай қайшылықты шешудің ең жаңа құралы ретінде көрінеді.
Күннен-күнге техникада және ғылымда (ғимараттар салуда, темір жол, ғарыш кемесін, экономикалық үдерістерді, тіпті ойлауды модельдеуде) кеңінен тарап бара жатқан модельдеу де аналогиямен тығыз байланысты.
Космонавтикада адамды ғарышқа ұшыруға болатындығы туралы тұжырым, жануарларды ғарышқа жіберу (Белка және Стрелка деген иттерді) аналогиясы негізінде жасалғаны баршамызға бұрыннан белгілі.
Аналогиялар, сондай-ақ қоғамдық өмірді зерттеуде де пайдаланылады. Дәуірлер, оқиғалар, тұлғалар арасында сәйкес тұжырымдармен тарихи параллельдер жүргізетін компаративистика немесе салыстырмалы-тарихи әдіс те осы аналогияға негізделген. Аналогия әлеуметтану, философия, психология және заң ғылымдарында қолданылады.
Ал заң тәжірибесінде аналогия мейлінше кең қолданылады. Оның мұнда да объективті қайшылықтан туындайтынын атап өткен дұрыс. Бұл жағдайда — құқықтық реттеуді талап ететін қоғамдық қатынастардың болуы мен сәйкес құқықтық нормалардың болмауы арасындағы қайшылық деп ұғу керек.
Құқықта мұндай қайшылықтың бейнеленуі болып «бос» ұғымы есептеледі. Ал аналогия, бұл жерде белгілі бір мағынада осындай қайшылықтарды шешудің құралы болып табылады.
Кемшілік сипатына қарай, заңи аналогия өзіне ғана тән заң аналогиясы және құқық аналогиясы деген екі формаға ие болады.
Заң аналогиясы сол не басқа да қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу талап етілген жағдайда, тікелей заңмен қарастырылмаған немесе толығымен қарастырылмаған, бірақ ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормалары бар болған кезде қолданылады.
Кұқық аналогиясы бастапқы құқықтық нормалар болмаған жағдайда пайдаланылады. Онда құқық саласына сәйкес жалпы бастамаларды немесе мағыналарды не елдің заңдылығын тұтасымен басшылыққа алуға тура келеді.
Біздің елімізде заң және құқық аналогияларын қолдану қатаң шектеулі және сәйкес заң шығаратын актілерімен реттелген. Ол да, басқасы да ҚР Азаматтық процессуалдық кодексімен бекітілген. Онда сот заң негізінде істерді шешуге міндетті деп атап айтылады. Заң болмаған жағдайда, даулы қатынасты реттеуші сот ұқсас қатынастарды реттейтін заңды қолданады. Ал мұндай заңдар болмаса, заң шығарудың жалпы бастамасы мен мағынасынан өзі шығарады.
Мұнда аналогияның мәні, жүзеге асырылып жүрген құқық нормаларының аумағын кеңейтуімен анықталады және сонысымен құқықтық тәртіптің күшеюіне қызмет етеді. Соның нәтижесінде құқықтық нормаларды ары қарай дамытып жасауға қолайлы жағдай туады. Сонымен бірге оның қолданылуы құқықтың жаңа нормасын құру дегенді білдірмейтінін қатаң есте ұстау қажет.
Аналогия бойынша нақты сұрақты шешу жеке сипатқа ие. Алайда басқа ұқсас жағдайларға міндеттеуші күшке ие емес. Сонымен қоса, сәйкес келетін жағдайларда аналогияны қолдану міндетті.
Егер сәйкес норма жоқ болса немесе ол толыққанды болмаса да, сот сұрақты шешуден бас тарта алмайды.
Аналогия сол сияқты әкімшілік және еңбек құқығында, белгілі бір шекте қолданыла алады. Басқа елдерде прецедент деп аталатын (яғни, ақтауға себепкер боларлық өтіп кеткен жағдай) нәрсе болса, қылмыстық заң аналогия бойынша да қолданылады.
Аналогияның заң саласында өзіне ғана тән сипатқа ие екенін есепке алу керек және сот тәжірибесінде оны қолдану таза логикалық қана емес, құқықтық та, тіпті саяси тұрғыдағы күрделі рәсім.
Ой тұжырымының басқа түрлеріне ұқсас аналогияның да құрылымы бар. Мұнда да өзара белгілі бір логикалық байланыста болатын алғышарттар мен қорытынды болады. Алайда олардың да өзіндік ерекшеліктері бар.
Аналогия алғышарттары — бұл екі нәрсе немесе нәрселер тобының тепе-тең емес, тек ұқсас белгілері арқылы жақындасатын пайымдаулар.
Бұл жағдайда нәрсенің бірі — модель, басқасы — түпнүсқа немесе прототип деп аталады. Түпнұсқа ие не ие емес екендігі белгісіз болатын модельдің белгісі не белгілері де кездеседі.
Қорытынды (немесе тұжырым) дегеніміз — осы белгінің бар екендігі құпталатын пайымдау. Ол ауыстырылатын деп аталады.
Нәрселердің өздерінің объективтік ұқсастығын бейнелейтін, олардың мазмұны бойынша ұқсастық қатынасының логикалық байланыс алғышарттарымен қоса, бар болуы қорытындының логикалық негізі болып табылады.
Аналогия бойынша ой тұжырымының алғышарттары модельге, ал қорытынды — прототипке жатады.
Дәстүрлі логикада аналогия құрылымын, әдетте сұлбамен былай көрсетеді:
А және В а, в, с белгілеріне ие.
А d белгісіне ие.
В-ның да d белгісіне ие болуы ықтимал.
Аналогиядағы қорытынды пайымдау формасын қабылдайтын болғандықтан, ол ақиқат және жалған болуы мүмкін. Ендеше аналогия ақиқат та, жалған да білім бере алады екен.
Бір белгідегі нәрселердің ұқсастығынан шынында басқалардың ұқсастығы шықса, аналогия ақиқат болып есептеледі.
Міне, көптеген аналогиялардың, әсіресе ғылым мен техникада не себептен ақиқат боп шыққандығы өз-өзінен түсінікті болды.
Оған мысал ретінде жылу мен электр жылуының таратылуы арасындағы, табиғи мен жасанды іріктеу арасындағы және т.б. аналогияларды айтуға болады.
Аналогия нәрселердің шынайы ұқсастығына сәйкес келмегенде, жалған болады. Сонымен, Марс пен Жердегі тіршіліктің мүмкіндігі қатынасында (бірнеше ондаған жылдар бұрын оқытушылар дәрістерінде осыны мысал етіп келтіруді ұнатқан), ғарыш кемелерінің Марсқа қонуы нәтижесінде дәлелденбей қалды. Себебі, онда тіршілік тынысы байқалмаған. Дәл осылай ағза мен қоғам арасындағы, жануарлар мен қоғамдастар (ара, құмырсқа және т.б.) және адамзат қоғамы арасындағы аналогиялар да жалған боп шықты.
Көптеген нанымдардың, астрологиялық және халық болжамдарының және т.б. жалған аналогияға негізделгені жиі байқалады.
Аналогия бойынша тұжырымның ықтималдық дәрежесі бірқатар жағдайларға байланысты, соның ішінде негізгілері:
1. Ортақ белгілердің сапасы (яғни олардың жалпылық және мәнділік дәрежесі).
2. Осындай белгілердің саны.
3. Ұқсас және ерекше белгілердің арасындағы қатынас.
Аналогия бойынша алынған қорытындының ықтималдық дәрежесін төмендегідей талаптарды орындау арқылы арттыруға болады:
1. Модель және прототип үшін ортақ белгілердің саны мүмкіндігінше көп болуы тиіс.
2. Аналогия негізі болатын белгілер салыстырылатын нәрселер үшін мәнді болуы керек.
3. Ортақ белгілер салыстырылатын нәрселердің әр қырын қамтуы қажет.
4. Ауыстырылатын белгі аналогия негізін құрайтын белгілер типіне жатуы әрі олармен байланысты болуы тиіс.
Аналогия өзінің қолданысында шекті болады. Сол үшін қолайлы жағдай туады. Сонымен бірге оның қолданылуы, құқықтың жаңа нормасын құру дегенді білдірмейтінін қатаң есте ұстау қажет.
Аналогия бойынша тұжырымның ықтималдық дәрежесі бірқатар жағдайларға байланысты, соның ішінде негізгілері:
1. Ортақ белгілердің сапасы (яғни олардың жалпылық және мәнділік дәрежесі).
2. Осындай белгілердің саны.
3. Ұқсас және ерекше белгілердің арасындағы қатынас.
Аналогия бойынша алынған қорытындының ықтималдық дәрежесін төмендегідей талаптарды орындау арқылы арттыруға болады:
1. Модель және прототип үшін ортақ белгілердің саны мүмкіндігінше көп болуы тиіс.
2. Аналогия негізі болатын белгілер салыстырылатын нәрселер үшін мәнді болуы керек.
3. Ортақ белгілер салыстырылатын нәрселердің әр қырын қамтуы қажет.
4. Ауыстырылатын белгі аналогия негізін құрайтын белгілер типіне жатуы әрі олармен байланысты болуы тиіс.
Аналогия қолданбалылығына қарай шегі бар. Сол үшін ол кейде тиімсіз, тіпті зиянды болады. Егер зерттелетін нәрседе ауыстырылатын белгі мүмкіндігін жоққа шығаратын белгі болса, ол қолданылмайды. Қарсы жағдайда аналогия жалған болады. Жер мен Ай бір Күн жүйесінің ғарыштық объектілері ретінде кейбір қатынаста ұқсас. Бірақ бұдан Айда тіршілік ету мүмкін деген ой тұжырымын жасауға болмайды. Өйткені онда тірі нәрсе өмір сүру үшін қажет атмосфера да, су да жоқ.
Егер айырмашылықтар соншама алшақ болса, аналогияны пайдалануға болмайды. Әсіресе оны қоғамдық өмірде қолданғанда өте абай болу керек. Қогамдық құбылыстар таңқаларлықтай аналогиялы, бірақ түрлі тарихи дәуірлерге қатысты болғандықтан, әртүрлі нәтижеге әкелуі мүмкін. Сол себептен аналогия жалған болады. Мәселен, капитализмге тән жалдамалы еңбек құл иеленушілік қоғам кезінде де болды. Бірақ онда ол сирек кездесетін сипатта болды, әрі қоғамдық өмірге соншалық мәнді әсер етпеді. Ал капитализм кезінде ол еңбектің үстем жүйесі болып және қоғамның бет-пердесін бейнеледі.
Сондықтан қазіргі жұмысшы мен құл иеленушілік дәуірдің жалдамалы жұмысшысы арасын аналогияға келтіру өте шатқаяқ іс.

Аналогия бойынша ой тұжырымының түрлері


Аналогия да — ой тұжырымының басқа типтері сияқты көп қырлы құбылыс. Сондықтан бөлу негізіне жататын белгіге байланысты аналогия түрлері сан алуан болады.


Біз аналогияда белгілерді тасымалдау туралы сөз болатынын айттық. Белгілердің екі түрі: қасиет-белгі және қатынас-белгі бар екені белгілі. Сондықтан ненің ауыстырылатынына байланысты аналогия бойынша ой тұжырымының екі түрі: қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы болып ажыратылады.
Қасиеттер аналогиясы — бұл ауыстырылатын белгі рөлін қасиет-белгі атқаратын аналогия бойынша ой тұжырымы. Жоғарыда қарастырған атоммен, электрмен, табиғи іріктеумен мысалдар — қасиеттер аналогиясының мысалдары болып табылады.
Қатынастар аналогиясы — бұл тасымалданатын белгісі қатынас-белгі болатын аналогия бойынша ой тұжырымы.
Қатынастар аналогиясында нәрселер арасындағы ұқсастырылған нәрселер ұқсас қасиеттерге ие болмауы, тіпті мүлде әртүрлі, белгілі мағынада «салыстырмалы емес» болуы мүмкін. Бірақ олар басқа нәрселермен ұқсас қатынастар болуымен ерекшеленеді. Осы белгілісіне қарай сәйкес ой тұжырымы тууы мүмкін.
Сонымен, атом ядросы мен электрондар арасындағы қатынас пен Күн және оны қоршай айналатын планеталар арасындағы қатынасты салыстыру Резерфордқа атомның планетарлық моделін құруға жағдай туғызды. Атом мен Күн жүйесі — бұл «жер мен көктей» нәрселер.
Қатынастар аналогиясы өнерде метафора негізі ретінде пайдаланылады. Бұл осы аналогия қатынастары қарастырылып отырған нәрселердің нақты табиғатына салыстырмалы тәуелсіздігімен байланысты. Әртүрлі тектерге жататын нәрселер аналогияда бір-біріне ұқсастырылады. Бұл біздің ойлауымыздың бейнелілігін көрсетеді. Дегенмен мұндай аналогиямен алынған қорытындының ақиқаттық ықтималдылығын елеулі дәрежеге төмендетеді. Осыған орай аналогияларды тағы да фигуралды және дәлме-дәл деп бөледі. Осыған дейін біз дәлме-дәл аналогияларды қарастырдық.
Фигуралды аналогия — шындықтың түрлі сапалы аумағындағы нәрселер арасындағы қатынастар ұқсастығына негізделетін, байланыстары тек символикалық қана мәнге ие болатын ой тұжырымы.
Демократияның суреттелуі фигуралды аналогия болады:
«Демократия дегеннің не екенін анықтау қиын. Ол керік сияқты. Бір қарасаң болғаны, еш нәрсемен ешқашан да шатастырмайсың» немесе италияндық бір трагедияда әпкесі туралы бауырларының айтқан: «Ол біздің отбасымызда темір арасындағы раушан гүлдей боп өсті» деген аналогияда қатынастар анық көрсетілген. Бірақ, әрине, аналогия мұнда негіздеу амалы болып тұрған жоқ, алайда дұрыс деген жағдайда — кейіпкердің тағдырын түсіну амалы ретінде тұр.
Нәрселер қасиеттері арасындағы немесе нәрселердің өзара қатынасындағы ұқсастық өз кезегінде әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Сондықтан аналогия да түрлі форманы қабылдауда қатаң немесе қатаң емес болуға қабілетті.
Қатаң аналогия, әсіресе ғылымда кең тараған. Оған ауыстырылатын белгінің қажетті түрде басқамен, ұқсас белгілермен (мысалы, олардың салдары немесе керісінше — себебі бола тұра) байланысты болуы тән. Осындай жағдайда тұжырым нанымды бола алады.
Катаң емес аналогия өте кең ауқымда қолданылады. Ол ауыстырылатын белгі ұқсастығымен тікелей байланысты емес, бірақ орынды жерде пайдаланылады. Әрине, мұндай аналогия көп жағдайда ықтимал, әрі жалған білім береді, қате болуы да сирек емес.
Ой тұжырымының басқа түрлері, мысалы, индукция сияқты аналогия да толық және толымсыз болады.
Толық аналогияда ұқсастық айырмашылықты басып кетеді, ұқсастырылатын құбылыс жақын текке ие болады.
Толымсыз аналогияда — тек кейбір қатынастарда ғана ұқсастық болады.
Аналогия силлогизм сияқты, дұрыс және қысқартылған (энтимемалық) болады.
Аналогия болып есептелмейтін көптеген салыстыру — ұқсастырулар тұйық түрде тұжырым құрады немесе ол үшін мүмкіндік туғызады.
«Заң — ағаш терте: қалай бұрсаң, солай кетеді» деген белгілі мәтел: заңның орындалуына субъективті мүдделер әсері жайлы ойды және т.б. заңға деген осындай қатынасты, қоғамдық пікірдің кінәлауы туралы пікірді білдіреді.
Ерекше түрі ретінде, кейде жалған аналогияны да көрсетеді. Өйткені ақиқаты да бар ғой. Менің көзқарасым бойынша, бұл ақиқаттығы мен жалғандығына қарай, пайымдаулардың арнайы айрықша түрінің жоқтығы олардың мәнді сипаты деп есептейтін логиктердің пікірі де сол сияқты әрқашан жалған, ерекше аналогия жоқ деу де дұрыс. Қатаң да, қатаң емес те аналогия және қасиеттер аналогиясы да, қатынастар аналогиясы да жалған бола алатынын көрдік. Аналогия бойынша тұжырымның ақиқаттығы мен жалғандығы аналогияның танымдық мәні сипатына кіреді, әрі оның ықтималдығының осы немесе басқа дәрежесіне тең және оны түрлерге бөлуге тікелей қатысы жоқ болады.
Әрине, аналогияның қарастырған барлық түрлерінің тек салыстырмалы ғана ерекшеліктері бар. Сонда нәрселердің қасиет аналогиясын көрсете отырып, қасиет-нәрселер арасындағы қатынастың да көрінетінін есепке алу қажет. Ал қатынастар аналогиясы туралы айтсақ, бұл қатынастардың ұқсас екендігімен есептесу керек. Сондықтан олар өз қасиеттері бойынша ұқсастырылады.
Сол себептен қасиеттер аналогиясы бойынша, ой тұжырымы нәтижесінде нәрсенің басқаға қатынасы туралы жаңа хабар алынуы немесе керісінше болуы да мүмкін. Бір мысал келтірейік. Электр тогы мен жылудың таратылуымен жасалған аналогия — бұл екі физикалық құбылыстың қасиет аналогиясы болады. Алайда жылу үшін жасалған теңсіздіктің электрге ауыстырылуы (ал теңсіздік дегеніміз — қатынас) мұнда қатынас аналогиясының да ашылғанын білдіреді.
Қорытындыда әдіснамалық маңызды ережені атап көрсетейік: аналогияның қандай да нақты түрі туралы сөз қозғасақ, оның неғүрлым жоғары тиімділігіне, тек ой тұжырымының басқа түрлерімен өзара әрекетте, басқа формалармен және таным әдістерімен тығыз байланыс орнағанда ғана қол жеткізуге болады екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет