Логика ғылым ретінде


Демонстрацияға қатысты ереже



бет18/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
лекция Логика ғылым ретінде

Демонстрацияға қатысты ереже

Демонстрацияға қатысты бір ғана, бірақ ой тұжырымының барша теориясын қамтитын ереже бар.


Ой тұжырымында пайдаланылатын демонстрациялар дұрыс болуы және оларды қолдану шарттары сақталуы тиіс.
Осы ереженің бұзылуы «жалған қажеттілік қателігіне» (fallacia consecuentis) әкеліп соқтырады.
Бұл қателік дұрыс емес ой тұжырымын пайдаланумен байланысты. Егер көптеген адамдар «осылайша», «сондықтан», «сонымен», «сол себептен» және т.б. сөздермен бірнеше пайымдауларды байланыстырса, оңда осы пайымдаулар арасында логикалық байланыс пайда болды деп есептейді.


VI. БОЛЖАМ



  1. Болжам ұғымы

Болжам (гипотеза) деген - зерттеліп жатқан нәрсе туралы алдын ала мүмкін теориялық пайымдау. Шын екені әлі тәжірибелер арқылы дәлелденбеген құбылысты айқындау үшін, ғылымда пайдаланатын тәсілді болжам дейді.


Бір нәрсені тудырған себепті тапқаннан кейін немесе сол нәрсенің бағытын, зандылықтарын анықтағаннан кейін, ол айқындалады деп есептейміз. Алайда соған дейін біз түрлі болжаулар жасаймыз. Мысалы, қылмыс толық ашылғанға дейін тергеу қызметкерлері жасалған қылмыс туралы бірнеше мүмкін болжаулар жасайды, кейін әртүрлі тексерістер жүргізіліп, сотқа көп болжаулардан жан-жақты зерттелген біреуі жіберіледі.
Ақиқат екені тәжірибе арқылы дәлелденіп жетпеген қандай да болсын бір құбылысты айқындау үшін, ғылым мен әлеуметтік тәжірибеде пайдаланатын болжамды гипотеза деп атайды. Болжам ұзақ уақыт іздену, тәжірибе мен эксперимент жүргізу нәтижесінде айқындалады. Егер жаңадан ұсынылған болжамдар неғұрлым дұрысырақ болып шықса, онда бұрын ұсынылған болжамдардан бас тартуға тура келеді.
Әрине, болжамдардың бәрінің бірдей ғылыми маңызы бола бермейді. Ғылыми маңызға ие болу үшін болжам тексерілуі керек. Гипотезаны тексеру дегеніміз:
1) болжамнан шығатын салдардың байқау жүргізіліп отырған құбылыстармен сәйкестігін анықтау;
2) қолданатын болжамымыз ақиқат зандар деп есептеп жүрген басқа зандарға және одан бұрын біз салыстырмалы түрде ықтимал деп қабылдаған болжамдарға қайшы келмей ме, соны көрсету;
3) бұл, ең маңыздысы — болжам барлық белгілі құбылыстарға, тәжірибенің барша деректеріне тура келе ме, соны айқындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет