ҰҒЫМ
1.Ұғым туралы жалпы түсінік
Егер біз қолданатын сөздер мен сөз тіркестері тек осы нәрсе туралы ұғымды ғана білдірсе, онда біз қандай да бір затпен қоса өзімізді, өзіміздің және басқалардың іс-әрекеттері мен қоршаған әлемді қоса ұғамыз. Кез келген нәрсе біздің санамызда сол туралы сәйкес ұғымның арқасында ғана қабылданады. Меңгерген ұғымдар жүйесі арқылы ғана біздің ойымыздағы нәрселердің барлығы біртұтас болып реттеледі, ұйымдастырылады.
Біз ұғымды интеллектуалдық іс-әрекетіміздің логикалық атомдары ретінде түсінеміз. Ақыл-ой дамуы дегеніміз — бұл өз мәнінде ескіні қайта ой-елегінен өткізетін сараптаушы және жаңа ұғымдарды өмірдің өзгерген жағдайларына сәйкес құрастырушы қабілет ретінде қарастыру.
Адамда не туралы ой болады, соның бәрін логикада ойдың нәрсесі деп атайды. Сондай-ақ, алуан түрлі нәрселер тірі және өлі нәрселер, неше түрлі құбылыстар, үдерістер, сонымен қатар нәрселердің қасиеттері, олардың қатынастары, яғни, философиялық тілмен айтсақ, материалдық және идеалдық объектілер, немесе объективті шындық та, тіпті жоқ нәрселер де ойдың нәрсесі бола алады. Бұл объектілердің әрқайсысы әртүрлі қасиеттерге ие әрі басқа объектілермен түрлі қатынастарға түседі. Ой әрбір жеке жағдайда осы қасиеттердің тек бір бөлігін ғана бейнелейді. Ой нәрселерінің қасиеттері мен қатынастарын олардың белгілері деп атайды.
Белгілер — нәрселердің бір-бірімен несімен ұқсас немесе несімен ерекшелетінін көрсетеді.
Белгі — бұл объектіде қасиеттің немесе қатынастың бар не жоқ екенін көрсететін сипаттама. Мысалы, апельсиннің дөңгелек пішіні, жағымды дәмі, иісі және т.б. қасиеттері оның белгілері болып табылады.
Дегенмен, қандай да бір қасиеттің онда болмауы да нәрсенің белгісі болып есептеледі (Мысалы, «қағидасыздық», яғни «қағиданың болмауы» деп ойлаймыз, бұл да белгілі бір адамның белгісі және т.с.с.). Белгінің кейбіреулері әртүрлі нәрселерді, ал басқалары — тек қана белгілі, нақты нәрсені және соған тән нәрсені сипаттайды. Тек бір нәрсеге тән белгі оны басқа нәрселерден ерекшелейді, сондықтан олар айрықша белгілер деп, ал көптеген нәрселерге тән белгілер — айрықша емес белгілер деп аталады. Мысалы, ұрлықтың басқа талан-тараж түрлерінен айрықша белгісі болып табылатыны — оның жасырын істелгендігі, ал нақты не зат ұрланғаны: машина, ақша және т.б. бағалы заттар, бұл жағдай ерекшеленбейтін белгілер болып табылады. Ерекше белгілер нәрселерді кластарға топтастырудың және бір кластарды басқалардан айырудың негізі болады, сондықтан мәнді және мәнсіз белгілерді көрсету анағұрлым тереңірек болып табылады.
Дегенмен дәл сол немесе басқа нәрсе үшін ерекше белгі барлық кезде бола бермейді. Мәнді белгі нәрсеге тән, оның ішкі табиғатын, мәнін бейнелейтін белгі, ал мәнсіз белгілер нәрсеге тән, тіпті тән емес те болуы мүмкін.
Мысалы, орындықтың: «жиһаз екендігі», «бір адамның отыруына арналуы», «қол тірейтін сүйенішінің болмауы және арқалығының болуы» мәнді белгісі болса, ал орындық жасалған материал, яғни «ағаш» — оның мәнсіз белгісі. Жоғарыда аталған белгілерге ие бола тұрып, ол тіпті пластиктен не металдан жасалса да орындық мәнін жоғалтпайды.
Мәнді белгілер ұғымның қалыптасуы үшін шешуші мағынаға ие болады. «Ұғым» деген сөздің өзі «ұғу» етістігімен түбірлес болып табылады. Біздің қандай да бір нәрсе не құбылыс туралы біліміміз болса, оның қасиеті туралы басқа нәрселермен қатынасын білген жағдайда ғана оны басқалардан ажыратамыз және сол нәрсе туралы ұғымымыз болады. Нәрсенің не құбылыстың ішкі құрылымы, байланысы, азды-көпті мәнді белгісі туралы білім болғанда ғана білім ұғымда аралас түрде бекітіледі. Ұғым ойдың формасы ретінде төмендегідей үш міндетті шешеді:
1. Біз мүдделі жиын объектісін басқа объектілерден ерекшелейміз;
2. Біз мүдделі жиын объектілерін жалпылаймыз;
3. Осы жиын объектісінің мәнін көрсетеді.
Ендеше бұдан, ұғым — нәрсенің азды-көпті мәнді белгілерін бейнелейтін ойдың формасы деген қорытынды шығаруға болады.
Ауызекі сөйлеу тілінде ұғымдар сөзбен, сөз тіркестерімен беріледі. Мысалы, «мемлекет», «қылмыс құралы», «жол күзетінің қызметкері» және т.с.с.
Бір ұғымның өзі әр тілде әртүрлі формада, кейде бір тілдің өзінде неше түрлі болып беріледі. Бір нәрсе туралы адамдардың ұғымы бірдей болғанмен, олардың берілуі әртүрлі болатынын көрсетеді. Ұғым дегеніміз — бір тілден екінші бір тілге аударғанда сақталатын жалпы нәрсе, ол оны білдіретін сөздердің мағынасын құрайды. Сондықтан ұғымның сөзбен берілетініне қарамастан, ұғым мен сөзді теңестіруге болмайды. Мұны кез келген тілде кездесетін омоним және синоним сөздер арқылы көрсетуге болады.
Синонимдер — өздерінің мәні жағынан бір-біріне жақын, тең, бір түсінікті білдіретін, бірақ олар бір-бірінен стилистикалық бояуымен және реңкімен ерекшеленетін сөздер. Мысалы, «шаршы» және «қабырғалары тең тікбұрыш», «отан» және «туған ел», «ай» және «жердің табиғи серігі».
Омонимдер — бұл айтылуы мен түрі бірдей, бірақ әртүрлі түсініктерді білдіретін сөздер. Мысалы, «бас — адамның басы», «бас — істің басы», «бас — қолбасшы, бастық», «ара — жәндік», «ара — отын кесетін құрал», «ара — уақыт, екі мезгіл арасы» және т.с.с.
Көптеген сөздер бірнеше мәнге ие. Бұл араласуды қиындатады, пікірде қателіктерге ұрындырады. Сондықтан сөздерді қатаң белгілі бір мағынада қолдану үшін олардың мәнін дәл беру қажет. Мысал үшін, «жауапсыздық» — тұрмыстық қолданыста ұйымдаспағандықты, шашыраңқылықты, ұқыпсыздықты білдіріп, кінәлауға тұрарлық қылық. Ал юриспруденцияда — бұл жаза қолданылатын қызметтік қылмыстың көп түрінің бірі, жаза келтірілген зиянның дәрежесіне байланысты, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Ұғым қалыптасуының негізгі логикалық тәсілдері: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау және жалпылау. Оларды нақтырақ қарастырайық.
Талдау — бұл нәрселерді ойша бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету . Мысалы, «апельсин» ұғымын алсақ, біз ойша оның пішіні — дөңгелек, бүдірлеу, түсі — қызғылт сары, ішкі құрылымы — кішкене бөліктерге бөлінген, дәмі — тәтті және т.б. деп жіктейміз.
Жинақтау — бұл нәрсенің талдау нәтижесінде алынған белгілерін, бөліктерін ойша біртұтас бүтінге біріктіру.
Салыстыру — нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.
Абстракциялау — нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны басқалардан дерексіздеу.
Жалпылау — бірыңғай нәрселерді ойша кейбір кластарға біріктіру.
Мазмұн және ұғым көлемі
Кез келген ұғым мазмұн мен көлемге ие, онда ерекшеленетін мен жалпыланатынды және ненің көмегімен солай көрінетінін көрсетуге болады.
Ұғымдағы жалпыланатын және ерекше көрінетін объектілер жиыны сол ұғымның көлемі деп аталады.
«Натурал сан» ұғымының көлеміне 1, 2, 3 және т.б. сандардың бәрі, «студент» ұғымына — жоғары оқу орындарында оқитындардың барлығы кіреді. Ұғымның көлемі туралы сөз қозғағанда мынандай: класс, жиын, элемент деген тәрізді терминдер қолданылады.
Нәрсенің санына қарай оған енетін жиындар мен кластар шектеулі және шектеусіз деп бөлінеді. Демек, мемлекеттер астаналарының жиыны шектеулі, ал натурал сандар жиыны шектеусіз.
Жиынға кіретін әрбір жеке нәрсе элемент деп аталады. «Астана» — «мемлекеттер астанасы» класының элементі.
Егер әрбір А класының элементі В жиынынікі болып табылса, онда А жиыны В жиынының (класының) жиынтығы деп аталады.
Мұндай қатынас кластың класқа қосылуы деп аталады және былайша жазылады: А В, ал оқылуы: А класы В класына кіреді.
Бұл тектің және түрдің қатынасы (мысалы: «оқулық» класы «кітап» класына кіреді).
а элементінің А класына жату қатынасы былай белгіленеді:
а А және а элементі А класына жатады (мысалы, «Арал теңізі» — а, «теңіз» — А).
А және В класы тепе-тең дәл деп есептеледі, егер А В және В А болса, онда А = В деп жазылады.
Мүдделі жиын нәрселерін баса көрсететін және жалпылайтын белгі ұғымның мазмұны деп аталады.
Ұғым мазмұнын құрайтын белгі соншалықты күрделі болуы мүмкін. Дегенмен, біз ұғымды пайдалана отырып, әдетте мейлінше күрделі жалғыз ақыл-оймен ғана шолынатын ұғымды құруға, мүдделі жиын нәрселерін баса көрсететін мейлінше күрделі емес белгіге сүйенеміз, оны ұғымның негізгі мазмұны деп атайды. Әр ұғымның мазмұны біреу, біздің ұғымды құру амалдарымыз бен мақсаттарымызға байланысты негізгі мазмұнның көп болуы мүмкін. «Қылмыс» ұғымының негізгі мазмұны мынадай белгілердің бірігуіне байланысты:
а) қылмыстық әрекеттің болуы;
ә) қылмыс заңымен алдын ала қарастырылған болуы;
б) қоғамға қауіпті болуы.
Ұғым мазмұны мен көлемі бір-біріне деген қатынасына қарай пропорционал: ұғымның көлемі кең болған сайын, оның мазмұны тар, ал көлемі тар болған сайын оның мазмұны кең болады. Ұғымда ойланатын нәрсе туралы ақпарат аз болған сайын, нәрсенің класы кеңдеу және оның құрамы белгісіздеу; мысалы, «мемлекет» және «қазіргі азиялық мемлекет». Керісінше, ұғымда ақпарат көп болған сайын (мысалы, «ұрлық» және «Н. деген азаматтың жеңіл машинасын ұрлап айдап кету»), соғұрлым оның нәрселерінің шеңбері анығырақ немесе тіпті бір ғана нәрсе туралы ойлайды. Логикада бұл заң ұғымның көлемі мен мазмұны арасындағы кері қатынас заңы деп аталады. Онда тектүрлік қатынаста болатын ұғымдар туралы сөз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |