Логика ғылым ретінде



бет21/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
лекция Логика ғылым ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен біз сіздердің ғылыми және тәжірибелік қызметтеріңізге тікелей көмектесетін формальды логиканың негізгі мәселелерін қарастырдық.
Алайда, ол логикада бұлардан басқа өзекті мәселелер жоқ деген сөз емес. Көптеген мәселелерді зерделеу барысында, оларды өздерінің практикалық қажеттіліктерінің арқасында логиканың өзінше дербес ғылым саласына айналып, табысты дамып келе жатқан арнайы бөлімдері неғұрлым нақты және терең қарастыратын байқадық. Егер қажеттілік туындаса, оларды сіздер өзіндік жұмыстарыңызда оқып үйренуге мүмкіндіктеріңіз бар.
Соңғы жылдары практикалық логика бойынша оның құрамын қазіргі көзқарастарға сәйкес жаңаша қарастыратын, яғни логиканың символикалық аппаратын қолданатын бірнеше оқулықтар жарыққа шыққан. Бұлар — шешім қабылдау, қарым-қатынас және конфликтерді шешуді, мифтер мен ертегілерді құрылымдық талдау мәселелерін, риториканы саралайтын қызықты басылымдар. Менің көзқарасым бойынша олардың негізгі жетістігі сол, логикаға осы тұрғыдан қарау адамзаттың тұтас тіршілік ету заңдарын меңгеруге жағдай туғызады және практикалық мәнділігі өте зор. Дегенмен, мұндай мәселелерді қарастыру, курсымызда оқып үйренгендей белгілі бір білім көлемін және сол көлемде практикалық даярлықты талап етеді.
Логиканың теориялық мәселелерін оқып үйрену, әсіресе практикалық дағдыларды игеру сіздердің ойлау қабілеттеріңізді оятты. Жалпы ойлау құдіретін үқтырды. Оның шексіз мүмкіндіктері туралы сенімдеріңізді бекітті әрі кеңейтті. Сонымен бірге адамзат ақыл-ойының ұлылығын танытты деп сенемін.
Меніңше, логиканы оқып үйренуді ерте жастан бастаған жөн. Өйткені ол кезеңде ойлау анағұрлым икемді және алғыр болады.
Ата-бабаларымыз не нәрсені болса да түзегеннен гөрі жаңадан жасаған әлдеқайда жеңілірек деп бекер айтпаса керек. Бірақ, қазір де ойлау бағытындағы барлық заңдар мен ережелерді жан-жақты терең әрі нақты оқып, үйрену арқылы сіздер логикалық мәдениетті игересіздер. Яғни, тез және дұрыс пікірге келесіздер, ендеше әдемі де сенімді ойлайсыздар деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет