Логика ғылым ретінде



бет16/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
лекция Логика ғылым ретінде

Дәлелдеу түрлері

Мазмұны бойынша дәлелдеулер алуан түрлі және әр ғылымда әртүрлі сипатқа ие болады. Дәлелдеу түрлерін бөлуге негіз боп қаланатын белгінің сипатына байланысты дәлелдеу мақсатын, дәлелдеу амалын және т.б. көрсетуге болады. Оларды тәжірибеде тиімді пайдалану үшін өте қажет нәрселер.



  1. Дәлелдеу мен бекерлеу

Егер дәлелдеудің мәніне үңілсек, онда дәлелдеу — тезистің ақиқаттығын немесе оның жалғандығын негіздеу мақсаттарын көздейтінін оңай байқауға болады. Осы мақсаттарға сәйкес дәлелдеудің, ең алдымен екі түрі: өзіндік дәлелдеу мен бекерлеу белгілі болады.


Сөзді өзіндік мағынасында дәлелдеу. Ол кейде мақұлдау деп те аталады. Онымен тезис ақиқаттығының негізделуі түсіндіріледі. Ғылымдағы және күнделікті тәжірибедегі дәлелдеулер осындай сипатта болады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде тезистің ақиқаттығын дәлелдеуге айыпталушының кінәсін негіздеу мысал бола алады. Мәніне қарай, ол бүкіл сот процесінің басты тезисі деп есептеледі.
Бекерлеу. Бұл — тезистің жалғандығын ақиқат уәж көмегімен негіздеу.
Ақиқатты іздеу салқын қанды әрі тегіс үдеріс емес. Ақиқат жағдайларды бекіту, көбінесе оларға қайшы келетін жалған пайымдаулармен — адасушылық, жоққа нанушылық, ескішілдікпен қайнаған күресте өтеді.
Бекерлеу алуан түрлі форманы қабылдауы мүмкін. Тезисті бекерлеу аргументті (дәйектерді, негіздерді) сынау, негіз бен тезис арасында байланыстың жоқтығын негіздеу, яғни демонстрацияның негізсіздігін айқындау болуы мүмкін.
Бекерлеудің көпжақты сипатта болуы да сирек емес: ол дәлелдеудің бірден барлық компоненттеріне қатысты бола алады.
Сот үдерісінде айыпкердің кінәсіз екенін дәлелдеу бекерлеуге мысал болады. Осы мысалда әсіресе дәлелдеуді растау мен бекерлеуге бөлудің салыстырмалылығы айқын көрінеді.
Бұрынырақ кінәсіздік презумпциясы — бұл деректің нанымдылығын, оған керісінше жағдай дәлелденгенге дейін мойындау деп айтқанбыз. Сондықтан, кінәлілік дәлелі — бұл кінәлі еместігін бекерлеу болып табылады.
Мұнда қарастырылған жеке-жеке нәрселер, атап айтқанда, дәлелдеу мен бекерлеу өзара шырмалып кетеді; ойлау практикасында көбінесе бір тезистің ақиқаттығын негіздеу, басқасының жалғандығын негіздеумен қатар немесе керісінше болып жүреді.
Дәлелдеудің негіздері туралы жоғарыда сөз қозғағанда, даусыз деректер туралы айтып өткенбіз. Сот тәжірибесінде «даулы бап» деп аталатын ұғым да кең пайдаланылады. Бұл — бір жағынан бекітілген және екінші жағынан терістелетін қағида. Осы даулы бапты талқылау — дәлелдеу (растау) мен бекерлеудің бір мезгілде пайдаланылуына мысал бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет