М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


жағымсыз іс-әрекетті білдіретін фразеологимдер: а) алдау, арбау



Pdf көрінісі
бет58/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89
Бисенбаева

 жағымсыз іс-әрекетті білдіретін фразеологимдер: а) алдау, арбау, 
опасыздық, тәкаппарлық. Сәулесін ат арта алмау – тәкаппарлану, менсінбеу 
(Сәулесін ат арта алмайтын еді, жасаған той, ұстаған үйін қара десе өлгеніміз 
сол емес пе? (ҚХР). Артта тұрып делбе тарту – артта тұрып айтақтау, тасадан 
тас лақтыру (ҚХР). Балық үндес, бақа тілдес болу – ым-жымы бір болу (ҚХР). 
Бармағын бүгіп қалу – қулық, арамзалық ойлау (Қасен бұл қыздың 
«буржуазиялық» идеясын айқын сезініп, бармағын бүгіп қала берді 
(Ғ.Қанапияұлы). Ат үстінен көрген гүл – сырттай шолу, үстірт істеу, азғындау 
(ҚХР). Жасырын жебе ату – астартын өш алу, қастық жасау (ҚХР). 
Қарақұрықтық істеу – әділетсіздік істеу, қараулық жасау, жеке басының 
пайдасын көздеу (ҚХР). Қара судан қаймақ алу – қулық, арамзалық жасау 
(ҚХР); ә) жанжалдасу, ұрсып, сөгу, сараңдық мәнді фразеологизмдер. Ақтан 
қаптап жіберу – ит терісін басына қаптау (Келсінші өзімен оны ақтан қаптап 
жіберейін (Рес. Сарат.). Битке пышақ суыру – болмашыға ашу шақыру (Пай-
пай, Жұмағұл-ай битке пышақ суырғандай жіліктегенің-ай пана тілеген 
байғұсқа (М.Разданұлы; Қолынан дәм татып, ұлағатты батасын алған ұлы би 
үшін кешейін. Битке пышақ суырып қайтейін (С.Тәукейұлы). Ешкінің қылды 
айранын бермеу – түк татырмау, сараң (Оның сараңдығын айтпа, үйіне барған 
кісіге ешкінің қылды айранын бермейді (Маңғ.). Аттан түссе де үзеңгіден 
түскісі келмеу – жеңілісін мойындамау (ҚХР). Борсасын шығару – есін шығару, 
қатты сөгу (Кеше ағасы ұрсып, борсасын шығарып жіберген (Қ.орда, Қарм.). 
Алдыңғы аяғын басу – пәлеге қалу (Нұрмен дауласып алдыңғы аяғымды баса 
алмаймын (Түр.) б) жазалау, қинау, жағымпаздық, ашу-ыза мәнді 
фразеологизмдер. Етінен ет, сүйегінен сүйек алу – жазалау, қинау, жанын 
көзіне көрсету (Террорлықтың тақсіретін ең көп тарттым деген адам 
Жалшыбектей-ақ болар, етінен ет, сүйегінен сүйек алды (Ғ.Қанапияұлы). 
Баладан бұзылған аттай – жаман әдетке бой ұру, оғаштық, сөлекеттік жасау 
(Баладан бұзылған аттай үй айнала көткеншектеу мандығандық делінбес 
(Ғ.Қанапияұлы). Жарты терідей жалпылдау-жарамсақтану (Сен жарты терідей 
жалпылдамай тыныш отыр (Гур., Маңғ.).. Жебірін түгендеу – қысым көрсету, 
жазасын беру (Қолыма бір түсерсің, сонда сенің жебіріңді түгендермін 
(Түрікм.,Таш.). Албастысы мойнына міну – долдану, ашулану, жыны ұстау 
(ҚХР). Адам қалтаға түсу – алдану, біреудің алдауына түсіп қалу (ҚХР) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет