М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет68/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89
Бисенбаева

 
отбасы 

мәдени шағын топ 

этномәдениет 

үлкен өркениет 

адамзат. 
Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен көлемінің кері 


127 
қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни ең мағыналы мәдени тұлға адам болып 
табылады [153,342-б.]. 
Жалпы адамзат мәдениеті мен үлкен өркениет әлемінің өзіндік бет-бейнесі 
бар этномәдени тұлғасы – Қазақ этносы. Қазақ этносының дәстүрлі 
мәдениетінің өзегі – Адам болу ұстанымы. Адам болды тұрақты тіркесі «ер 
жетті, жұрт қатарына қосылды, өз бетімен тіршілік етуге жарады» мағыналарын 
білдіреді. Адам қатарына қосты – «азамат болып ер жетуіне көмек көрсету» 
мәнінде айтылады. Аймақтық лексикада осы тіркестің адам иісті ұл – «адам 
болайын деп тұрған бала» мағынасында Қостанай облысы Жангелдин, 
Аманқарағай аудандарында қолданылады. «Адам болу» кәмелетке толып, өз 
бетінше тіршілік ету ғана емес, адам болу – ел қамын ойлайтын, оның қажетіне 
жарайтын, білімді де білікті, адал тұлға болу дегенді білдіреді. «Адам иісті ұл» 
тіркесінде осы қасиеттердің ана сүтімен, әке тәрбиесімен берілгендігі 
байқалып тұратын, үміт етуге лайық азамат өсіп келе жатқандығын танытатын 
семантика бар. Адыбұлыққа жеткізу/әлімұлыққа жеткізу – жуан-жіңішке 
варианттары да аталған тіркес мағынасына жақын, «көсегесін көгерту, жақсы 
тұрмысқа жеткізу» дегенді білдіреді. ... Мені адыбұлыққа жеткізетін осы әкем 
ғой (Алм., Шел.).-Ағасы, бес жыл көз майын тауысып оқыдық. Ойымыз «адам 
болсақ екен, әлімұлыққа жетсек екен» дегенбіз (Қ.Найманбаев). Мұнда 
«адам болған» ұрпақтың ата-ана ел жұрт алдындағы міндет-парызын қалай 
түсінетіндігі, ел үмітін ақтауға дайындығы көрінеді. 
Адам интеллектісіне байланысты атаулар: 1) жоғары бағалауға ие 
болған атаулар: аймақтық лексикада адамның адамшылық қасиетін, білімін 
білдіретін сөздер, сөз тіркесі қатары біршама. Халық қай аймақта да сөз қадірін 
түсіне білетін, аузы дуалы адамдарды сыйлаған, соған орай «шешен, ақын» 
мағынасын білдіретін: ағдарғыл, ақдаңғыл т.б. күрделі атаулары қ~ғ қатаң~ұяң 
алмасуларында кездеседі. Ақдарғыл/ ақдаңғыл – шешен, ақын адам (Қост., 
Аман., Жанг.); ақмылтық – ділмар, шешен (Қара сөздің ақмылтығы (Қар., 
Қарқ.). Ақ+дарғыл, ақ+даңғыл, ақ+мылтық күрделі атауларының құрамындағы 
«ақ» сыңары – ақы «жомарт, мейірімді» мағынасын білдіретін көне түркі сөзі 
дейтін пікір айтылады (ИССТЯ,1,219). Түрікше ақы – мейірімді, жомарт (Тур.-
рус.сл.,1953,35). 
Ақылман – ақылды, білімді (Оразалы ақылман адам (Алм., Кег.); Ақылә – 
ой-пікірді философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын үлгі сөз, шығарма (Шілбі 
Кемеңгерұлының ақылә өлеңдері оқырман жүрегінен сыйлы орын алып, 
құрметке ие бола кетеді (Т. Ырыскелді); ақылы там – (Қ.орда, Арал, Қарм.). Ол 
деген ақылы там адам еді ғой (Қ.орда, Арал); ақылдау – ақылға салу ойлану 
(ҚХР); ақылға үйір салу – ақылмен істеу, ақылға салып жасау (ҚХР); ақыл 
жарасып алу – ақылдасу, алдын ала кеңесіп алу (Шығ.Қаз., Больш.). 
Түркі тілдерінде «ақыл, ес» ұғымының көне атауы омонимдік қатар 
құрайтын – аң түбірі. Аң – «ес, ақыл, пайым, түйсік» мағынасында 
Түрікменстан мен Қытайдағы қазақтар тілінде кездесетіні көрсетілген, ал одан 
тарайтын: аңару (есі кетіп тұрып қалды), аң болу (ескеру, байқау, сақ болу), 
аңғар (сезім, түсінік, зейін), аңғарлау (байқау, аңғару), аңғарлы (аңдайтын, 


128 
білетін), аңғары (шамасы, ыңғайы), аңсасы ауу (аңсары ауу), аңсасы құру ( 
аңсары ауу) аталымдарының қолданыс изоглоссасы кең. Түркі жазба 
ескерткіштерінде: анг (Наджип, ИССТЯ, 247), аң (Құрышжанов, ИЛТАС, 85), 
аң (Малов, ПДП,359) түбір тұлғасында берілген. Осы тұлғада өзбек, 
қарақалпақ, қырғыз, түрік, ұйғыр, чуваш халықтарының әдеби тілінде 
қолданылады, қазақ тілінде бұл түбірден атайтын туынды сөздер болғанымен, 
өз алдына жеке қолданылмайды. Бұл аң түбірінің жалпытүркілік кезеңге 
жататынын көрсетеді.  
 Адалын шешу – шынын айту (МХР); адамның суын – адамның көңілін 
табу, ыңғайын табу, мінезін білу (Түрікм.,Таш.,Анн.); айғай шоқыдай азамат –
беделді абыройлы азамат (ҚХР).
Айтымшы – айтқыш, сөзге шебер (Гур., Маң.); сарын – мақал-мәтел, нақыл 
(Сем., Аягөз), сарын айту – 1. жар-жар айту (Шығ.Қаз., Күрш.), 2. Жоқтау айту 
(Жамб., Жам.); ағуа – әңгіме, үгіт (Жас балаларға ағуаң әсер ете бермейді 
(Орал., Жән.); 
Биікте тұрып алысты көру – болашақты болжай білу, келешекті көре білу 
(МХР). 2) төмен бағалауды білдіретін атаулар: абылаңқы – сөзі көп, сөзуар 
адам. Абылаңқы адам (Орал, Чап.); ақылзайып – ақылсыз, ессіз (Қарақ.); ақылы 
кету – есі кету (гу., Маң.); ақылы қашу – алжу, ақылы кему (Сем., Шұб., Ақс., 
Көкп.); ақылынан шашылу – ақылынан айырылу, адасу (Пиян болып, ақылынан 
шашылады да жүреді (Түрікм., Красн.); ақымақтың шай қалтасы – алдауға 
түсетін, ақымақ адам ( Әй, ақымақтың шайқалтасы-ай, елдің сені алдағанына 
сеніп жүрсің бе? (ҚХР); ала буындау – ақымақ, жарым ес (Ала буындау бір 
баласы бар еді, онысы оқу оқып та береке қылмады, қолынан жұмыс та келмей 
жүр ғой (Гур., Маң.); аңсыз – ақыл-ойы нашар ессіз (Бізбен жүрген адамы 
аңсыз біреу екен жөнді ешнәрсе айта алмады (Түрікм., Көнеүр.); аңсыз – 
аңдаусыз, байқаусыз (Менің аңсызымды қара, тіпті байқамаппын (Қ.орда, 
Арал); аңынан айырылу – ес, ақылынан айырылу Шырапаямен бір ұрады
екінші ұрғанда аңынан айырылады(Қарақ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет