2.9. Микропроцессор ядросы
Микропроцессор ядросы (ағыл. processor core) – нақты анық- тама бере алмаймыз, бірақ пайдалану реті бойынша келесі түсі- ніктер береді:
- микропроцессор бөлігі, негізгі функционалдық блоктар- дан тұрады;
- микропроцессорды сипаттайтын параметрлер жиыны;
- микропроцессордың ашық кристалы (CPU немесе GPU);
- бір командалар ағынын орындайтын процессордың бөлігі;
- көп ядролы процессорларда бірнеше ядролар бар, сондық- тан командалардың бірнеше ағынын бірмезетте орындай алады.
Микропроцессор ядроларының кодтық атаулары болады,
мысалы, K7 немесе Deschutes.
Ядроның басты сипаттамалары:
- микроархитектура;
- командалар жүйесі;
- функционалды блоктардың саны (ALU, FPU, конвейерлер, т.с.с.);
- кірістірілген кэш-жады көлемі;
- логикалық және физикалық интерфейс;
- тактілік жиіліктері;
- қоректендіру кернеуі;
- максималды жылу бөлуі;
- өндіру технологиясы;
- кристалдың ауданы.
Микропроцессор ядросының дамуы барысында оған өзгеріс- тер енгізіледі, әдетте өте маңызды. Мысалы, қосымша нұсқау- лар жиыны, техникалық процестің жобалық нормаларының азаюы, тактілік жиілігінің көбейтілуі. Сонымен қатар алдыңғы нұсқаларында табылған қателері түзетіледі. Мұндай өзгерістер ядроның ревизиясы деп аталады. Әртүрлі ревизиялардың ядро- лары өзара ревизияның нөмірі бойынша ажыратылады, мысалы, Athlon XP Thoroughbred ревизиялары – A0 және B0, ол микроп- роцессордың маркировкасында кодталады немесе ядрода прог- раммаланады. Соңғысында ревизия кодының нөмірін cpuid нұс-
94
қауы арқылы (ал MS Windows-да CPU-Z утилитасы арқылы) алады.
Көп ядролы процeссор – бұл бір процессорлық кристалда немесе бір корпуста екі немесе одан да көп есептеу ядроларынан
тұратын орталық процессор. Көп ядролы процессорларды кэш
жадының когеренттілігін қолдауына байланысты бөліп қарасты- руға болады.
Ядролар арасындағы байланыстардың түрлері:
- бөлінетін шина;
- нүкте- нүкте (point-to-point) арналарындағы желі (Mesh);
- коммутаторлы желі;
- ортақ кэш жады.
Қазіргі уақытта көп ядролы процессорларда 1 деңгейлі кэш жады әр ядрода жеке-жеке болады, 2 деңгейлі кэш жады бірне- ше нұсқада орналастырылады: бөлінетін – ядролармен бір крис- талда орналасқан және олардың әрқайсысына толық мәнді қол- жетімді. Intel Core тобындағы процессорлар да қолданылады.
Жеке – әр ядроға интегралданған тең көлемдегі жеке кэш жадылар. Екі деңгейлі кэш жадылар арасындағы мәліметтер ал- масу жады контроллері арқылы іске асырылады (Athlon 64 X2, Turion X2, Phenom) немесе сыртқы Pentium D, кейінірек Intel одан бас тартты.
Өнімділігі
Көп ағымдылыққа тиімділенген қосымшаларда көп ядролы процессорда орындалғанда өнімділігінің жоғарылағаны байқа- лады. Ал егер қосымша тиімділенбеген болса, қосымша ядро- лардан ешқандай пайда жоқ, керісінше, баяуырақ жұмыс істей- ді, бірақ тактілік жиілігі үлкен болады. Бұл көп ағымдылықты пайдаланбайтын қосымшалар болып келеді. Көптеген опера- циялық жүйелер бірмезгілде бірнеше қосымшаны орындауға мүмкіндік береді. Бұл кезде қосымшалар бір ағымды болса да, өнімділік ұтымды.
Достарыңызбен бөлісу: |