М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет41/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Шиналық ұйымдастыру
Барлық құрылғылар симметриялы түрде бір арнаға жалғас- тырылады. Байланыстардың симметриялығы жаңа құрылғылар- дың еркін қосылуына кепілдік береді, яғни жүйенің теориялық шектеусіз дамуына жол ашады. Кейбір түйіндердің специфика- лық қасиеттері, мысалы, процессор, жедел жады, сыртқы құрыл- ғылары болады. Олардың арасында ақпарат алмасу ұйымдасты- рылады. Бұл сұлба жұмыстың жылдамдығына апринципиалдық шектеулер енгізеді, себебі ақпараттардың ағыны бір арнаның мүмкіндіктерімен шектелген.
Арналық ұйымдастыру
Бұл сұлба бойынша сыртқы құрылғылармен мәлімет алмасу арнайы түйін арқылы енгізу-шығару арнасы арқылы ұйымдас- тырылады. Осының арқасында ақпарат өңдеуді енгізу-шығару- мен қатар өңдеуге болады.
Қиылысқан коммутациялы ұйымдастыру
Мұндай ЭЕМ құрылымдық байланыстарының идеясы, негі- зінен, барлық құрылғылар арасындағы байланыс арнайы құрыл- ғы коммутациялық матрицаның көмегімен іске асырылады. Коммутациялық матрица кез келген түйіндердің жұптарын бай- ланыстыра алады, ондай жұптардың санына шектеу жоқ. Мұн- дай сұлбада байланыстар арасында келіспеушілік болмайды, ре- сурстар арасындағы бөліспеушілік болады. Бір мезгілде бірнеше құрылғылардың жұптарын қосу мүмкіндігі кешеннің жоғарғы жылдамдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.
Үлестірілген функциялы архитектура
Бұл архитектураның негізі бесінші кезең компьютерлерінің жапондық жобасына негізделген. Идея, ақпараттарды өңдеу
«интеллектуалды» перифериялық құрылғылардың арасында та- ратылады. Төртінші кезең компьютерлерінен бесінші кезең ком-
пьютерлеріне көшу элементтік базаның құрылымын өзгерту ар-
85
54-сурет. 5 кезеңнен тұратын конвейер
Конвейерлерде күту уақыты мен процессордың өткізу қабі- леті арасында қайшылық туғызуы мүмкін. Егер уақыт циклі
86
қылы емес, ЭЕМ компоненттерінің күрделілігін және интеллек- туалдығын өзгерту арқылы жету көзделді.
2.7. Компьютер архитектуралары Конвейерлік архитектура
Көп жылдардан белгілі болғандай, командалардың орын-
далуының жоғары жылдамдығына негізгі кедергілер – олардың жадыдан шақырылуы. Бұл мәселелерді шешу үшін компьютерді жасаушылар командаларды алдын ала шақыратын құрал ойлап тапты, ол буферден шақырылды және оның жадыдан септелуін күту қажет болмады. Бұл идея 1959 жылы құрастырылған және IBM Stretch-ті жасағанда қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет