Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ЕС (ЗЕЙІН)
Е
с һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалт-
пай сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді сақталып 
тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен 
жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып, яғни 
тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан ала-
ды, бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда 
да ұмытпайды. Адамның білімді болуына, әрине, естің 
осы тѳртінші түрі, онан соң үшінші түрі пайдалы.
Адамның есі тағы тѳмендегі түрлерге бѳлінеді:
1) Кѳру есі. Кѳру есі күшті адам нәрсенің сыртқы 
түрін есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдары-
ның пішіні есінде болады, аты, фамилиясы есінде бол-
майды. Яки бір шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап 
беріп тұрғанда сол пән кітабының айтып тұрған сѳздер 
жазылған бетін кѳргендей болады.
2) Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын 
есінде ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс 
адамдарының аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қа-
лып, жалғыз даусын ғана есінде ұстайтын болады. Яки 
кейбір шәкірт сабақты ѳзі оқығаннан да мұғалімнің 
сѳйлегенін тыңдағанда тез жаттап алатын болады.


89
«Асыл мұра» сериясы
3) Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам 
заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, 
кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпай-
тын болады. Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті 
болуы кѳбінесе тұқым қуалайды. Мысалы, әнші, дом-
бырашы, ѳлеңшінің баласында есту есі күшті болады. 
Және бір адам кѳңіл қойған нәрселеріне есті болып
кѳңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін. Мысалы, 
ѳлеңші ѳлеңді тез жаттампаз болады. Атақты жара-
тылыс ғалымы Линей ѳсімдік аттарын жаттауға шебер 
болған да, шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет