ДӘРІС 7. Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат.
Сабақтың мақсаты: экономикадағы мемлекеттің бюджет-салық саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік реттеудегі рөлін, түрлерін, жалпы меха низмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау
Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері және мемлекеттік бюджет.
Салық және оның құрылымы
Бюджет-салық және ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі
1. Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері және мемлекеттік бюджет. Мемлекеттің экономикаға әсер ету құралдарының бірі- бюджет-салық саясаты. Бюджет-салық саясаты- ресурстардың толық жұмыспен қамтылуын, төлем балансының теңдестігін және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шығындар, салық салу арқылы жүргізілетін үкімет шаралары. Фискалдық сасяат үкімет арқылы жүзеге асырылады. Салық салу процесінде және мемлекеттік шығындарды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасқан экономикалық қатынастар қаржылар, барлық қаржылық қатынастардың жиынтығы қаржылық жүйе деп аталады.
Мемлекеттің бюджет салық саясатының құралдарына төмендегілер жатады:
а) тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің көтере сатып алуы;
б) трансферттік төлемдер;
в) мемлекеттік қарыз;
г) дотация, субсидия, субвенция.
Үкімет тауарлар мен қызметтерді сатып ала отырып, ресурстар және тауар нарығын арттырады, жиынтық табысты көбейтіп, экономикалық конъюнктураны көтереді.
Трансфертттік төлемдер-салықтық түсімдердің бір бөлігін қолдауды қажет ететін әлеуметтік топтарға беру. Яғни мемлекет трансферттік төлем арқылы табысты бөліп, әлеуметтік функцияны жүзеге асырады.
Дотация - тауар мен қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ұлғайту мақсатында мемлекеттің өз ресурстарынң бөлігін кәсіпорындарға қайтарымсыз беруі.
Субсидия - жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу немесе белгілі бір мақсаттағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттің жұмсаған қаржылық шығыны.
Субвенция - бұл нақты бір мақсатқа бағытталрған субсидия.
Кез-келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің жетекші звеносы мемлекттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күшті, тәртіп сақтау күшін ұстап тұру, әлеуметтік-экономикалық функцияны жүзеге асыру үшін қолданылатын үкімет қолындағы орталықтанған ақшалай ресурстар қоры. Бюджет есептік мерзімдегі (ай, тоқсан, жыл) табыстар мен шығындардың балансы түрінде ұйымдастырылады.
Барлық елдің де жалпыұлттық(республикалық) немесе федералдық бюджетпен қатар жергілікті бюджеттері болады. Мемлекеттік бюджеттің баптары көптеген елдер үшін, негізінен, бірдей сипатқа ие. Оның шығыстар бөлігінде әлеуметтік қолдау және ұлттық қауіпсіздік шығындары, субсидиялар, мемлекеттік қарыздарды басқару бойынша шығындар көрсетіледі.
Ал кіріс бөлімінде азаматтар мен корпорацияға салынатын салықтар, акциздер, басқа да алымдар мен мемлекеттік займдар көрсетіледі.
Қазіргі кезде мемлекеттің «белсенді» саясатының жүргізілуіне байланысты мемлекеттік шығындардың көлемі ұлғаюда. Мемлекеттік шығындардың өсуін ХІХ ғасырда Германия канцлері Отто фон Бисмарктың бұрынғы кеңесшісі, неміс экономисті А.Вагнер түсіндірген болатын. Оның айтуынша, өнеркәсіп дамыған елдерде мемлекеттік шығындар жиынтық табысқа қарағанда тезірек өсуі керек. Ол өзінің заңын өспелі мемлекеттік белсенділік заңы деп атады.
А. Вагнер өзінің заңын түсіндіру үшін үш дәлелді тұжырымды ұсынды:
біріншіден, қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесінің күрделенуі қоғамдағы шиеленістердің санын арттырады. Осыған байланысты экономиканың сенімділігі мен тиімділігін қолдау үшін, сонымен қатар қатар құқық тәртібін сақтау үшін мемлекетке көп қаражат керек. Бұл қаражаттар тәртіп сақтау органдарын, полицияны ұстап тұруға, әр түрлі заң қызметтерін көрсетуге жұмсалады;
екіншіден, жаңа технологиялар көп көлемдегі капиталға қажеттілікті тудырады. Мұндай капитал акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл тұста техникалық жағдайлар монополияның құрылуына әсер ететіндіктен өндірісте акционерлік компанияларға қарағанда, мемлекеттің ролі артық болады;
төртіншіден, алынатын пайданың экономикалық жағынан бағалануы қиынға соғатын салаларда, атап айтқанда денсаулық сақтау және білім беруде мемлекеттің белсенділігі арта түседі.
Мемлекеттің белсенділігінің өсуі туралы А.Вагнердің тұжырымы көптеген елдерде әрдайым орындалып отырған, сондықтан экономисттер бұл құбылысты Вагнер заңы деп атады. Ол, әдетте, жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі арқылы анықталады. А. Вагнердің заңының орындалуын бірқатар елдің мысалында қарастырайық. Нидерландыда 50 жыл бойы жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі 3 есе, Францияда 2 еседен артық шамаға, АҚШ-та 2 есе өскен. Бұл тенденция тек Жапония мен Германияда ғана орындалмаған. Бұл екі мемлекеттердегі мемлекеттік шығындар шамамен 30-шы жылдардағы деңгейде сақталып тұрған. Бірақ бұл елдердегі мемлекеттік шығындардың көлемі өте жоғары болғандығын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |