3. Бюджет-салық және ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Мемлекеттің бюджет – салық саясаты мемлекеттік шығындарды (G) және салықты (T) өзгерту арқылы жүргізіледі.
Экономиканың циклдық құлдырауын жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салықты төмендету немесе екі шараны қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылатыны үкімет саясаты ынталандырушы бюджет салық саясаты немесе фискалдық экспансия деп аталады.
Экономикалық циклдың өсуін шектеу мақсатында мемлекеттік шығынды төмендетіп,салықты арттыру немесе екі шараны қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылатыны мемлекеттің фискалдық саясаты тежеуші бюджет салық-саясаты немесе фискалдық рестрикция деп аталады.
Мемлекеттік шығындар мен салықтың төмендеуі ығыстыру әсеріне әкеп соғады. Ығыстыру әсері ынталандырушы бюджет-салық саясатының басты проблемасы болып табылады. Ол ынталандырушы фискалдық саясаттың тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Ығыстыру әсерін төмендегі сызба арқылы көруге болады:
G↑ (немесе Т↓) => Y↑ => C↑ => Y↑ =>Mⁿ↑ => R↑ =>I↓, Xn↓ => Y↓
мультипли- ығыстыру
каторлық әсері
әсер
Экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған фискалдық саясаттың нәтижесінде пайыздық ставка өсуі салдарынан инвестиция мен таза экспорттың төмендеуі орын алады. Бұл ұлттық табыстың азаюына әкеледі.
Ынталандырушы фискалдық саясаттың қаншалықты тиімді жүргізілгендігін бағалау үшін ығыстыру әсерінің көлемі өндіріс көлемінің өсу көлемі салыстырылады.
Егер ығыстыру әсерінің шамасы өндіріс көлемінің өсуінен төмен болса, жүргізілген фискалдық саясаттың тиімді болғаны. Ығыстыру әсерінің мәнінің мейлінше аз болуының шарттары:
А) ақша нарығындағы пайыздық ставканың өсуіне инвестиция мен тазп экспорттыңаз икемді болуы;
Б) ақшаға деген сұраныстың пайыздық ставка өсуіне жоғары икемді болуы.Бұл кезде LM жатыңқылау болады.
Экономикадағы ақша ұсынысының артуы қысқа мерзімде ығыстыру әсерінсіз экономикалық өсуді қамтамассыз етуге мүмкіндік береді,бірақ таза экспорт динамикасына кері ықпал етеді.Оны төмендегі сызбадан аңғаруға болады:
M ↑ => R ↓ => I↑ => Y↑ => C↑ => Y↑
↓↓
Хn↓ мультипликаторлық әсер
Таза экспорттың төмендеуі табыс өскен кезде импорттауға деген шекті бейімділіктің артуымен түсіндіріледі.
Ынталандырушы монетарлық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ақша массасының өсуі мен пайыздық ставканың төмендеуінің нәтижесінде болатын инвестиция мен таза экспорт динамикасына деген ынталандырушы әсер арқылы анықталады.
Ынталандырушы әсер неғұрлым жоғары болуы үшін біріншіден, инвестиция мен таза экспорт пайыздық ставка динамикасына жоғары сезімтал (икемді) болуы керек. Бұл кезде ІS жатыңқы болады. Екіншіден, ақшаға деген сұраныс пайыздық ставка динамикасына аз икемді болуы керек. Бұл LM қисығының тіктеу орналасуымен сипатталады. Демек, IS қисығы жатыңқы және LM қисығы тік болса, жүргізілген ынталандырушы монетарлық саясат тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |