Бақылау сұрақтары:
1.Мемлекеттік бюджетке анықтама беріңіз.
2.Мемлекеттік шығындар қайда жұмсалады?
3.Салық салу қандай қағидаларға сүйенеді?
4.Салықтың түрлері жөнінде не білесіз?
5.Лаффер қисығының мәнін түсіндіріңіз.
Тесттер:
1. Егер экономика теңдестік жағдайда болса, төмендегідей тұжырым жасауға болады:
а) мемлекеттік бюджет балансталған
ә) барлық деңгей бюджеттері балансталуы керек
б) тұтыну шығындары инвестицияға тең болуы керек
в) кез-келген тұтыну шығындары инфляциялық үзіліске(разрыв) әкеледі
г) фирма табыстары жалпы инвестицияларға тең болуы керек
д) жоғарыдағы жауаптардың бәрі дұрыс емес.
2. Бюджет артықшылығының ЖІӨ-нің теңдестік деңгейіне әсері төмендегі жағдайға сәйкес келеді:
а) жинақтың қысқаруына
ә) инвестицияның артуына
б) тұтынудың артуына
в) жинақтың артуына.
3. Мемлекеттік шығындардың өсуі тек төмендегі жағдайда ғана нақты ЖІӨ өсуін қамтамасыз етеді:
а) мемлекеттік шығындар, шенеуніктерге ақы төлеуге емес, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бағытталса
ә) мемлекеттік шығындар ақша ұсынысының өсуімен қатар жүрсе
б) мемлекеттік шығындар мемлекеттік емес сектордағы шығындардың жоғары теңдестік көлемін ығыстырмаған жағдайда
в) мемлекеттік шығындар мемлекеттік займдар шығару есебінен қаржыландырылса.
4. Баға деңгейінің өзгеруі:
а) фискалдық саясат нәтижесінде көрінбейді
ә) фискалдық шаралар әсерін күшейтеді
б) фискалдық саясатты жүргізу кезінде жүзеге аспайды
в) мемлекеттік шығындар мультипликаторы мен салықтар мультипликаторының әсерін күшейтеді
г) фискалдық саясат шараларының әсерін төмендетеді.
ДӘРІС 8. АҚШАҒА СҰРАНЫС. АҚША НАРЫҒЫ.
Сабақтың мақсаты: ақша рөлінің жəне макроэкономикалық қызметтерінің мəнін ашу, ақшаға сұраныстың негізгі теорияларын тал- қылау, ақша ұсынысы, ақша мультипликаторы, ақша базасы сияқты мəселелерді қарастыру
Дәріс жоспары:
1. Ақшаның функциясы мен агрегаттары
2. Ақша сұранысының классикалық және кейнстік теориясы
3. Ақша нарығындағы ұсыныс
4. Банк жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |