4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Баға – білім алушының оқыту үдерісінде жетістікке жету мақсатында
жүзеге асырған әрекеттерінің нәтижесі,көрсеткіші.
Бағалау – білім беру сапасын жақсарту мақсатында
білім алушылардың
жетістік деңгейлеріне талдау жасау үдерісі.
Бағалаушылық пікір - білім алушыны жетістікке мотивациялауға түрткі
болатын педагогтің саналы талданып, эмоционалды түрде жария етілген пікірі,
бағасы.
Критериалды бағалау – оқыту мақсаттары мен күтілетін
нәтижелерді
сәйкестендіру арқылы білім алушылардың оқудағы жетістектерге нақты
критерийлер негізінде қол жеткізуіне ықпал ететін үдеріс.
Іс - әрекет - саналы қойылған мақсат арқылы басқарылатын
адамның ішкі
(психикалық) және сыртқы (физикалық) белсенділігі.
Педагогтің бағалау іс - әрекеті – оқыту үдерісінде
білім алушының
жетістікке жетуін қамтамасыз ететін, мақсат, міндет,
амалдардың жиынтығы,
тұлғаның өзін - өзі тану қабілеттерін,құндылықты – бағдарлары мен қасиеттерін,
белсенділігін қалыптастыруға негізделген жүйелі іс - әрекет.
Бағалау өлшемшарттары – білім алушының оқу жетістігін бағалауға негіз
болатын белгілер.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік
беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп,
үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар
бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда
өткізілетін бағалаудың түрі
Біліктілік - тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде
жұмыстарды орындау
үшін қажетті кәсіби білім,
іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің
жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: