Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет14/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Iштiк киiмдерi – көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей жатады.
Cырттық киiмдерге – шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем жатады.
Cулық киiмдерге — шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.
Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық, тiршiлiк қамы әсер еткендiгi сөзсiз.
Жас қыздар - бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген.
Бойжеткен қыздар - кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.
Тұрмысқа шыққан қыздар - алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді.
Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады.
Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.


ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ
сәукеле
бөрiк
қарқара
кимешек
жаулық
күндiк
желек
шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)
бүркенiш
бергек
қасаба
тақия
шылауыш
жаулық
Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіліп, Маңғыстауда “телпек”, шығыс Қазақстанда “кепеш” деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет