Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері


Бүлдіршін - сәби шақтан өтіп, жасөспірім шаққа жетпеген қыз бала. Бойжеткен



бет11/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Бүлдіршін - сәби шақтан өтіп, жасөспірім шаққа жетпеген қыз бала.
Бойжеткен - 15-16 жасқа келіп, ақыл-есі, дене бітімі кемеліне келіп, ұзатуға жарап қалған қыз бала.
Келіншек – жасы келіп үйленген қыз.
Келіната анасының қолынан шығып, ата-енесінің босағасын аттаған қалыңдық.
Ана – дүниеге нәресте әкелуші жан. Отбасының ұйытқысы.
Әже – жасы келген, немере - шөбере сүйген кісі.
Кейуана – жасы жүзден асқан, көпті көрген парасатты кісі. [6].
Жоғарыда атап өткен лингвомәдени бірліктер әйел адамның жасының ұлғаюына байланысты бөлінген. Одан басқа әйелдің қоғамдағы орнын көрсететін туыстық қатынастары да бар. Оларға жеке тоқталғанымыз жөн.
Сонымен қоса «әйел» сөзінің синонимдік тізбегі де бар. Әйел – отбасының қамқоршысы дегенде ер адамның серігі деген мағынаны білдіреді. Олай болса әйел: бәйбіше (ердің бірінші әйелі), тоқал (ердің екінші әйелі), жұбай, жар, серік, зайып, қатын т.б.
Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш топқа бөліп атайды.
Біріншісі — адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты әйелдер төркін жұртым деп атайды.
Екіншісі шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты.
Үшіншісі әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, оған арнайы ат қойып, оны өле-өлгенше есінде сақтауды үлкен әдептілік, көргенділік деп есептейтін де, ондай адамдарға барша жұртшылық дән ризалықпен қарайтын. Өйткені кіші үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауы — халқымыздың қанына сіңісті болған абзал әдет. Жеңеше, әпкетай, бикеш, жеңгетай, апай деген әйел адамдарға қатысты атаулар осының дәлелі. Енді осы атауларға жеке тоқталайық:
Ұлы әжебабаңның әйелі, әз атаңның шешесі
Кемпір – жасы үлкен әйел адам
Ана — балалы болған әйел адам.
Үлкен шеше - үлкен әкенің әйелі. 
Кіші шеше - кіші әкенің әйелі. 
Өгей шеше - туған шешесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, әкесімен үйленіп шеше орнын басқан әйел. 
Кіндік шеше - туған кезде кіндігін кескен әйел. 
Әже - әкесінің шешесі
Апа — анасы, шешесі, өзімен бірге туған жасы үлкен әйел затын да кейде осылай атайды.
Қайын ене - әйелінің шешесі. 
Қайынбике - әйелінің әпекесі. 
Тәте — бірге туған жасы үлкен қыз; әпке немесе қей жерлерде әке, аға.
Әпке — бірге туған жасы үлкен әйел адам.
Әйе – әкенің әпекелері . 
Апай – әкеңнің қарындастары . 
Қарындас — бірге туған жасы кіші әйел адам.ъ
Сіңлі — бірге туған жасы кіші әйел адам (бүл тек әйелдерге қатысты).
Бөле, қарын бөле — бірге туған апалы-сіңлілердің балаларының бір-біріне туыстық қатысы.
Жиен — түрмысқа шыққан қыздан туған үл мен қыз.
Жиеншәр – жиеннен туған ұл мен қыз . 
Жеңеше – аға әкенің әйелі . 
Жеңге — ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
Қалыңдық- атастырып қойған қыз. 
Келін — ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туған-туысқандар үшін інісінің әйелі.
Балдыз - әйелінің сіңілісі. 
Балдыз келін - қайын інсінің әйелі. 
Нағашы әпеке - шешесінің әпеке - сіңілілері. 
Абысын - қайын ағаның әйелі. 
Ажын- қайын інінің әйелі. 
Жоғарыда аталғандар жеті ұрпақтан тараған туысқандар тізбегі болатын. Бұдан бөлек екі жас қосылғанда қатарға қосылатын қайын-жұрт тобы бар. Бұл жерде қанды туыстастық жоқ.
Құда-жұрат – ілік-шатыс құда адамдар.
Құдағи – құдандалы адамдардың әйелдері
Құдаша – құдандалы адамдардың қыздары

Ал түрік тілінде «әйел» сөзінің синонимдік тізбегін қарастырсақ былай болады: avrat, ayal, eş, ehil, gelin, refika, hanım, harem, hatun, zevce т.б.
Түрік халқында әйелге қатысты лингвомәдени бірліктерге келер болсақ, туыстық атаулардың классификациясы қазақ тіліне қарағанда басқаша қолданыс табады. Жалпы алғанда екі үлкен топқа бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет