Қырмызы тон – қыз-келіншектерге арналып қызыл масатыдан тігілген қаптал шапан.
Белдемше – той-думанда көйлек үстінен киетін сәнді киім үлгілерінің бір түрі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге де арнап тігеді.
Кеудеше – кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім.
Кәзекей – жеңі жоқ, жағасы кеңірек ойылған, белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілген жеңіл киім.
Қамзол – көйлек сыртына киетін жеңсіз не шолақ жең сәндік әрі жұқа жұмыс киімі.
Кіреуке – алтын тінді жіппен тігілген аса қымбат, сәнді жібек шапан.
Тізеқап – суықта, аязды күндері киетін ауы, ышқыры жоқ екі балақ.
Ішік – қымбат бағалы аң терісінен тігілген ішіктердің қыз-келіншектерге арналған түрі. Олар манат ішік, жанат ішік деп бөліне береді.
Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері жасалып шыққан. Әсіресе, ұлт өмірінде әйел затына арналған киімдердің ерекше рөлі болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше құрметпен қарау дәстүр-лі мәдениетіміздің ерекше көрінісі екені күмәнсіз. Халқымыз қыз баланың әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері арқылы көрсетуді жөн көрген.
Түрік халқының ұлттық киімдері әлдеқайда басқаша болып келеді. Өйткені түріктердің мәдениетіне әр түрлі халықтар өзінің әсерін тигізген. Ұлттық киім түрлері де аймақтан аймаққа, ауылдан ауылға қарай өзгеріп отырады. Бұл сол жердегі адамдардың бір-бірінен қаншалықты өзгеше болғандығын, әр аймақтың әдеп-ғұрыптарының алуан түрлі болғандығын көрсетеді. Жалпы алғанда киім-кешек негізгі үш бөліктен тұрады:
1. İçtik (іштік) – бастан кигізіліп, бел жағында белбеумен байланатын көйлектің бір түрі 1. Бешпент. 2. Дамбал. 3.Жейде, көйлек. 4.Қамзол. 5.Күртке (желетке). 6.Шалбар.
2. Üstlük (сырттық) – алды ашық, қол жағы қысқа немесе қолсыз, түймесіз жекет 1.Жадағай шапан. 2.Жарғақ. 3.Күпі. 4.Сырмалы шапан. 5.Тайжақы. 6.Тон. 7.Шапан. 8.Шидем. 9.Ішік
3. Сулық киімдер - 1.Аба. 2.Кебенек. 3.Кенеп. 4.Сырттық. 5.Шекпен.
4. Dizlik (тізелік) – қысқарақ келген шалбар
Достарыңызбен бөлісу: |