Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет16/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Шылауыш немесе жаулық - ақ түсті матадан немесе жібектен тігілген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды «ақ жаулықты аналар» деп ардақ-тайды.
Шаршы шыт - ертеректе ақ түсті (ақзу, ақторғын, атылас, шыншу т.б.) материалдардан жасап пайдаланатын болған. Мұндай шыттардың төртқұлағын кестелеп немесе қызыл, сары күлгін т.б. өңді шүберектерден үш бұрыш астырып, сырып әшекейлеп келді. Шаршы ақ шытты жіңішкелеп бүктеп жапсырылған екі бұрышын дәл ортасына келтіріп бүктеп қаттама арасына артық шығарып бүктейді де екі ұшын әркім өз басына сәйкес түйіп байлайды. Байлау оң жақ шекеге келеді де, ұшындағы үшбұрыш шүберек жапсырылған ұшы шығып тұрады. (Халел. Н. Ұлттық мирас)
Орамал (парсы, араб.румал) – Ерте кезде кестелеп жасалған қол орамалды қыздар жігіттерге сыйлайтын болған. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды» дейтін халық мәтелі осыдан шыққан. Орамалдың басқа тартатын шаршы және қиықша түрлері де бар.
Сәукеле – қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы ғұрыптық бас киім. Сәукелені Орта Азия мен Қазақстан-ды мекендеген үшкір тымақты сақтар – тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады. Сәукеленің биіктігі шамамен бір жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдіптейді: алтын, күміс әшекейлер, моншақтар тағады; жоғары қарай жіңішке-ре түскен төбесіне үкі қадап, тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегейлейтін желек бекітеді.
Сәукеленің негізгі бөліктері –тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау. Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді. Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Сәукеленiң екi самайдан түсіп тұратын інжу, маржаннан жасаған шашақталған төгілме моншақ, салпыншақ шекелiк немесе жақтама аталады. Ол барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-өнсін деген игі тілекпен жасалған. Екі жақ самай тұсына бетке жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды сәукеленің бетмоншағы деп атайды. (“Бетмоншағы түсіп (үзіліп) тұр” дегендегі бетмоншақ). Сәукеле бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайшасы, екі жағында тізілген маржаннан салпыншақ пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын артқы құлағы болады. Сәукеленің төбесіне жібектен желек салынып, оған үкі (қарқара) қадалады. Ту сыртынан жерге жететіндей ақ желең немесе ақ жібек жаулығы тағылады.
Жаңа түскен келінге беташар айтылып, үлкендер тілек-батасын берген соң сәукелесінің сыртынан жабылған жамылғысы – бүркемесі (ақ бүркеншігі) қамшымен сабымен түріліп, беті салтанатты түрде ашылған соң ол алынып, оны желекпен алмастыратындығы белгілі. Ақ бүркеншек алғаш түскен келінді тіл мен көз сұғынан сақтайды, әрі ақ болуы-адалдық, тазалықтың белгісі, ибалықтың нышаны санайды. Жаңадан қауымға мүше болған жанның өз қауымы мен жаңадан мүше болып келіп жатқан қауымның арасындағы өтпелі кезеңді белгілейтін сәтте қолданылатын зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет