Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет19/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Диссертация НАЗИРА

1. Трабзонда әйел киімі:
Бас киім
- çember - бір түсті немесе түрлі-түсті матадан тігілген, шеттері әдемі оюлармен өрнектелген орамал түрі;
- yaşmak - шеттері әдемі оюлармен өрнектелген бөкебай. Әдетте орамалды байлау үшін қолданылады;
- yazma - бөкебайдың үлкенірек түрі (шарф);
- atkı - әйелдердің қолданатын үлкен мойынорағышы;
- peştemal - көбіне тұрмысқа шыққан немесе жасы келген айелдердің кейде белбайлауыш түрінде де қолданатын жұқа матадан жасалған бөкебай түрі;
- makaslı peştemal - қылқаламмен безендірілген бөкебай түрі. Көбіне жас қыздар мен келіншектер қолданады;
- çeşan - басқа немесе белге байланатын әшекейлі мойынорағыш түрі;
- tepeluk - майда тиындармен безендірілген келіндердің киетін баскиімі (фес);
Сыртқы киім.
- fistan - кең әрі ұзын болып келетін, асты мен үсті қосылып тігілген киім түрі;
- etekluk - ұзын белдемше;
- üç etek - барқыт матасынан тігілген, үсті мен асты бірге қосылған, үстінде жекеті бар киім;
- şal kuşağı - жүннен тоқылған, көбіне әйелдер мен жасы ұлғайған еркектердің киетін белдігі;
- don - ұзындығы белден тізеге дейін келетін, аяқ дақтары жиналып тұратын кең шалбар;
Аяқ-киім.
- patik - үйдің ішінде тәпішкенің орнына киетін жүн нәски;
- kontra - бай әйелдердің киетін өкшесіз аяқ-киімі;
- мes - қарттардың нәскидің үстіне киетін теріден дасалған жеңіл аяқ-киім;
2. Мерсинде әйел киімі:
Бас киім.
- fes-kep - қызыл немесе күрең барқыттан тігілген, көлемі 7-10 см болатын бас киім түрі. Алдыңғы жағына алтын тігеді. Алтынның саны әр отбасының экономикалық жағдайына байланысты болады. Көз тимесін деп бас киімнің дәл ортасына көк моншақ қадап қояды. Қыз күйеуге тигенде үйдегі феске тағылған алтындарды өзімен бірге күйеуінің үйіне алып кетеді;
- çalma-yazma-örtü: төртбұрыш түрінде болатын бас киім. Бастан тайып кетпес үшін оны қызыл матамен артынан байлап қояды;
Сыртқы киімдер.
- göynek - ақ және түрлі-түсті маталардан тігілген кеудеше. Қолының ұзындығы жағадан шынтаққа дейін 5 см. Қол жағы рәзіңкемен жинаып тұрады. Әйелдердің кең етеклі шалбардың үстіне киетін кеудеше әдетте ашық түсті болып келеді (ақ немесе крем). Түкті әрі жұмсақ фланель матасынан тігіледі. Мойынның артқы жағынан екі түймемен түймеленеді;
- öncek-önlük - көк түсті матадан тігілген алжапқыш. Киімнің алдыңғы жағын жабады. Бел жағы белбеумен байланады. Жұмыс жасағанда киімді кірлетпеу үшін қолданылады;
- kuşak - Ені 25 см, ұзындығы 1.5-2 м болатын, түрлі-түсті матадан (жібек) жасалатын белбеу. Жас қыздардың белбеулері солға қаратылып байланады, әйелдердікі оң жаққа қаратылып байланады.
- kolsuz aba - аймақта әйелдер колсыз кәжекей киеді. Кәжекей әдемі юрнектермен әшекейленген юолып келеді. Сирек те болса қара және қоңыр түсті кәжекейлер кездесіп жатады;
- şhalwar - экономикалық жағдайына байланысты атластан немесе жібектен жасалады. Кең әрі жеңіл болып келеді;
- mecidiyeli üç etek - шалбар мен іштіктің үстіне киілетін кеудеше.
Аяқ-киім.
- edik-çizme - жасалған етіктің түсіне қарай әр түрлі аталады. Қой немесе ешкі терісінен жасалады. Табан жағында 1-2 см өкше болады;
- çorap - етіктің ішінен киілетін, жүннен тоқылатын нәски;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет