Ерлердің бас киімдер - 1.Башлық. 2.Бөрік. 3.Далбай. 4.Жалбағай. 5.Жекей тымақ. 6.Күлапара. 7.Қалпақ. 8.Құлақшын. 9.Малақай. 10.Мұрақ. 11.Тақия. 12.Тымақ.13.Шалма.
Әйелдердің бас киімдері - 1.Бергек. 2.Бөрік. 3.Жаулық. 4.Желек. 5.Кимешек. 6.Күндік. 7.Орамал. 8.Қарқара. 9.Сәукеле. 10.Тақия. 11.Шәлі.
Аяқ киімдер - 1.Кебіс. 2.Көк етік. 3.Мәсі. 4.Мықшима. 5.Саптама етік. 6.Шоңқайма.
Кез келген халық күнделікті өмірдегі құрал-жабдықтарының немесе киім-кешектерінің түсіне мән береді. Әр ұлтта әр түстің өзіндік мән-мағынасы бар. Түрік халқы да түр-түске айтарлықтай көңіл бөледі. Кей кезде бір түстің бірнеше мағынасы да болып жатады. Әр түстің мағыналық ерекшеліктері тарихпен, халықтың діни наным-сенімдермен байланысты. Түріктерде әр тараптың өзіндік түсі бар:
- солтүстік - қара түс
- оңтүстік - қызыл түс
- шығыс - көк түс
- батыс - ақ түс
- орталық - сары түс
Тарихқа үңілсек, Селчуктер кезеңінде, одан кейін Османлы кезеңінде сарайда киім-кешектерде, кілемдерде, ою-өрнектер мен әшекейлерде негізгі үш түсті қолданған. Олар: қызыл, жасыл, сары;
Қызыл - күш пен қызбалықтың белгісі.Таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен байланыстырады.
Жасыл - табиғаттың, көктемнің түсі. еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті білдіреді. Жасыл - жастықтың белгісі.
Сары - бір жағынан жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдірсе, екінші жағынан түркі халықтарында сары түсі «уайым мен қайғыны», «мұң-шер мен ауруды» білдірсе керек.
Одан басқа діни наным-сенімдерде ақ және қара түстері де назардан тыс қалмаған.
Ақ - қайырымдылық пен пәктіктің тазалық пен тыныштықтың, бейбітшіліктің түсі.
Қара - бұл реңктің бірнеше мағынасы бар:
а) бір жағынан күштілік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылық, қырағылық, білгірлік, сенімділік және алықтық қасиеттерін білдіреді (Қара Мехмет Бей, Қара Бодун т.б).
ә) екінші жағынан қайғы-қасіреттің, жамандық пен зұлымдықтың белгісі деп танылады. (қара күн, қара ниет, қара бұлт төнді т.б.).
Түркияның әр аймағында халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлері әр түрлі болғандықтан, киімдерінде де ерекшелік бар. Кейде тіпті бір аймақтың киімі екінші аймаққа мүлде ұқсамайды. Сондықтан бірнеше аймаққа жеке-жеке тоқталғанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |