Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет8/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Диссертация НАЗИРА

1.3 Әйел – ананың қоғамдағы рөлі

Ананың қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан - теңіз. Ана - ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, дәнекерлеуші, ол іскер, қаһарман. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Сонау


ерте замандардағы наным - сенімдердің түп - тамыры да Ана. Ата- бабаларымыз аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана- қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі.
Түркілер әйел ананы отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы - ғалым Лев Гумилев “Көне түріктер” деген іргелі зерттеуінде “Түркілер әйелдерді сал серілердей әдейі қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да ордада апа қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады... Түркілерде анасының шыққан тегіне айырықша мән берілген” - деп жазған. Шындығында да қазақта “Жігіттің жақсы болуы нағашысынан” деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата - бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір - қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жоғары, жауапты екендігін танытады.
Қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді тілін, ділін, дінін, әдет - ғұрпын, салт - санасын, ұлттық дәстүрін баласынан немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы әйел ана деп санаған. Халқымыздың татулығын, береке - бірлігін келтіруші ана екендігіне тарих куә. "Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп" деген халық даналығы осыдан туған.
Қазақ хандығында аналар мен қыздардың өзіндік орны, атқарар рөлі
болғандығына жазба деректер мен ауызша тарих айтудың жәдігерлері дәлел
бола алады. Аналармыздың қоғамдағы орнын қалыптасқан ру - тайпалық
қатынастар, дәстүрлі шаруашылық, тамыры тереңнен бастау алатын діл, салт-дәстүр, әдет - ғұрып анықтаған. Қыздарын болашақ ана ретінде санаған
дана халық оларды сыйлап, қастерлеген. Перзентінің тұңғышы қыз болғанда
ырыс алды қыз” деп, жақсы ырымға жорып қуанған. “Қыз аз күнгі қонақ” деп тазаны кигізіп, дәмдіні жегізіп, үйдің оң жағынан төрінен орын беріп, аялаған. Алысты жақын, жатты жекжат етер, елмен елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп құрметтеген. Сән - салтанат құруға мүмкіндігі бар ірі байларды былай қойғанда, шаруасы өзіне жетерлік орта қазақ отбасының өзі ең алдымен қыз салтанатына көңіл бөлген. Киімнің асылын қыз бала киетін, алтын күмістен жасалатын өте қымбат сәнді әшекейлер де, өте әдемі және қымбат ер - тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғалар, әдемі сәйгүліктерді парлап жеккен пәуескелер бойжеткенге арналатын " - деген қазақ халқының белгілі ғалымы, этнографы Х. Арғынбаевтың тұжырымы айтқанымызды айғақтайды.
Қазақ қызын “қыздың жолы жіңішке” дей отырып, жан - жақты тәрбиелеген, еш уақытта оны кемсітіп, төмендетпеген. Қайта қыз баланың бойына әдептілік, инабаттылықпен бірге дала әдебіне сәйкес өткірлік, қайсарлық, шынайы намыс тәрізді қасиеттерді қоса дамытып отырған. Сондай - ақ тәлім - тәрбие, күш - жігер зая кетпеген.
Тарихта өшпес із қалдырған, ақылдылығымен, парасаттылығымен, шешендігімен танылған, ел билеген әйел-аналарымызға тоқталайық:
Томирис – Тұран патшасы Афрасиябтың қызы. Патшайым болып ел басқарған батыр қыз.
Зарина – Сақ патшасының қыз. Ел тағдыры үшін өз махаббатын құрбан етеді. «Жеке басымның бақытын елімнің еркіндігіне айырбастай алмаймын. Махаббаттан да жоғары нәрсе бар, ол – менің елім», – дейді Зарина.
Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі. Қоңырат тайпасының қызы. Жат елдікке пенде болғанмен ұрпақ тәрбиесінде өз елінің ұлттық тағылымын меңгерте білген.
Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын – бәсентин Малайсары батырдың қарындасы
Есенбике Олжабай батырдың анасы, үйсін Қарасай батырдың қызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет