Назым – Қабанбай батырдың қызы.
Айтолқын – Абылай ханның қызы
Бопай – Кенесарының қарындасы, бес жүз сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен батыр қыз.
Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы.
Домалақ ана (Нүрила) – Бәйдібек бидің әйелі. Нүрила барлық адамдарға өте мейірімді, ақылды, әулие әйел болған.
Шығыс тілдерін білген, өз халқының мұң - мұқтажы туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаменті мен үкіметінің Сібір комитетімен хат алысып тұрған Айғаным ханша тәрізді ел арасында беделі жоғары әйел аналар аз болмаған.
Қазақ халқының осындай ерекше тәлімді тәрбиесін, қыздар мен аналардың
ұлылығын өз кезегінде ел арасында болған орыс ғалым- зерттеушілері жоғары бағалап, пікірлерін жазып кеткен. Мәселен, зерттеуші А.К. Гейнс: “Жены у киргиз приобретаются, как у всех магометан, покупкою, называемою “калым”, поэтому родителям тем выгоднее, чем у них более красивых дочерей и нередко случается, что бедные киргизы при помощи своих дочерей не только поправляли свое состояние, но даже и очень богатели. С этой целью в некоторых киргизских семействах для сохранения красоты девушек вошло в обычай до замужества избавлять их от всех тяжелых работ и хлопот, ... хвалить красавиц считается у киргиз поступком благопристойным, красавицы же, заслужившие общую похвалу, нередко прославляются в степях” деп көзімен көргенін хатқа түсірген.
“Қызға қырық үйден тыю” деген дана философиялық қағидаға орай ата
- бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. “Қыз өссе елдің
көркі” дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке баулыған. “Қыз жат жұрттық” деп айтылып, өмірден сабақ ала білген бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігімен, көргендігімен дараланғанын қалады. Сол үшін де ата салттың мәнін өзгертпей, оны қатаң сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Нәтижесінде қазақ қыздары адами киелі қасиеттерді бойына жинап, өзге халықтардан ерекшеленді. Әсіресе қыздардың еңбек сүйгіш қасиеттері оларды отбасыны, сондай - ақ бүкіл дәстүрлі шаруашылықтың ұйытқысына айналдырды.
Қазақ әйелдері ұрпақ тәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне тікелей болмаса да қатысып, өздерінің көзқарастарын танытқан. Хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің ақылшы, кеңесшілері ретінде кең далаға танылған. Мұндай жайт өзге халық өкілдерінен шыққан зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған. Мысалы, зерттеуші ғалым А.К. Гейнс: “Киргизкая женщина играет большую роль не только как полная хозяйка семьи, но и как член общества. На сходках киргизов женщины подают голос наравне с мужчинами, в особеннности по вопросам, касающимся общественных нужд. Иногда даже мнение женщин имеет некоторое преимущество над мнением мужчины” , - деп пайымдаған.
Қазақ ауылында әйел отбасының берекесі ретінде саналып, оның алар
орны баға жетпес құндылықпен парапар болған.
Көшпелі шаруашылықта киіз үйді тіккенде шаңырақты ер азаматтар
көтеріп тұрған, ал үйдің керегесін керіп, уығын шаншитын, туырлық үздігін
жабатын әйелдер болған. Қазақ қоғамында ерлер әйел - аналардың осындай
артықшылықтарын көріп, даланың жазылмаған заңдары арқылы қорғап отырған. Отбасында, әулетте әрбір әйел ананың өзіндік орны болған.
Бәйбіше отбасы мен дәстүрлі шаруашылықта өзіндік орынға ие болып,
елеулі рөл атқарған.
Қазақ отбасындағы, қоғамындағы әйелдердің орны мен жағдайы туралы сөз еткенде әртүрлі көзқарастардың кездесетіндігі де заңды құбылыс.
Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттердің көпшілігінде қазақ әйелдерінің қоғамдық қатынастарда құқысыздығын орынды баяндаумен бірге, олардың отбасындағы орнын, Орта Азия халықтары әйелдерімен салыстырғанда әлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетіледі.
Солай болғанмен де, қазақ әйелдерінің отбасындағы орнын анықтауда оны әлеуметтік қатынастармен байланысты қарамай, бүкіл қазақ әйелдерінің көрген күні қараң, тұрмысы ауыр, өмірі азапта өтеді деген үстірт пікірлер де
бой көрсетпей қойған жоқ. Төңкеріске дейінгі қазақ қауымындағы қоғамдық мәселерге байланысты әйелдердің орны еркектерге қарағанда әлдеқайда кем саналғандығы кімге болса да аян. Оны біз әйелдердің қоғамдық мәселелерді шешуге араласпайтындығынан, сайлауға не сайлануға қақысының жоқтығынан, ең ақыр аяғы “әйел құны ерлер құнының жартысына тең” болғандығынан көреміз. Ел арасындағы әр түрлі мәселелер және ауыл отбасы тағдыры көбінесе әйелдердің араласынсыз, тек ерлер арасында, онда да ақсақалдар мен билер арасында шешілетін. Мұндай мәселелерде әйел тілін алу, оған ақылдасу деген атымен болмайтын. Мұндай жағдай олардың тек әйел екендігіне байланысты теңсіздік емес, оның негізі партиархалды - рулық қатынастардың салдарымен тығыз байланысты. Үй ішінің тағдырына әр қазақ әйелі белсене қатынасып отыруға міндетті болды. Отбасының тіршілігі әйел әрекеті мен еңбегіне байланысты жүрді. Сондықтан олар үй іші мәселесінде өзін еркін ұстайтын да, өз бетімен жұмыстарын атқарып, ерлерінің нағыз көмекшісі болатын.
Қазақ дәстүрінде әйелдің үй ішіндегі еркіндігі отбасының атына нұқсан
келтірмей, қайта намысын қорғайтын болса, ел аузына ілініп, өзгеге үлгі
ретінде айтылып, үлкен мадақ пен сыйға бөленетін.
Шаруаның негізгісі мал өсіру, егін салу болса, малды түзде бағып- қағу, оған жемшөп дайындау, егін егу, оны суару, жинау ісіне әйелдер тікелей араласа қоймайтын, ондай ауыр жұмыс әр уақытта ерлердің ісі болып
есептелетін. Тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп, алаша, кілем тоқу, әр түрлі үй бұйымдарын тігу, мал сауу, кір жуып, үй жинау, көші - қонның кезінде тең буып, оны шешу, үй жығып, оны тігу, жас балалар мен қартайған ата - енесіне қарау, т.б. үй ішінің ұсақ - түйек шаруасы түгелдей әйелдер мойнында болды. Үй шаруасына жалшылар ұстайтын ірі байлардың әйелдері мұндай шаруаларістемейтін. Олар тек басшылық етіп, жеңіл - желпі киім тігіп, ши орап, кесте тігіп, бала бағудан басқаға араласпайтын. Ал орта шаруалар мен кедейлердің әйелдерінің жұмысы тіпті көп болатын. Олар өз шаруасына қоса, бай туысының үй шаруасына да көмектесетін. Қысты күні үйде тұрған малға қарау көбінесе әйелдер мен бала - шағаның міндетіне жататын.
Қазақ әйелдері мал сатып, қаладағы базарға баруға араласпағанымен, үйдегі шаруаға тікелей қатысып, оған өзінің ықпалын жүргізетін. Үй іші шаруасын ұйымдастыруда да ері әйелімен ылғи ақылдасатын. Егер әйел ақылды болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізетіндіктен, мұндай әйелдерге күйеулері өздерінің өмірлік серігі ретінде қараған. Осындай жағдайлардың орын алғандығын тарихи деректер дәйектейді. Ері жоқта есті әйел оны жоқтатпай, барлық жұмысқа өзі басшылық ететін. Мұндай әйелдер тарапынан еш уақытта ұрыс - жанжал шықпайтын. Үлкен - кішіні бірдей сыйлап, керек жерінде жарасымды әзіл айтып, жолынан жаңылмай тұрған әйелдердің отбасындағы ықпалы күшті болатын.
Төңкеріске дейінгі көптеген әдебиеттерде қазақ әйелдерді сыйламайды, ұрып - соғып, күңдікте ұстайды деген жаңсақ, бір жақты айтылған пікірлер де кездеседі. Әрине, мұндай жағдай бүкіл халыққа тән қасиет деу қисынға келмейді.
Қазақ әйелдерінің қоғамдағы салмағы сәл төмендеу болғанымен, олардың әдептілігін көрсететін көптеген әдет - ғұрыптар да бар.
- күйеуінен өзге бөгде ер адамға беті мен екі қолының ұшынан басқа денесін көрсетпеу;
- жалаңаяқ, жалаңбас жүрмеу; еркектер алдынан кесе өтпеу;
- үлкендер отырған үйге кірмеу; өз үйіне үлкендер келіп әңгімелесіп отырғанда олардың әңгімесіне араласпау;
- тіпті оларға шай құйып отырғанның өзінде бір тізерлеп
қырын қарап отыру;
- үйде кісі барда малдас құрып жүресінен отырмау;
- үлкендер көзінше дауыстап сөйлеспеу немесе балаға шаңқылдап ұрыспау үлкен әдептілік деп есептелген. Шынында да, мұның бәрі әйелдің көргендігін дәлелдейтін ұнамды салт болған.
Отауы бөлек келіндер ата - енесі тұратын үлкен үйдің төріне шықпайтын,
олардың төсегіне жатпайтын, отырмайтын да. Тіпті олар өлген күннің өзінде үлкен үйдің төрі, ата - ененің төсек орны келіндер үшін өте киелі деп есептелген. Бұл әдет - ғұрып ата - ана отырған үлкен үй, қара шаңырақты сыйлау, құрметтеу, оған табынудың нышаны іспеттес болған. Осылайша қазақ қоғамындағы әйел ананың орны мен рөлін қарастырып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталдық. Әйелдердің қоғамдағы орны
патриархалдық - рулық қатынастарға, ислам дінінің әсеріне байланысты болған. Ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған халықтық әдет - ғұрыптар мен салт-дәстүрдің негізінде әйелдердің қоғамдағы рөлі айқындалып, беки түскен. Әйел-анаға қатысты әдет ғұрыптар оның болмысына, тәрбиесіне ықпал етіп, рухани тазалықтың биігінен көрінуге бағытталған. Осыған орай ақылдылығымен, тапқырлығымен, адалдығымен, көріктілігімен еркекке бергісіз әйелдер өмір сүріп, аттары аңызға айналған.
Түрік әйелі ислам дінінен бұрынғы кезеңде де исламды қабылдағаннан кейінде маңызды бір тұғырға ие болған. Әрі әдет-ғұрыптар, әрі заңды құқықтары тұрғысынан қолға алғанда түрік әйелінің ауқымды бір қозғалыс алаңы бар екенін көреміз.
Түрік халқында әйел-анаға байланысты қалыптасқан көзқарас сонау Османлы дәуірінен басталады. Османлы әйелінің қоғамдық ережесі және тіршілігімен байланысты кейбір маңызды мағлұматтарды кезеңнің еуропалық саяхатшыларының шығармаларында да байқауға болады. 18-ғасырда Түркияға келген Мэри Уортли Монтегю Османлы әйелінің еуропалық әйелдермен салыстырғанда еркін екенін атап көрсетеді. Элизабет Крейвен де «Түркиядағы сияқты әйелдер ие болған ауқымды еркіндік пен мүмкіншіліктерді басқа бір мемлекетте көрген жоқпын. Түріктердің біз әйелдерге деген ұстанымы барлық ұлттарға үлгі болуға тиісті» дейді.
Османлы қоғамында әйелдің белсенді роль атқарғаны мемлекеттік ресми құжаттармен де ортаға қойылады. Американдық зерттеуші Женнингс Кайсери қалалық сотының құжаттары бойынша жасаған зерттеуінде әйелдердің мүліктерге ие екенін, оларды сата алғанын, тіпті сауда жасау еркіндігі бар екенін анықтаған. Әйелдер өздері немесе туысқандары құраған қорларды басқарған, ауқымды мөлшердегі ақшаларды жұмсайтын болған. Әйелдердің кейбір заңды хақ пен жауапкершіліктері де болған. Османлы мемлекетінде соттар еркектер сияқты әйелдерге де жағдай жасаған. Әйелдер қашан қажет болса сол кезде сотқа шағымданған. Шағымдарын жасау, құқықтарын қорғау немесе айыпталғандары кезде өздерін қорғау мақсатты сотқа баратын. Зерттеулерде әйелдердің падишаға да арыз жазып жібергені, көбінесе сот төрешілері, қор мүшелері, туысқандары, қарызданған адамдары, жұбайлары және жергілікті әкімшіліктер жайлы шағымданғандары да ортаға шыққан. Осы шағым хаттар әйелдің тікелей әлеуметтік және экономикалық тіршіліктің ішінде екенін көрсетеді. Мысалы 17-ғасырда Бурсадағы жіп иіру құрал-жабдықтарының жартысына жуығы әйелдердікі. Бұл құрал-жабдықтармен жұмыс істегендер де әйелдер болған. Османлы тіркеу құжаттарында мүлік сатып алған, сатқан немесе жалға алған әйелдер жайлы да мағлұмат берілген.
Ақша табу және мүлік сатып алу хақына ие әйелдерден қайырымдылық жасағандар да аз емес. Османлы сарай әйелдері қорлар мен қайырымдылық мекемелерінің құрылуында маңызды рол атқарған. Сарай мүшесі әйелдер, падишаның шешесі, әйел сұлтандар, тіпті еріксіз әйелдердің қайырымдылық қорлары құруы - Османлының алғашқы кезеңдерінен бастап келе жатқан бір дәстүр.
Қорлар басқармасы архивінде орын алған 26 мың қордың 2 мың 309-ы әйелдер тарапынан құрылған. Бұл қорлар тек қана сарай әйелдері тарапынан құрылмаған, жай әйелдер тарапынан құрылған кішігірім отбасылық қорлар да болған. Осылардың барлығы түрік әйелінің белсенді және өткір мінездерінің бір көрінісі. Әйелдердің қор құруы, мүлік сатып алуы және сатуы Османлының экономикалық тіршілігінде әйелдердің қаншама маңызды роль атқарғанын ортаға қояды. Османлы әйелдерінің осы ұстанымы қор құрудан басқа аурухана, керуенсарай, мешіт, су қоймасы, көпір, ғимарат және асханалар салынуына да негіз болған. Явуз Сұлтан Селимнің қызы Шах Сұлтаннан бастап, қазірге дейін көптеген сәулет туындысы падиша жұбайлары, қыздары немесе сіңлілері тарапынан салынған. Сұлтан Селімнің жұбайы Хафса Сұлтан, Кануни Сүлейманның жұбайы Хүррем Сұлтан, қызы Михримах Сұлтан, Сафийе Сұлтан, Безм-и Әлем Валиде Сұлтан, Пертевниял Сұлтан бұл әйелдердің бірнешесі ғана. Әйелдер қала, әлеуметтік, оқу, құрылыс және кедейлерге жәрдем жұмыстарында үлкен белсенділік танытқан. 19-шы ғасырда Стамбұлдағы 69 мектеп әйелдер тарапынан салынған екен.
Әйелдер тек қана қайырымдылық жұмыстарымен ғана айналыспаған ғылым мен пән салаларында да өз қабілеттерін танытқан. Беязытта Сарай-ы Атик деп аталған бұрынғы сарайда еңбек ақымен жұмыс істейтін әйелдерден тұратын бір денсаулық сақтау ұйымы бар болатын.
Сондай-ақ сырттан да әйел дәрігерлер сарайға шақырылатын. Салиха Хатун атты танымал хирург жасаған операцияларда алған ақысының еркек хирургпен салыстырғанда үш есе көп екені құжаттарда орын алады. І-Абдулхамид қатты науқастанған кезде әйел дәрігерлеріміз үлкен бір табысқа қол жеткізген болатын. Гаремнің музыкалық тобы мен оркестрінде орын алған Дихаят Калфа да ең үлкен әйел композиторлардың бірі болған.
Мемлекеттік салт тарапынан берілген көптеген құқыққа ие әйел Танзиматтың жариялануымен одан көп құқыққа қол жеткізген. Танзимат кезеңінде мұраны бөліскен кезде әйелге еркекпен тепе-тең құқық берілген. Сот төрешісі алдында тұрмыс құру құқы, орта және жоғары білім алу хақы да әйелге берілген құқықтар арасында. Танзимат кезеңінде әйелдің білімді болуы бәрінен бұрын балалардың тәрбиеленуі, жанұяда тыныштық пен үйлесімділік болуы, қоғамның ілгерілеуіне және тыныштығына үлес қосуы тұрғысынан маңызды болып қабылданған.
Османлы мемлекеті дәуірінде ортаға қойған белсенділігі себепті қазір мықты санасы бар, басқарушы, табанды, өткір әйелдер үшін «Османлы әйелі», «Қандай Османлы әйелі екен!» деген сөздер қолданылады.
Асыл дініміз бойынша, әз аналардың ту басында Адам пайғамбардың қосағы Хауа анамыз тұрады. Мұса пайғамбарды тәрбиелеген Әсия анамыз (Перғауынның зайыбы), Иса пайғамбардың анасы Мәриям анамыз да дініміз бойынша алғашқылардың қатарында. Пайғамбарымыздың зайыптары — Хадиша, Айша, қызы Фатима аналарымыз бастаған әз аналардың жолы да, жөні де бөлек. Олар туралы сөз басқа. Шыңғыс ханның зайыбы Бөрте ханымды да тарихтағы ұлы аналардың қатарына қоюға болады. Әлем әміршісіне ақыл-парасатымен айтқанын істете білген, дүниені билеген төрт ұлдың анасы! Көшім ханның зайыбы Сүзге сұлу ше? Қазанды билеген Сүйімбике ханша, қырғыздың Құрманжан датқасы кімнен кем?! Құрманжан датқа — түбі бір түркі жұртынан шыққан бірден-бір әйел датқа, генерал, полковник болуымен ғана емес, ел басқарған көсемдігімен, сөз бастаған шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ер жүрек батырлығымен ел есінде қалған тұлға. Шоқанның әжесі Айғаным ханшаны ауызға қалай алмасқа?!
Бітіру жұмыстың тақырыбы "әйел" болғандықтан, әйел туралы мәліметтерді тарихтың терең тұғырынан алып жатырмыз. Өйткені өткен өмірді еске алмай, болашаққа адым аттай алмаймыз. Жұмыстың тарауларына байланысты қазақ және түрік халықтарын өзара салыстыра отырып зерттеу жасаймыз.
Шығыста әлемдік саясат сахнасында өзіндік орны бар нәзікжандылар да аз емес. Соның ішінде Түркиядан Тансу Чиллер сынды биліктің ұшар басына шыққан саясаткер әйелдердің есімдері әлемге әйгілі.
Түркияда мемлекет кезеңінде қоғамға еңбегі сіңген, беделді орынға ие болған әйелдер тізімі:
- алғашқы пилот (pilot) - Sabiha Gökçen (Ататүрктің қызы)
- алғашқы химия маманы (kimyacı)- Prof. Dr. Remziye Hisar
- алғашқы дәрігер (doktor) - Safiye Ali
- алғашқы мейірбике (hemşire) - Esma Deniz
- алғашқы адвокат (avukat)- Süreyya Ağaoğlu
- алғашқы мүсінші (heykeltaş) - Sabiha Bengütaş
- алғашқы әскери пилот (savaş pilotu) - Belkıs Şevket Hanım
- алғашқы тілші (gazeteci) - Selma Rıza
- алғашқы министр (bakan) - Prof. Dr. Türkan Akyol
-алғашқы бас елші (büyükelçi) - Filiz Dinçmen
Сөздің астарына келер болсақ, әйелдің бақыты – ең әуелі ана бақыты. Өзін ана ретінде танып, аналық сезімнің құдіретін сезінбеген әйел өмірдің бар қызығын көрсе де көңілі құлазитын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |