Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет5/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Л.П. Репинаның айтуынша батыстық университеттер программасында әйел мәселесіне арналған курс алғаш рет 1979-1980 оқу жылдары Сан- Диего университетінде пайда болды. Ал 1970-1980 жылдары тарихи ғылым қауымындағы скептицизмге қарамастан АҚШ та да, Европада да әйелдік зерттеулердің академизациясы , институционализациясы жүрді. Нәтижесінде көптеген университеттерде әйелдік және гендерлік зерттеу орталықтары немесе тіпті факульттетер ашылды
Соңғы жиырма жылда әйелдер тарихын зерттеуде үлкен жұмыс жасалды. Өткен уақыттағы әйелдердің тарихи тағдырына, олардың жекелеген қоғамдарының әртүрлі уақыт межесіндегі тарихи тәжірибелеріне экономикалық, саяси, идеологиялық мәдениет аясында талдау жүргізілді.
Жалпы әйелдер тарихында әрқайсысы оның даму стадияларын және оның көпқырлы бейнесінің бір жағын көрсететін үш бағыттың бөлінуі айқындалды.
Әйелдік зерттеулердің жаңа дәуірі 1986 жылы американ зерттеушісі Джоан Скоттың «Гендер - полезная категория исторического анализа» мақаласы жарыққа шыққан соң басталды. Осы уақыттан бастап «гендер», «пол-род», ұғымдары бұл мәселелерді зерттеуде маңызды категорияға айналды. Бұл көзқарас аясында «гендер» концептісі жыныстар арасындағы теңсіздіктің әлеуметтік сипатын жоюға бағытталды. Гендерлік статус қоғамда қалыптасқан қатынастар жүйесінің барлығына қатынасады. Оған тек жаңа дүниеге келген адам және оның барлық гендерлік әлеуметтенуі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық адамның мәдени – тарихи дамуын көрсетеді. Сонымен қатар гендерлік қатыстылық барлық әлеуметтік институттардың құрылымына қатынасады және гендерлік түсініктің индивид деңгейінде іске асуы қалыптасқан биліктік пен бағыну қатынастар жүйесін қолдайды. Сонымен бірге еңбектің гендерлік белгісі бойынша бөлінуіне қолдау жасайды. Бұл тұрғыдан гендерлік статус рассалық, этникалық және класстық қарастылықпен қатар әлеуметтік иерархияның және билікті бөлу жүйесінің конститациялық элементтерінің бірі болып табылады. Әйелдік зерттеулерде көзқарастың табиғи сиппаттан әлеуметтік қатынасқа ауысуы гендерлік мәселелерді әлеуметтік тұрғыдан құралған басқару мен бағыну қатынастары комплексіне қосуға жол ашады. Осылайша талқыланған гендерлік көзқарас әлеуметтік тарихшылар қатарынан да, мәдениет тарихшылары қатарынан да өз жақтастарын тез таба бастады. Осылайша әйелдер тарихынан гендерлік зерттеу пайда болды.
Әйелдер тарихының 1970 жылдардағы алғашқы түлектері ескі дәстүрлі тарихнамадан тарихи кезеңдестіру мәселесін қабылдап, оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. 1974 жылдары- ақ француз зерттеушісі Моник Пьеттер «Положение женщин сквозь века» атты жұмысында тарихты әйелдің басшылық бейнесі жақтарына қарап өте ұзақ үш фазаға бөлді. Олар: бірінші бейнесінде «Арғыдан дүниеге әкелуші – Ана», екіншісінде ежелгі мемлекеттерде және одан соң әсіресе христсандық орнаған мезеттер мен Жолдас-Әйел бейнесі моногамиясында, үшінші қайта өрлеу дәуірінен бастап Тұлға-Әйел бейнесі пайда болды
Әйелдер тарихының жекелеген кезеңдерін зерттеуде таптырмайтын үлгі, әсіресе ерте жаңа заман кезеңіндегі, осы кезге дейін америкалық феминизмнің теоретигі мен практигі, тарихшы Джоан Келлидің «Было ли у женщин Возрождение» атты айтулы мақаласы болып табылады. Әртүрлі әлеуметтік топтардағы әйелдерге қоғамдық өзгерістердің әсер етуін зерттеу үшін Джоан Келли өзінің теоретикалық моделін әйел бостандығының сапасы және деңгей индекаторын жасады. Ол төрт байланысты критериді санатқа алды. Олар: а) ерлермен салыстырғанда әйелдердің жыныстық ерекшелігінің қоғамдағы регламентациясы, ә) әйелдерге қатыстырылған шаруашылық және саяси саладағы рөлі, б) сонымен қатар олардың меншікке, билікке, білімге, кәсіби оқуға қол жетімдігі, в) қоғамның мәдени өміріндегі рөлі, әйелдердің, яғни жыныстардың қоғамдық санадағы, өнердегі, әдебиет пен философиядағы рөлдік функциялары.
1791жылы француз революциясының программалық құжаттарының бірі «Декларация прав человека и гражданина» шыққан соң әйелдің құқықтарын жақтаушы Олимпия де Гуж «Декларация прав женщины и гражданки» атты манифесін баспадан шығарды. Бірақ бұл революция жақтастарының энтузиазмын туғызбады. Нәтижесінде шығу тегі әлеуметтік топқа жататын автор контрреволюциялық күштермен байланыста деп айыпталып, 1793 жылы қазанда басы шабылды. Нәтижесінде ол француз феминистерінің атақты тұлғасына айналды.
16-18 ғасырларда ерлер әйелдердің патриархалды биліктен босап шығу мүмкіндігін мүлдем мойындамады. Бұл реформаторлардың да, Ұлы Француз революциясы дәуірі революционерлерінің де ойына кіріп шықпады. Ерте жаңа заман дәуірінде ерледің сапасы саяси жауапкершілікті өзіне қосты, ал бұл кезде әйелдердің жақсы әрекеті үй және шаруашылықтық болып қала берді. Ақыл, тұнық ой, достық сияқты қасиеттерді ерлер өздеріне таңды. Бұл тіпті пайда болған вербалды формулировкаларда көрініп тұрды. Осы кезде ортақ ойлылардың бірлестіктері, ортақ экономикалық өндірістері «ағайындық», «серіктестік» деп аталды. Нағыз ердің атрибуты деп оның жанұясындағы өмір сүріп жатқан әйелі мен қыздарын, әйел жынысты өзге туыстарын, тіпті үй қызметкрлерін өз қол астында ұстай алу еді. Бірақ кейде әйелдер өз ерлеріне ықпалын жүргізуге тырысты. Ал нағыз ер осындай дүниеге жол бермеуі тиіс еді. Ерлердің арасындағы біреу егер патриархалдық билікті ұстай алмаса ол қоғамдық сферада басқару құзыретінен айырылуы мүмкін еді. Әрі қарай он сегізінші ғасырдың ортасы мен он тоғызыншы ғасыр қоғамындағы таптық құрылымының өзгеруіне байланысты әр түрлі әлеуметтік топтарда ерлік қатынас айырмашылықтарына жол берілді. Белгілі Британ тарихшысы Джон Тош бұл үрдістерді Британдық материалдарда қарастырды. Онда ол он тоғызыншы ғасырда ағылшындық орта тапта ерліктің негізгі құрауыштарын көрсетті. Оларға жататындар жақсы жұмыс, жанұяның өзін асырауы, өзге ерлер арасында еркін қатынас жасай алуы. Джон Тош адам өмірінде қоғамдық және жеке тұлғалық сфераларды бөлмеуге шақырды. Оның ойынша, гендерлік тарих тарихи зерттеулерге тән қоғамдық пен жеке тұлғалықтың қатаң бөлінуіне әкелді. Мысал ретінде, ол Британдық гендерлік тарихнаманың көрнекті жетістігі деп санайтын Леонор Дэвидофф пен Кэтрин Холдтың «Привратности семьи» еңбегін келтірді. Бұл авторлардың басты тезисі адам өміріне қоғамдық және жеке деп бөлу тұлғалық өзін ұстау мотвациясының спецификасын ашып бермейді. Ал он тоғызыншы ғасырда Англияда мысалы ердің іскер белсенділігінің басты мақсаты үйі мен жанұясын асырауы еді. Орта таптағы ер үшін мұндай қасиеттер күнделікті өмір қажеттігін қанағаттандарды. Бұл бағытта гендерлік пен әлеуметтік тап арасындағы байланыс ашылды. Гендерлік зерттеулердің артықшылығы Джон Тоштың айтуынша ол адамның қасиеттеріне тек биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да талдау жасайды. Гендерлік зерттеулер Джон Тоштың айтуынша бүкіл қоғамды қамтуда концептуалды құралдарға ие.
Гендерлік саясаттың мақсат пен мәінденттері сонымен қатар жеке тұрғыдан да анықталады, немесе, жаңа биографиялық тарихпен сипатталады. Бұл жаңа биографиялық зерттеулер шеңберінде жүйелік құрылымдық негіздер жасалу шаралары қарастырылды, және әлеуметтік мәдени мен психологиялық қадамдар іс тәжәрибеде сынақтан өткізілді.
ХХ ғасырда көпетегн тарихшыларды зерттеуге итермелеген және тарихнамада ұзақ уақыт жетекші орын алған макросараптамалық қанағаттандырылмаушылық болды. Бұл мәселелер толық түрде рухани мәдениет мәселелерін зерттеумен айланысатындармен де шешіле алмады. Мысалы ділдер тарихын зерттеуші тарихшылар басынан бастап аз өзгеретін тұлғалық емес қоғамдық сана құрылымдарына назар аударды. Осыған байланысты тарихшылардың қызығушылығы қатардағы адам немесе орта тұлғадан нақты индивидке ауысты. 1980 жылдары микротарихтың кең етек алуына байланысты биография жанрындағы жұмыстар көлемі көбейді. Биография жанры тарихтың ерте кезеңдері үшін деректемелік базасында қатаң шектеулерге ие. Әсіресе қоғамның төменгі және жоғарғы қабаттарын зерттеуде бұл ерекше көзге түседі. Сондықтан зерттеуге элиталық қатардың өкілдері анағұрлым оңтайлы. Олардың санасында көбіне гендерлік және әлеуметтік компоненттер айқасқан. Жаңа жеке тарихта индивидуалды биографиялар макросараптама тұрғысынан қарастырылады және әлеуметтік контексті анықтауда қолданылады. Биографиялық әдіс микротарих принциптерімен байытылып және бұл гендерлік тарихтағы бірқатар мәселелерді айшықтауға мүмкіндік берді, бұлар - адамның қоғамдағы қабылдануына матриоманиалды статустың рөлі, өмірлік циклдың әр кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері, рөлдік жүктеулер және қысқартулар, қоғамның девианттық әрекетке реакциясы. Қоғамдық сананың ерлермен жасалған стереотипі әйелдердің әрекеттік стереотипін детерминациялағаны көрсетілді. Бұл әйелдердің жыныстық әрекетін басқаруға арналған, тәрбиненің қаталдығын көрсетті, білім жағдайын, киім үлгісін, сөйлеу мәнерін, жұпты таңдаудағы шектеулерді, іскерлік әрекет түрлерінің шектемесін көрсетті. Осы шектеулерден шығудың салдары трагедиялы болды. Осымен қатар әйелдік биография, әйелдік персоналды тарих өзімен бірге ерлер тарихынан ақпаратты қоса ала жүрді. 1990 жылдары әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі қайта ойластырыла бастады, өйткені бұл кезеңдестіруді екі жыныстың да қатынас тарихын еске ала отырып жүргізу қажет еді. Қазіргі таңда мұндай кезеңдестіру әртүрлі тарихи кезеңдерде бір бірінен өзгешеленетін механизмдерді зерттеу жолында ғана мүмкіндік алады. Олар әйелдердің жыныстардың арасындағы айырмашылықтардың билік ету түсініктерін мойындатуға кепілдік беруге арналған. Ал бұлар өз кезегінде белгілік, мәдени зорлықты іске асырудың әдісі еді. Барлық тарихи дәуірлерде ерлер мәдениеті биліктің патриархалды қатынастарын орнатуға және нығайтуға ұмытылды. Бұл қатынастар тарихи – мәдени түрде қалыптасқан және оларды табиғи, түп негізді әрі бүкіл ортақты етіп көрсетілді. Гендерлік тарихтың кезеңдестіру мәселесінің негізгі мағынасы мынада - әртүрлі тарихи дәуірлер үшін жыныстар арасындағы әлеуметтік рөлдер мен функциялардың айырмашылықтарын құрайтын және көрсететін механизімдерді анықтау. Бұл жолда гендерлік тарих әлеуметтік тарихпен байланысқа түседі және қоғамдағы «әлеуметтік» категория түсінігін байыта түседі. Тарихшылармен қатар гендерлік қатынастар мәселесімен философтар да айналысады. Бұл жерде, философиялық ортада гендер әйелдер табиғатының ерекшелігін бейнелейтін категория ретінде көбірек қабылданады. Осы категориялар барлық тарихи уақыттарда ерлердің рухани-психолгиялық құрылымынан ерекшеленетін айрықша белгілерге ие. Гендерлік қатынасты философиялық зерттеудің ірі орталығы Харьков университетінде қалыптасты, мұнда аталған бағытта үлкен жұмыс атқарған Ирина Жеребкина.
Гендерлік зерттеулер методологиясында сандық та, сапалық та әдістер
тең дәрежеде қолданылады. Мысалы, әйелдер мен ерлер арасындағы гендерлік стериотиптердің таралу деңгейін зерттеу барысында (сандық әдістерді қолданып), оның білім, жаңұялық жағдай, жас ерекшелігі сияқты көрсеткіштермен байланы сын (сапалық әдістер аясында) аңықтауға болады.
Сонымен, гендерлік зерттеулер методологиясына келетін болсақ, олардын ерекшелігіне жалпы теориялық әдістерді жаңа сапалық әдістермен толығуын жатқызуға болады. Гендерлік қатынастар – биологиялық және мәдени компоненттерден тұратын күрделі, өзгермелі құбылыс. Феменистік
зерттеулерге қарағанда, гендерлік зерттеулер жыныстар арасындағы айырмашылықты іздемейді, керісінше, теңдікті негіздеуге бағытталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет