(Ө, Ж, Қ) Өз ойындарына екі сұрақтан қосуды ұсыныңыз.
(Ұ) Оқушылармен келесі сабақта бағалау критерийлерін талдаңыз.
|
Балама ретінде сіз оқушыларға салыстыру операторлары туралы бейне немесе әрбір топқа салыстыру операторлары бар тапсырмаларды ұсына аласыз.
Оқушылардың назарын қолданылатын салыстыру белгілеріне аударыңыз.
Көрсетілім кезінде оқушылар мұғалімнің іс-әрекетін өз компьютерлерінде қайталайды.
Критерийлерді талқылау оқушыларға қорғағанға дейін ойынға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
|
4.4.2.2
|
өз сценарийі бойынша ойын жасау
|
Өз ойыным
(Ө, Ж) Оқушылардан алғашқы сабақтарда құрастырған өз ойындарының сценарийлерін ашуды сұраңыз.
Оларға өз жобаларын құрастыруға немесе дамытуларына уақыт беріңіз.
(Ұ) Оқушылармен құрастырылған жобаларды сыныптастарына ұсыну түрлерін талқылаңыз және бағалау критерийлер туралы естеріне салыңыз.
Жобаларды қорғау рәсімін ұйымдастырыңыз. Бір-бірін алдын ала талданған критерийлер бойынша бағалауларын сұраңыз.
(Ж) Оқушылардан бір-бірінің ойындарын тестілеу үшін орындаған жұмыстарымен алмасуларын сұраңыз. Тестілеу кезінде олардан ұсыныстарын жеке параққа жазып отыруларын талап етіңіз. Соңында оқушылар жобалардағы кемшіліктер мен ерекшіліктерді жұптасып талдау тиіс.
(Ө) Құрастырылған бағалау критерийлеріне және сыныптастырының ұсыныстарына сәйкес өзгерістер енгізу үшін, оқушыларға қосымша уақыт беріңіз.
|
Бұл тақырып екі сабаққа арналған.
Осы сабақтарда әрбір оқушы тоқсан бойы үйренгендерін көрсете алады.
Сіз шағын жобаның нәтижесін тоқсан бойынша қалыптастыру бағалау ретінде қабылдауыңызға болады.
Өзара бағалау жұмысын ұйымдастыруға болады:
- стикерлермен;
- ұнаған жұмыстарға пікір жазу;
- әрбір оқушыға бағалау парағын тарату;
- топ немесе сыныптың ішінде ауызша бағалау өткізу;
- «Сиқырлы сызбаша». Әр оқушыда жұмыстарын бағалайтын модераторы бар.
Жұмысты қорғағаннан кейін модератор қағаздан жасалған сызықшада, сәйкес келетін сызықты «х» белгісімен белгілейді. Әрбір сызық әріппен белгіленеді, мысалы «Л», «Т» немесе «Р»: Л – логика, Т – тестілеу, Р – жұмысты рәсімдеу т.б. Жұмыстарды талдау барысында жалпы талқылауды пайдаланыңыз. "Екі жұлдыз, бір тілек" тәсілін қолданыңыз.
Оқушылар өз ойындарын құрған кезде оларға қолдау көрсетіп, сыни пікір беріңіз.
|
Scratch ортасында құрылған программаларды бағалау http://scratched.gse.harvard.edu/resources/reflections-scratch-assessment
Scratch ортасында құрылған программаларды бағалауға арналған рубрикалар
http://scratched.gse.harvard.edu/resources/rubric-assessing-scratch-projects-draft-0
өзін-өзі және өзара бағалау түрлері
https://multiurok.ru/files/vidy-samootsienivaniia-i-vzaimootsienivaniia-na-ur.html
Викториналарды құру туралы қосымша ақпарат http://wiki.scratch.mit.edu/wiki/Creating_a_Quiz
http://wiki.scratch.mit.edu/wiki/Variables_Tutorial
Жоба мысалыhttp://scratch.mit.edu/projects/24878745/
Жоба мысалдары
http://scratch.mit.edu/search/google_results/?q=maths+quiz&date=anytime
|