Мазмұны ұзақ мерзімді жоспар 3


АКТ – Бастауыш мектеп, 4 сынып



бет7/32
Дата19.12.2022
өлшемі2.03 Mb.
#467499
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
АКТ – Бастауыш мектеп, 4 сынып

2-бөлім - Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушылар робототехникамен танысуды 1-3 сыныптарда бастады.
Оқушылар программаны іске қосуды, оқулық роботтың негізгі модельдерін құрастыруын, роботтың қимылын басқару, енгізу-шығару құрылғылармен, жанасу датчигімен және моторлармен жұмыс жасауды біледі. Сонымен қатар, робот компоненттерінің қызметтерімен таныс. Практикада файлдарды ашып, өңдеп, сақтаған. Роботқа арналған программалау ортасында жұмыс істеген және сол ортаның негізгі мүмкіндіктерін қолдана алады.

Мәнмәтін

Бұл бөлім «Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыптарға жатады. Осы бөлімді оқу барысында оқушылар роботқа түс және ультрадыбыс датчиктерін қосады және роботтарға арналған программалау ортасында жұмыс істеуді жалғастырады. Оқушылар алған білімдерін информатика сабақтарында ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндік салаларда қолдана алады.

Осы бөлімдегі тілдік мақсаттар
Оқушылар үшін академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқу мақсаты



Оқытудың тілдік мақсаты



Пәндік лексика және терминология

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Оқушылар:
- роботтың қимылын ұйымдастыру үшін түс датчигін қолдана алады;
- нысанға дейінгі арақашықты анықтау үшін ультрадыбыс датчигін қолдана алады.

Оқушылар:
- түс және ультрадыбыс датчиктерін пайдалану мысалдарын келтіру;
- түс және ультрадыбыс датчиктердің қызметтерін түсіндіру.



түс датчигі, программаланатын модуль, ультрадыбысты датчигі,
моторлар, арақашықтық, тосу,
салыстыру, алға, артқа, бұрылыстар, жылдамдық, алгоритм, тест, енгізу порты, шығару порты



Түстті анықтайтын құрылғылар … мүмкіндігін береді.
Арақашықтықты анықтайтын құрылғылар … болады.
Роботты қимылдатуға арналған программалау блоктары … болады.
Роботты арналған программалар арқылы … қимылдатуға болады.

Басқа да тілдік мақсаттар қою үшін, сонымен қатар, академиялық тілді оқыту және үйрену үшін қолданылатын оқытудың тілдік мақсаттарына қатысты қосымша нұсқаулықтар алу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мәтініне қараңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар жұмыс барысында түс пен арақашықтықты анықтайтын датчиктерді қолданады, роботты қимылдататын программалар жазады және өңдеп тестілейді, қажетті жағдайларда роботтың құрамына өзгерістер енгізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет