|
|
Түс датчигі
|
Өткен жылғы материалды әңгімелесу ретінде қайталатыңыз. Оқушылардан робототехникамен байланысты қандай мамандықтарды білетіндерін сұраңыз. Бұл жұмысты топпен де ұйымдастыруға болады, мысалы әрбір топқа мамандықтар тізімін немесе суреттер беріп, берілген салаларда қалай роботтарды қолдануға болатынын сұраңыз. Олар өздерінің шешімдерін ойдан да шығаралатындарын ескертіңіз. Жұмыс барысында постер немесе сурет салуға мүмкіндік беріңіз. Бір-бірін бағалау үшін алдын ала бағалау критерийлерін оқушылармен талдаңыз. Үздік жұмысты таңдау үшін көрме ұйымдастырып, дауыс беру арқылы анықтауды сұраңыз.
«Түс датчигі, қолдану салалары мен түрлері» атты бейнені алдын ала компьютеріңізге жүктеп қойыңыз. Көрсету барысында, уақытша тоқтатып отырып, оқушыларға мазмұны бойынша сұрақтар қойып отырыңыз.
Техникада қолданылатын әртүрлі түс датчиктерін қарастырыңыз.
Негізгі қызметтерімен таныстырыңыз. Порттарды қарастырыңыз (енгізу, шығару).
Датчиктер енгізу порттарына, ал моторлар шығару порттарына қосылатындарын түсіндіріңіз.
Оқушылардың назарларын сенсорлар мен моторлардың элементтеріне, сонымен қатар байланыстыру кабельдеріне аударыңыз. Оқушыларды кіріс мәліметтер пернелік тақташа мен тышқаннан емес, кірістірілген құрылғының сенсорларынан түсетін, ал шығыс мәліметтер құрылғыны немесе оның бөліктерін жылжытатын моторлардың жұмысын бақылайтын мысалдар келтірулерін сұраңыз.
Әдетте оқушылар келтіретін мысалдар бір немесе басқа формадағы роботтарды қамтиды.
Оқушыларға осы сабақта роботтың іс-әрекетін әзірлейтіндерін ескертіңіз.
Түс датчигі (жарық сенсоры) түс немесе жарықтықты анықтай алатынын түсіндіріңіз, үш түрлі тәртіп болу мүмкін: "түс", "шағылысқан жарықтың жарықтығы" және "сыртқы жарықтың жарықтығы" жұмыс істей алады.
«Түс» тәртібінде датчик жеті түс ажырата алады
«Шағылысқан жарықтың жарықтығы» датчик жарықтың жарықтығын анықтайды.
«Сыртқы жарықтың жарықтығы» түс датчигі жарықтың күшін анықтайды.
Оқушылар түс датчигімен эксперимент жасаған кезде, қажет болғанда қолдау көрсетіңіз және жұмыс барысында ойлау қабілеттерін дамыту үшін және қателерін табуға әсер ететін сұрақтар қойыңыз немесе қолайлы жағыдайлар ұсыныңыз.
Мысалы: Кез келген нысанды датчиктің алдына қойыңыз.
1) Қызыл түсті нысанды анықтаған кезде робот біртүрлі дыбыс шығарады, ал басқа түсті нысан көрсе басқа дыбыс шығару тиіс.
2) Алдында кездескен нысандардын түстерін анықтап, оларды атайды. Тапсырма мысалы:
Робот бір орында тұрады, қоңыр түсті анықтаған кезде екі қадам алға жылжуы тиіс.
Дифференциация ретінде оқушылар түсті анықтаған кезде, роботқа бірнеше әрекет жасатуларына болады немесе логикалық операторларын қолдануға болады: қоңыр немесе сары…
Қажетті жағдайда виртуалды конструктор/ виртуалды ортасын қолдануға болады.
|
Түс датчигі
https://www.youtube.com/watch?v=bcmu37nQNK0
«Lego WeDo» конструкторы
http://www.legoeducation.us/eng/product/lego_education_wedo_robotics_construction_set/2096
Lego EV3 түс датчигі және оның ерекшіліктері https://www.youtube.com/watch?v=pmq7ydRHT3E
Қызықты робототехника
https://www.cmu.edu/roboticsacademy/roboticscurriculum/Lego%20Curriculum/index.html
LEGO үшін ROBOTC MINDSTORMS (виртуалды орта)
http://www.robotc.net/download/lego/
Түс датчигін оқуды бастаймыз https://robot-help.ru/lessons/lesson-5.html
Робототехника бойынша тапсырмалар
https://learningapps.org/index.php?category=10&subcategory=5360&s=
Есептер
https://robot-help.ru/lessons/5-lesson-5.html
|