(Ұ, Т) Оқушыларға «Рулевое управление», "Ожидание" блоктардың суреттері бар карточкалар таратыңыз. Осы блоктардың тәртіптерін оқушылармен бірге талдаңыз.
(Т, Э, Қ)Оқушыларға жиналған, дайын жүктелген программасы бар роботты ұсыныңыз және эксперимент өткізуді сұраңыз.
(Ө, Ж, Қ)Роботтың түске байланысты жылжуын бақылайтын программаны өзгертуді/дамытуды талап етіңіз:
- Алға/Атқа/Тоқтау/Қайталау (цикл)
- Салыстыру
(Т, К) Жұмыс нәтижелерін көрсетуді сұраңыз. Программада қате болған жағдайлардағы оқушылардың іс-әрекеттері туралы өз пікірлерін білдіруді сұраңыз.
Оқушылар бір-біріне бөгет жасамай, эксперимент пен тестілеу жұмыстарын өткізуге жағдай жасауды ойластырыңыз.
Сыныпты бірнеше жеке бөліктерге бөліп қойыңыз, ол үшін түсті таспа немесе қағаздан қалқалар қолдануға болады.
Оқушыларға датчиктің жұмыс принциптерін түсіндіріңіз, мүмкін баптауларды қарастырыңыз:
Тапсырма мысалдары.
- Қабырғаға немесе кедергілерге дейін 15 см қашықтықта тік сызықты бойынша қозғалатын роботты тоқтататын программа жазу.
- Робот кедергілерден 1 м қашықтықта тұрады, кедергіге біртіндеп келеді және әрбір 20 см сайын дыбыс шығарады.
- Робот өзі айналасында айналады және затты көрсе, оған жақындайды.
Дифференциация ретінде робот бірнеше әрекет орындауы мүмкін, мысалы жақындаған кезде дыбыс шығарады.
- Робот тік жолмен кедергіне 23 см қалғанға дейін жылжу тиіс. Тоқтаған кейін робот 180 градусқа бұрылып, кедергіден алысырақ 2 қадам жүреді.
Дифференциация ретінде бұрылыс градусын немесе кедергіден жылжу бағытын өзгертуді сұрауға болады.
- Басында робот тоқтап тұрады. Кедергі роботқа қарай 8 см арақашықтықта болғанша жылжыйды, сонан соң робот 2 қадам артқа шегінеді.
Дифференциация ретінде робот басқа әрекет немесе бірнеше әрекеттер жасауы мүмкін.
- Басында робот кедергіден 8 см арақашықтықта орналасқан және ультрадыбыс датчигі кедергіге бағытталған. Робот жылжуды бастайды, кедергіден 30 см-ге шегінгенде ол дыбыс шығарып, тоқтауы тиіс.
Дифференциация ретінде робот кедергіге жақындаған кезде, дыбыс шығарып тоқтау немесе шегіне бастауы тиіс.
- Кедергіден 15 см арақашықтықты ұстап тұратын робот үшін программасын жазу (күрделілігі жоғары тапсырма).
Оқушылар бір-біріне кедергі жасамау үшін тестілеу кезеңінде әрбір топқа бір белгілі орын көрсетіңіз. Тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне сәйкес беріңіз.
Оқушыларды жазған программаларын тестілеуге ынталандырыңыз.
Қиыншылықтар туған кезде оқушыларға қолдау көрсетіңіз, ол үшін программалардың дайын скриншоттар немесе мәндері тек қана мәндері көрсетілмеген программалар үлгілерін таратыңыз.
Қабілеттері жоғары оқушыларға «Робот-полицейский», «Робот-шпион» программаларын жазуды ұсыныңыз (материалдар оқу ресурстағы презентацияларда ұсынылған)
Балаларға жарқанаттар туралы
https://www.culture.ru/movies/3329/almanakh-videozhurnala-khochu-vse-znat
(Ұ, Қ) Оқушыларға жарқанаттар туралы бейне көруді ұсыныңыз.
Келесі сұрақтады талдаңыз:
- Жарқанаттар алдындағы кедергілерді қалай анықтайды?
- Осындай датчиктің көмегімен қандай мәндерді анықтауға болады?
- Ультрадыбысты қолдану мысалдар келтіріңіздер (автоматты есіктер, жаяу жүргіншілер жолдары, парктроник, жарықты қосу/өшіру басқару).
- Нақты практикалық тапсырмаларда ультрадыбыстық сенсорын пайдалану мүмкіндіктерін атаңыздар.
- Қандай мамандық иелері ультрадыбыстық сенсоры бар роботты және қалай пайдалана алатынын айтыңыздар.
(Ұ) Оқушыларға датчик құрылғысына қарап, жұмыс істеу ережелерімен таныстырыңыз. Датчикті роботқа қосып, компьютерге шығатын мәндерді анықтауды ұсыныңыз.
Бірінші тоқсанда өткен тақырыптарды қайталау үшін салыстыру операторларын оқушылардың естеріне түсіртіңіз, ол үшін алдын ала тарату материалдарын дайындауға немесе бұрын жасаған жобалардан көрме ұйымдастыруға болады.