444
445
Өйткені «шад» сөзі МШУ, Теркін, Тэс мəтіндерінде өзі жеке-дара кездеседі (ДТС.
519). Байырғы түркілердің барлық мəтіндерінде қағанаттың «төлес» (сол)
қанатын
басқарушыға берілетін атақ. Ұлы қағаннан кейінгі кіші хан дəрежесіндегі лауазым.
«Ара» (апа)-аға, əпке (МК. І. 86; USp. 12; Каз. Кирг. Уз. Туркмен. Тат. Қараңыз:
Севортян Э.С. ЭСТЯ. 158–159-беттер). Ара tarqan (Туй. 34.), ) apa tutuq, qul apa (ДТС.
47).
Тəңір текті ұлы қағанның өзімен
бірге ет жақын туысқандарына, балаларына
берілетін атақ. Сондықтан да «apa tаrqan», «apa tutuq», «qul ара» деп арнайы «ара
(апа)» атауын қосып атап отырған. Түркі қағанатының əкімшілік
құрылымын
өзгертпей көшіріп алған Шыңғыс хан туыстарын дəл солай «Degü nuγuq (dorbun degü
nuγuq)» деп атаған. -t= көптік жалғауы. «Apyt (апыт)» – көпше түрі. Жекеше түрі –
«ара (апа)».
3. γwr-γ‘p(‘y-)nt (qurqapyn) сөзін (Бұғыты мəтінінде) аударушылар толық түсінбей,
ашық қалдырған.
«Qor~qory» – қору (охрана) (МК. ІІІ. 279; ІІ. 105) qor=qur – жинау, құру (МК. І.
148, 114). «Qap» – қабу, тістеу, қатты ұстау. -yn= етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ.
Qapyn=qapyγ – есік, қақпа; Qorqapyn~qurqapyn – қорғаушы, хан ордасын қорғаушылар.
«Есік» түркі дүниетанымында қасиетті есептеледі. Байырғы түркілер сол үшін «qut
qapyγ» (Құт қақпасы, есігі) (QBN.202) деп атаған. Қақпа қорғаушыларды ІХ–Х ғасырда
«qapyγ bascysy» (QBK. 140
10
) деп атаған. Олар Ордаға келушілерді ұйымдастырып,
қағанның қабылдауын тəртіпке келтіріп отырған.
4. Байырғы түркі мəтіндерінде шад, апыт, тархан, тудундардан соң «бектер» сөзін
қолданып отырған. Сол канон бойынша «бектер» сөзін қазақша аудармасына қосып
жаздық.
«Бұғыты» жазба ескерткіші Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары»
кітабында
(Астана, 2003) жарияланған мəтін бойынша берілді.
Қ. Сартқожаұлы
Достарыңызбен бөлісу: