198
күй аңыздар
Сонда Махамбет артына қарап, екі бүктеп ұстаған бұзау тіс
он алты өрме бөкейлік
қамшысын тақымына тіреп, бір жағына
қисайыңқырап отырып: «Е, неменесі бар, мен қарғылы қара
тазы болып, алдарыңда оқ бойы шығып отырсам,
артымнан он
екі төбет дүңкілдеп ере алмай келе жатса, дүниенің қызығы сол
емес пе!» деп билердің жағын қарыстырған екен дейді. «Қайран
от ауызды, орақ тілді ақыным-ай»,—деп Құрманғазы сол арада:
«исатай мен Махамбет, өкіне ме екен өлдім деп!» деген жолдар-
мен басталатын өлеңін
жайлап термелеп айтып келіп, аяғында
бір күй тартып жіберген екен дейді. Күйдің аты «Жалын» бол-
масын, «от жалын» болсын деп отырғандар толықтаған екен.
210. «Маната»
Күндердің күнінде күйші үстіртке келіп, оның жоғары
көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе
жатқан керуеннен асудың сырын сұрап,
әңгімеге біраз қана-
ды. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын қатты тартып, өмілдірік-
құйысқанын мықтап алып, «Қара түйе—Манатаның» шыңына
көтеріледі. Бұл шың туралы ел
ауызында небір қызықты
аңыздар барын бұрыннан да білетін. Енді, міне, ертегідей бо-
лып естілген асуды өз көзімен көріп, өз аяғымен басып келеді.
«Қара түйе—Манатаның» жоғары қарасаң, бөркің түсетін,
төмен қарасаң, басың айналатын үстірттің текше-тегіс үстіне
шығады. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын босатып, аз уақыт жел-
ге қаратып,
қаңтарып қойып, шылбырынан ұстап отырып, біраз
ойға кетеді. Бұл шыңның басына шықса да, төмен түссе де, аман-
есен өткендіктеріне мал сойып, садақа
беріп жататын керуен нің
істегенін істейтін қауқары жоқтығын есіне алады. Дегенмен бұл
да ел ауызында бар жер екен деп, асудың асқарларын домбы ра
дыбысымен жаңғырта «Маната» деп күй шығарады. Біреу лер
бұл күйді «Маната тау» деп те атайды. Сөйтіп, үстіртке
аса тын
асу—«Қара түйе—Манатаның» басын жылдар бойы сада
қа
шалған мал етінің исі мен жер ошақтың түтіні ғана шалса, ол
құздарды Құрманғазының қолынан шыққан күйдің сиқыр лы
толқыны да шалып өтіп, шың-шыңды қуалап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: