мəдени-тілдік контексті.Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүиетаным кіреді. Тар
мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-əрекеттің нақты тілдік
шындығын айтады. Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі
классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты
(өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Біріншіден, тілде бір нақты нəрсені білдіретін
белгі жəне сол нəрсенің өзі бірін-бірі анықтайды., екіншіден сол тілді қолданатын тілдік
ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бəрі бір мағынаға ие, үшіншіден, осы жоғарғы
айтылғандардың нəтижесінде тіл қоғамның барлық əлеуметтік топтарына бірдей қызмет
етеді.
Тіл-бəрімізге ортақ, бəріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз.Өмірдегі сөз
саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда мынаны байқаймыз - əрбір сөз өзінің
нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық
мағынаға да ие екен.
Рухани
болмыс- мағыналы белгі, таңба болмысы.Өйткені, белгі қашанда
,,материалдықң, ,,заттық,, белгі. Белгілік шығармашылықтың жемістері- өнер туындысы,
ғылыми жұмыстар, діни рəміздер, салт-дəстүрлер жəне т.б. бəрі адамды қоршаған шынайы
əлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның
мағынасында, мəнінде, өзіндік құндылығында.
Жалпы, ұғыну мəселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне
айналды десек болады. Осы мəселеге сонау Ф.Шлейермахерден , В. Дильтейден бастап
М.Хайдеггер, Х.Г.Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну
мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөн. В. Дильтей
өзінің міндетін гуманитарлық
ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В.Дильтейдің кезіндегі
Германияда қалыптасқан терминология бойынша, ,,рухани ғылымдардың, өзіндік
ерекшеліктерінң түсіндіру деп білді.
Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын,
яғни рухани
əлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нəрсе
емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді
қызықтыратын ұғыну, түсіну мəселесі көтеріледі.
Мəдениет жəне оның өзіндік ерекшеліктері əрқашан философиялық ізденістер мен
зерттеулердің негізгі пəні болып келді. Сондықтан мəдени даму барысын онда
қалыптасқан ойлау тəсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген
философиялық үрдістерді байқауға болады.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге
негізделген салт-дəстүрлер, мифтер, əдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор
кеңінен дамыды жəне ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл-
коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін
болғандықтан да адамдар ұжымы өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық
акустикалық кеңістіктен
көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл-
өсиет, даналық ой, жазылған жəне көзбен көріп оқылатын мəтіндерге айналды.
Əліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім
мүшесі құлақ болды. Есту сенумен пара пар болды. Ендігі жеерде негізгі сезім мүшесі
болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі-көз келді.
Коммуникация құралдыры күрделене келе , тек адамды қоршаған ортаны ғана
өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-
əрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған
жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен
одан ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада ХУ ғ. 2-жартысында Иоганн Гуттенберг
өзінің тапқан баспа станогын іске қосты. М.Маклюэн
айтпақшы ,, Гуттенберг
галактикасы,,- баспа ісі- нағыз ақпараттық төңкеріске келіп соқты. «Гуттенберг
галактикасыныңң арқасында тұңғыш көпшілік конвейерлік тауар – басылып шыққан кітап
дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүмкіншіліктерге жол ашты. Жазу-сызуы жоқ
уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тəжірибені ру көсемдерінің зердесі сақтап кейінгі
ұрпаққа жеткізді.
М.Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне байланысты
болатын мəдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында көптеген үйреншікті
мəдени элементтердің жоғалды. Аудио-визуалды кеңістік
кезеңі жаңа қарым-қатынас
құралдарын-телеграфты, радионы, телефонды, теледидарды, компьютерді жəне т.б.
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нəтижесінде баспа өнімдері
жəне мəдениет институттары дағдарысқа ұшырады. Кітапханадан оқушының, театрдан
көрерменнің, əдебиеттен ақын- жазушылардың – күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің
қайтқан кезеңі келді. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады.
Біртұтас электрондық
байланыс біздің планетаны «үлкен ауылғаң айналдырып отыр.
Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның
мəдениетінің көрінісі, өйткені мəдениет таңба, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: